Найзабекова Гульфайруз Абдималиккызы
Оңтүстік Қазақстан облысы,Шымкент қаласы,
№122 Ақжар жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Елбасымыздың жолдауында айтқандай: Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін, заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына жеткізетін – білім. Ғылым мен техниканың күн санап өсуіне байланысты педагогика ғылымының теориясы мен оқыту үрдісі де түбегейлі өзгерістерге ұшырауда. Соған орай оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Орта білім беру мазмұнын жаңарту бүгінгі күннің талабы болғандықтан осы талап деңгейінде жұмыс атқару әр ұстазға жүктелер үлкен міндет, үлкен сын.
Тәжірибеден өткізу барысында бұл бағдарламаның ерекшелігіне көз жеткізе түскендеймін. Соның бірі коммуникативтік төрт дағдыға баса назар аударылуы. Осыған дейін оқылым мен жазылымға аса мән беріліп келсе, жаңа білім беру мазмұнында ең бірінші тыңдалым және айтылымға мән берілуінің қоғамдық қажеттіліктен туындағандығын тәжірибе барысы дәлелдеді. Себебі, тыңдалым дағдысының 6 жастағы балада емес үлкендер тарапында да жетіспейтіні жалған емес. Тыңдалым болмаған жағдайда қалған үш дағдының өз нәтижесін бермейтіндігі айдан анық жағдай. Сондықтан қазіргі күні оқу процесінде оқушылардың тыңдалым әрекетіне дағдылануына баса назар аударып отыру,оқушы бойында тыңдағаны негізінде сөйлесу, пікір білдіру дағдысын қалыптастыруға ықпал етеді.
Жаңа білім беру мазмұнының жақсы бір қыры күнделікті сабақ басталмас бұрын сабақтың мақсатын таныстыру оқушының өз алдына мақсат қоя білуіне, сабақ соңында бүгінгі мақсатқа қол жеткізгендіктеріне қайта шолу жасау арқылы өз іс-әрекетінің нәтижесін саралау мүмкіндігін береді. Барлық пәндерді қамтитын ортақ тақырыптың болуы, сабақтарды кіріктіре өткізуге негізделуі, оқушының белгілі бір тақырыпты жан-жақты қырынан зерттеуіне, өз бетінше тұжырым жасауына ықпал етеді.
Сананы қалыптастыру әдістері. Бала тәрбиелеу оның дүниеге келген сәтінен басталады. Бірақ әлеуметтік тәжірибені саналы түрде меңгеру кешірек қалыптасады. Дұрыс ұйымдастырылған тәрбие тәрбиеленушінің тәрбие барысында қалыптасуға тиіс мінез-құлық ережелерін игеруіне ықпал етеді. Бала белгілі бір қасиеттің мәнін түсінбейінше, оны баланың бойында тәрбиелеу мүмкін емес. Жеке тұлғаның қасиеттерінің мәнін түсіне келе баланың жас ерекшеліктеріне қарай өзіндік көзқарастары, түсініктері, сенімдері, мұрат-мақсаттары қалыптасады. Бұл міндеттерді шешу үшін «Жеке тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері» деген әдістер қолданылады.
Сананы қалыптастыру әдістерінің синонимі — сендіру әдісі арқылы тәрбиеші оқушыға адам мінезіне қойылатын талаптар, еңбектің, басқа адамдармен қарым-қатынастың маңызы туралы айтып, оның дұрыстығына баланың көзін жеткізуге ұмтылады. Баланы жақсы сөз бен іске сендіру үшін мұғалім тілді қолданады. Беделді, мәдениетті, тәжірибелі мұғалімдердің сөзі оқушыға өтімді болады.
Мұғалім оқушылармен әңгімелескенде, олардың ойын тыңдап, онымен санасады, ынтымақтаса жұмыс істеп, адамның мінез-құлқына, жүріс-тұрысына қойылатын талаптарды бұзған оқушылардың іс-қылықтарын талдайды. Әңгімені бастауға себепші болатын балалардың теріс қылықтары.Пікір білдіру, баға беру оқушының дүниеге сенімін арттырып, ондағы қателіктер мен кейбір адамдардың жалған көзқарастарымен күресуге үйретеді.
Бақылау — зерттеу не тексеру әдісі. Бақылау арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. Жоспарда бақылаудың мақсаты мен міндеттері, объектісі, жүргізу әдісі мен жолдары дұрыс көрсетілуі тиіс. Бақылау — сондай-ақ, педагогикалық құбылыстың ішкі процесі жайлы толық мәлімет алу үшін қолданылатын әдістердің бірі. Оқыту процесіндегі Бақылаудың психологиялық, педагогикалық мәні — оқушыларға дер кезінде көмек көрсету; олардың шығармашылық күшіне, қабілетіне сенім білдіру, оқушылардың оқу тапсырмасын нәтижелі етіп орындау үшін ынталандыру, іске жұмылдыру. Бақылаудың бірнеше түрлері бар: тақырыптық Бақылау, тараулар бойынша жүргізілетін Бақылау, қорытынды
Бақылау ,тақырыптық бақылау оқу бағдарламасындағы белгілі тақырыптар бойынша өткізіледі. Сабақтың тақырыбы және әрбір кезеңдері негізінде оқушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны игеруі тексеріледі. Тараулар бойынша жүргізілетін бақылау әрбір тоқсанның аяғында оқу бағдарламасының белгілі тарауын оқып болғаннан кейін өткізіледі. Қорытынды бақылау жыл аяғында өткізіледі. Мұнда тақырыптық және тараулар бойынша жүргізілетін Бақылау нәтижелері есепке алынады. Оқушылардың жыл бойына алған теориялық және практикалық білім деңгейі анықталады.
Оқу-тәрбие үрдісін ғылыми негізде басқару, жалпы оқу үрдісінің көзге көрінбейтін ішкі механизмі болып табылады.
Бұл механизмнің мәнін тек терең жасалған педагогикалық талдаудың нәтижесінде ғана ашуға болады.Бұл тек бар фактілерді жинау ғана емес. Педагогикалық талдау ісі дамыта оқыту арқылы мектепті басқару ісін көздейді. Оқу жылының қорытындысына педагогикалық талдау жасау ісін дамыта оқытудың ең бастысы – талдау (анализ).Бұл-барлық негізгі факторларды зерттеу, өткен оқу жылындағы мектеп жұмысына талдау жасап, кеткен кемшіліктердің себебін анықтау болып табылады.
Оқушылардың оқу жұмысын күнде бақылап отыру. Бұл әдіс арқылы мұғалім оқушылардың төртібін, білімді қалай қабылдайтынын және түсінетінін, тәжірибелік іскерлік және дағдыларға машықтандыру кезінде өз бетімен атқара алатын жұмыстарын, оқуға икемділігін, қызығушылығын, қабілетін, білімді жүйелі алуын қадағалайды. Бақылау мәліметтеріне сүйеніп, мұғалім оқушылардың жеке ерекшіліктерін анықтап, оларды өз жұмысында қолданып, оқушылардың білімдерін дұрыс тексеруге және бағалауға мүмкіндік алады.
Жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша әзірленген 1-сынып «Математика» оқулығындағы шығармашылық тапсырмалар, криптограммалар, «қазынаға апаратын жол», «шаршыдан жасалған құлтемір», «біздің айналамыздағы өлшемдер» тапсырмалары оқушылардың логикалық ойлау қабілетінің қалыптасыуына ықпал етті.
Ауызша сұрау оқушылардың білімін тексеріп бағалау үшін жиі қолданылады. Бұл әдіс арқылы мұғалім оқушыларға оқылған материал бойынша сұрақ беріп, жауаптарын бағалап, материалды қаншалықты деңгейде түсінгендерін анықтайды. Жазбаша сұрау бастауыш мектепте сирек қолданылады, 1-сыныптың алғашқы жарты жылында ол мүлдем қолданылмайды, себебі оқушылар әлі жазуға дұрыс үйренген жоқ. 2-3 сыныптарда жазбаша әдіс арқылы білімді тексеру жиі қолданылып, жалпы білім беретін мектептің негізгі және жоғары сатыларында білімді тексерудің негізгі әдістерінің біріне айналады. Бақылау жұмысының алдында мұғалім оқушылардың оқылған материалды меңгергенін анықтау мақсатымен жазба жұмыстарын жүргізеді. Егер оқушылар тақырыпты не бөлімді жақсы меңгермесе, онда бақылау жұмысы жүргізілмейді, оқу материалын меңгерту бағытында еңбектенеді.
Оқу жылдамдығын дамыту дегенімізді –ғалымдардың «шапшаң оқу» деген терминге берген анықтамасымен байланыстыруға болады. Жылдам оқу дегеніміз – текстегі сөздерді қалай болса, солай бастырмалатып немесе сөздердің ара жігін айырмай оқу емес. Бұл – оқығанды түсінетіндей қалыптағы шапшандықпен оқу. Оқушы – кішкентай оқырман.
Жылдам оқудың жай оқудан өзіндік маңызы бар екенін білеміз. Жылдам оқитын, «оқырман» мәтіннің құрылымы мен маңызына тез бойлап, оның мағыналық бөліктерін пайымдап, салыстыра алады. Жылдам оқудағы негізгі мақсаты- ақыл – ой әрекетінің тиімді әрекетін жүзеге асыру болып табылады. Төменде жай оқушы мен жылдам оқушының ақыл – ой әрекетінің салыстырмалы сипаты көрсетілген.
Жылдам оқудың тағы бір түрі –сыныпты дауыстап оқыту және жұппен дауыстап оқыту. Мұндай жұмысты орындатқанда жеке- жеке тақтаға шығарып, мәтін беріп дауыстап оқу арқылы оқушының оқу жылдамдығын бақылаймын. Жылдам оқуға оқушыларды жүйелі түрде күнбе –күн оқыту арқылы ғана дағдыландыруға болады. Жылдам оқу оқушылардың сөйлеу мүшелерінің жетілуіне де байланысты. Бұл ретте оқушыларға мәтінді хормен де, жеке- жеке оқытып көремін. Айтылуы қиын жаңылтпаштарды қайта-қайта айтқызамын. Ол әрі дұрыс оқуға, әрі жылдам оқуға септігін тигізеді
Оқушылардың үй жұмысын тексеру – бастауыш мектептегі негізгі әдістердің бірі. Күнбе-күнгі тексеру жақсы нәтиже береді. Бұл әдіс арқылы мұғалім меңгерілген білімнің сапасын бақылап, оқушылардың біліміндегі кемшіліктерді анықтап, келесі сабақтардың жоспарларына түзету енгізеді. Дәстүрлісі және тиімдісі – оқушылардың үй жұмыстары орындалған дәптерлерді тексеру. Оқу үлгерімі нашар оқушылардың дәптерлерін үнемі тексеріп, жақсы оқитын оқушылардың дәптерлерін кейде тексеруге болады. Кейде сабақтың соңында үй жұмысын тез тексеруге болады, ол үшін оқушылар жаттығу жазып, немесе шағын өздік жұмыс орындап жатқан кезді пайдаланған дұрыс. Оқушылар тек дұрыс жауапты айтады, мұғалімнің қате жауаптарды талдауға уақыты жетпейді. Сондықтан осындай тексеруден кейін нашар оқушылармен жұмыс істеледі. Білім мен дағдыны бақылау мен бағалаудың маңызы мен міндеттері. Оқушылардың оқу материалын меңгергенін тексеру және бағалау – оқыту нәтижелерін бақылау, оқу процесінің әр түрлі кезеңіндегі оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқару.Білімді тексеру және бағалау оқушының білім алуына көмектесіп, оның және мұғалімнің білім сапасы жөнінде сандық мәлімет береді. Мұғалім оқушының білім деңгейінен хабар алып, оның танымдық жұмысын ұйымдастыруға негіз жасайды, Білім және ғылым министрлігі оқушылардың білімдерінің сапасын, мектеп және мұғалімдердің жұмысының жетістіктерін және кемшіліктерін білу үшін бақылау және тексеру жұмыстарын береді. Ойымды қорта келе бастауыш сыныпты оқыту дағдысы оқу дағдыларының бастауы, сондықтан бастауыш сынып мұғалімдеріне екі есе еңбектену қажет,мұғалім тек дайын білімді беруші, жеткізуші емес, ол –оқушылардың оқуына, дамуына көмектесуші, ол – ақпарат көзі емес, ойлау әрекетін ұйымдастырушы. Мен болашақта жұмысымды әрі қарай ізденіс пен шығармашылыққа негіздеп, дамыта бермекпін.