КОНКУРС

Бала дағдысы басты мәселе

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы
122 Ақжар жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні
мұғалімі Байзакова Улжан Байжановна

Адамзат тіршілігіндегі ең қиын және ең маңызды іс – жеке тұлғаны өсіріп жетілдіру. Бір адамның жетілуінде көптеген факторлардың әсері болады. Бұлардың ішінде ең маңыздылары: жанұя, қоршаған орта, оқу орны және бұқаралық ақпарат құралдары. Әлемдегі барлық мемлекеттер өз болашағын қолдарына ұстаған жастарының әділ, еңбекқор, көркем мінезді, табысты, мәдениетті, қоғамға пайдалы, отанын сүйетін, білікті және ел құндылықтарын қадірлей білетін адам ретінде қалыптасуын мақсат етеді. Сондықтан осы жолда барлық күш-жігерін жұмсайды. Мұны жүзеге асыра алған елдердің ұрпақтары басқа да қиыншылықтарды жеңіл әрі жылдам жеңетіндігіне көз жеткізіп отыр. Өйткені барлық тіршіліктің басы адамзаттан басталған. Адамның жақсы өсіп жетілуі үшін ешбір шығыннан және қиыншылықтан қашпағандар жетістіктің шыңына көтерілді. Қазіргі білім беру саласындағы өзгерістер де болашақ ұрпақ үшін жасалуда. Білім ала отырып жан-жақты дағдыларын дамыта білген шәкірттеріміздің болашағы жарық, еліміздің терезесі тең болары сөзсіз.

Білім беру барысында ұстаздарға әрбір әректті, әрбір тапсырманы дағдысын дамытуға бағыттап жүргізу міндеттеліп отыр. Осы орайда жалпы дағды сөзіне кеңірек тоқталып кетуді жөн көрдім. Дағды — автоматты түрде жасауға дейін жеткізілген әрекет; көп рет қайталау жолымен қалыптасады. Оқыту процесінде, әсіресе, жалпы оқу дағдыларын, пәнаралық мәндегі, жазу дағдыларын қалыптастыру қажет.

Дағды — алғашқыда саналы орындауды қажет ететін іс-әрекет бөліктерінің қайталап жаттығудың нәтижесінде автоматталынуын дағды деп атайды. Дағды санасыз қайталау нәтижесінде де қалыптасатын іс-әрекет болуы мүмкін. Соның нәтижесінде ол автоматталған әрекетке айналып, оңай, шапшаң әрі дәл орындалып отырады. Дағдының физиологиялық негізі — динамикалық стереотип. Мысалы, алғаш жазып үйрене бастаған бала бастапқы кезде өзінің барлық қозғалыстарын санасымен бақылап, көптеген артық қимылдар жасайды біраз қинаһлады. Ал жазуға төселген адам өз қозғалыстарын байқамайды, оның орнына жазған нәрсесінің мазмұнына ерекше зейінін бөледі. Өйткені, бұл әрекеттен кейін жазу дағдысы қалыптасады.

Дағды жаттығу процесінде қалыптасады. Оны қалыптастыру үшін жай қайталау жеткіліксіз, оган арнайы жаттығу қажет. Айтар болсақ сауатты оқуға дағдылану үшін түрлі оқу әдістерін өн бойынан өткізіп машықтану керек. Сол секілді жазылымға дағдылану үшін жазу әдістерінің түрлерін сынатып, меңгерту қажет.

Кез келген қайталаудан жаттығу шыкпайды. Мәселен, адамның нашар жазуы, көп қайталағанмен түзелмейді. Себебі, жазылым дағдысының дәрежесін анықтап жүйелеп барып машықтандыруға болады. Жаттығу жөнінде белгілі қағидаларды білмей, дағдыны қалыптастыру сонымен қатар қандай дағдыға болса да машықтану қиын.

Оқушының дағдыға машықтана алуында төмендегі белгілер көрсете алады.

Оқушы бойына дағдының ойдағыдай қалыптасуы, оның нәтижесі мен мұғалімнің үнемі біліп отыруына байланысты. Дағдыны қалыптастырудың нәтижелігі жазылымға кеткен уақыттың шектелуінен, орындау сапасының жақсаруынан, қателердің болмауынан, еркінен тыс орындаудың жойылуынан көрінеді. Мысалы,қолданған әдісті қайталап орындаған сайын адам өзінің жетістігі туралы, орындауда кеткен кемшіліктерді сезгендігі туралы, жіберген кателері туралы есеп берсе, келесі жаттығуларда дағды бұрынғысынан гөрі шапшаңырақ дамитын болады. Дағдыланушы оқушы жазылымға біртіндеп кіріссе, жазылымның уақыт дұрыс бөлінсе, үзілістер жасап отырса, үйрену әдістерін жетілдірсе, үйренуге белсене кіріссе, үйренетін дағдысының өзіндік ерекшеліктерін білсе, дағды нәтижелі болумен қатар тез қалыптасып, соңынан берік орнығатын болады.

Жазылым дағдысының ойдағыдай қалыптасуына кедергі келтіретін түрлі себептерді білудің маңызы зор. Жазылым барысында оқушылардың жазу деңгейлерінің әр түрлі болуы айтарлықтай кедергі келтіретінін байқау қиын емес. Мысалы,жазу дағдысы қалыптасқан оқушы мен машықтанушы оқушының тапсырмасы талаптары бірдей болса, машықтанушы оқушының құлшынысы төмендейді. Сонымен қатар жазылым барысында оқушыға жағдай жасап, мүмкіндік беру қажет сонда жазу дағдысы тезірек қалыптады.

Емле ережелерін жақсы білетін оқушы диктант жазған кезде, сол ережелерді әдейілеп еске түсіріп отырады. Мүндай жағдайда оның дағдысы бүзыла бастайды, өйткені тез жаза алмайды, кібіртіктей береді. Бұл оқушының осы дағдыны тек бір жолмен үйренгендігін көрсетеді. Сондықтан да жазылымның тапсырмалары әр түрлі болғаны жөн. Мысалы критериі дұрыс қойылған еркін жазу өте қолайлы Егер оқушы жазу әдістерін білсе, үйренгенін ретімен қолдана да біледі. Оқушының дағдыларын дамытуда оған әуелі жақсы үлгілер көрсетіп, сонан кейін оны жаттықтыра бастаған дұрыс нәтиже береді.

Оқушының мектепте оқуы оның дағдыларының белгілі жүйемен дамып отыруына мүмкіндік туғызады. Мүғалім балаға жазу, оқу,айту, тыңдау сияқты күрделі дағдыларды үйрете бастайды. Осы аталған дағдыларға дағдыландырудың бастапқы жолы жаттығу жүмыстарынан басталады. Жаттығу жүмыстарында ережелер түсіндіріледі. Бүдан кейін бала ережені іс жүзінде қолдана білуге үйренеді. Іс-жүзінде сынап көруге де дағдыландыру керек. Мүғалім сан алуан әдістер мен арнаулы жүйелердің ең тиімді дегендерін таңдап, оны бала дағдысын қалыптастыруға қолданады. Мүғалімнің бар шеберлігімен өнерін салатыны да осы жер. Өйткені дағдының ірге тасы дүрыс қаланса, соғүрлым жақсы, тыңғылықты бекитін болады. Баланың ережені жақсы түсіне алуы, іс-жүзінде қателеспей пайдалануы дағдының орныға бастағанының белгісі. Енді осы айтылғанды мысал арқылы түсіндіріп көрейік. Мүғалім балаға жазылымның жеке элементтерін қалай жазу керек екендігін егжей-тегжейіне дейін айтады. Кейін мұны балалардан сұрайды. Олар мұны қалай жазатындығын айтып ережені қайталайды. Бала осы жазылымның элементтерін жазуға кіріседі. Бұл аса жауапты кезең болып есептеледі. Осы кезеңде мұғалімнің көмегі аса қажет. Бұл кезең — білімді іс-жүзінде көрсете алу кезеңі деп аталады. Жазылымның жеке элементтерін жаза алу баланың өз бетімен саналы әрекет жасай алуының көрінісі. Бірнеше рет қайталап жаттығудың нәтижесінде бала жазылымның жеке элементтерін біріктіреді де одан бір тұтас етіп шығарады. Сөйтіп, оқушы осы жазылымды жазу дағдысын меңгереді. Оқушы дағдыларының қалыптасу жолы өте күрделі. Мәселен, оқу дағдысы дыбыстан буынға, буыннан сөзге, сөзден сөйлемге, жай сөйлемнен құрмалас сөйлемге дейін жетеленіп ауысып отыруы секілді ұзақ әрекетті қажет етеді. Мүғалімдері оқушылардың оқу, жазу, айту, тыңдау дағдыларымен бірге жалпы еңбек дағдыларын да әрбір баланың дара ерекшеліктеріне қарай қалыптастырып отырады. Оқушыларды дағдыландырғанда мүғалімнің ұйымдастыру әдістемелері артуы, балалардың қатесін үнемі сезе біліп, жөндеп отыруы, олардың алдына мақсатты айқын етіп қоя алуы, оқушылардың білім нәтижесін дүрыс бағалауы, қатаң талап қоя білуі, бастаған істі аяқтатып үйренуі маңызды қызмет атқарады.

Мектеп дағдыларының көпшілігін оқушының мінез-құлқы мен ақыл-ой әрекетінің түрақты әдеттеріне айналдырып отыру, мүғалімнің білім беру жүмысындағы басты міндеттерінің бірі. Дағыға тәрбиелеуде ата-аналар мен мұғалімдер арасында бірыңғай талап болмайынша істің оңға басуы қиын болады.

Мұғалім мектеп оқушысына қажетті дағдыларды алдымен олардың ата-аналарына түсіндіргені дүрыс. Ойткені, кез келген ата-ана мектептегі дағдылар мен әрекеттерді қалайша қалыптасып отыратынын біле бермейді. Мәселен, оқушыларды күнделікті машықтандыру жөнінде мүғалім ата-аналарға кеңес бергенде тиянақты әрекет жоқ баланың үйқысы, демалысы да бірқалыпты болмайтындығы дағдының қалыптасуына кдергі болады. Оқушының дағды, әдеттерінін, даму дәрежесі біркелкі болмайды. Ол әр оқушыда әр түрлі дамып отырады. Сондықтан мүғалім бүлардың әрқайсысына жеке назар аударып, жеке бақылап отырмайынша, әдеттерінің дүрыс жақтары мен теріс жактарын ажыратпайынша, оқушылардың білімін әділ бағалай білмейінше, дағды, әдет тәрбиесі ойдағыдай іске аспайды.

Мүғалім жеке окушылардың басында кездесіп отыратын кері әдеттерді дер кезінде көре біліп, оған бүкіл сынып ұжымының назарын аударып, қателіктерге қоғамдық пікір туғызғаны жөн. Әдеттерді тәрбиелеу баланың жеке басын, әсіресе, оның ерік-жігер сапаларын тәрбиелеумен қатар жүргізілуі тиіс. Ұстамдылық, өзін-өзі меңгере алу, мақсатқа ұмтылғыштық сияқты жақсы қасиеттердің қалыптасуы, баланың кейбір ұнамсыз әдеттерден арылуына жәрдемін тигізеді.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.