ТУЛЕУШОВА АРАЙЛЫМ РАХЫМГАЛИЕВНА
БҚО, Орал қаласының білім бөлімінің бастауыш сынып әдіскері.
№ 34 мектеп-гимназиясында бастауыш сынып мұғалімі
Мұғалім қандай болса, мектеп те сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім. Ахмет Байтұрсынов
Бүгінгі таңда Қазақстанда білім берудің деңгейі мен сапасына жаңа талаптар қойылып отыр . Қазақстан Республикасында соңғы жылдары білім беру саласындағы жүргізіліп жатқан реформалар еліміздегі білім беру сапасының әлемдік деңгейге сәйкес келуін қамтамасыз ету, сол арқылы әлемдік сұранысқа жауап бере алатын мамандарды даярлау және бәсекеге қабілетті білім беру болып табылады. Еліміздің басшысы Н.Ә.Назарбаев қазақстандық мұғалімдердің кәсіби даму саласындағы жаңа көзқарасы олардың педагогикалық өміріндегі қосымша оң өзгерістер енгізуге мүмкіндік беруде. Білім сапасын көтеру мақсатында түрлі жаңалықтарды мектеп өміріне енгізіп жүрміз. Жаңа заманның білімді ұрпақтарын тәрбиелеп оқытуда түрлі қиындықтар кездеседі. Соның жолдарын іздеуде көптеген іс- тәжірибелер жасаудамыз.
Білімнің сапасын көтерудің қазіргі таңда жолдары көп. Ең бастысы білімді де білікті, ұшқыр ойлы шығармашылық қабілеті мол ұстаздың шәкіртімен бірлесе еңбек етуі талап етіледі.
Білім сапасы дегеніміз – мектепте білім алып отырған шәкірттің немесе мектеп бітірушінің білім алу арқылы әзірлігінің сапасы мен білім беру қызметінің сапасын қамтитын түсінік.
Сапалы білім беру – оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үдерісі. Қазіргі кезде білім берудегі мақсат жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім өзіндік ой- талғамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.
Білімнің жаңа мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар қажет – ақ. Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен.
Педагогикалық технология – мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер жиынтығы. Педагогикалық технологиядағы басты міндет – оқушының оқу-танымдық әрекетін жандандыра отырып, алға қойған мақсатқа толықтай жету. Ал бұдан педагогикалық технологияның тиімділігі шығады.
ХХІ ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты адамды қалыптастыруда білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында. Осы тұрғыда мұғалімге білім берудің тиімді жолдарын қарастыру, таңдай білу еркіндігі тиіп отыр.
Бастауыш мектеп оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы екені баршанызға белгілі.
Инновациялық технологияларды қолдану арқылы бастауыш мектептігі білім сапасын арттыру:
• Әр сабақта интерактивті әдістерін қолдану;
• Әр оқушының психологиялық ерекшеліктерін ескеру;
• Міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, мүмкіндік деңгейлерін ашу;
• Инновациялық технологияларды сынау арқылы тиімділігін арттыру, мектеп жағдайына бейімдеу;
Бастауыш сынып мұғалімдері өз сабақтарында оқушылардың тілін дамытуда, өздік жұмыс жасау, өз дағдыларын қалыптастыруда өз ойларын еркін жеткізе алуға баулуда.
Қазіргі заман талабының өзі оқушыны 1-орынға қою, яғни мұғалім сабаққа бағыт беруші болып, оқушы алдын-ала берілген тапсырмалар арқылы сабақ түсіндіріп, өздік, өзіндік талдау жасап, бірін-бірі бағалап, өз ойларын толық жеткізіп, білім беруші рөлін алады. Осы заманғы білім беру ісінің өзекті мәселесіне оқушыларға түсетін ауыртпалықты жою, олардың бойында оқуға деген қызығушылықты, белсенділік пен өз бетінше жұмыс істеу қабілеттерін арттыру жатады.
2017 жылында бастауыш сыныптың әдістемелік бірлестігі «Жаңартылған білім беру мазмұнын ендіру жағдайында педагогтардың кәсіби құзіреттілігін арттыру» тақырыбы бойынша жұмыстанды.
Мақсаты: «Бастауыш сынып мұғалімінің жаңа ұғымдағы білім сапасын жобалау және қамтамасыз ету қабілетін анықтайтын кәсіби-тұлғалық құзіреттілігін қалыптастыру».
Қойылған мақсаттыорындау үшін төмендегі міндеттер қабылданды:
Бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби даярлық негізі – педагогикалық
құзырлықты қалыптастыру және дамыту;
Жаңа педагогикалық ақпараттық, денсаулық сақтаушы технологияларды
енгізу және әдістемелік жетелеу;
Жаңартылған білім беру мазмұнына көшу жұмыстарын оқу-әдістемелік
жағынан күшейту;
Бастауыш мектептегі білім мен тәрбиенің жүйесін ғылыми-әдістемелік
қамтамасыз ету және дамыту;
Экспериментальды бағытта жұмыстанатын мектептердің тәжірибелерін
сараптауды жалғастыру;
Жас мұғалімдермен, тәжірибелі мұғалімдермен жүргізілетін әдістемелік
жұмыстың деңгейін көтеру және озат тәжірибені таратуды жалғастыру;
Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстардың әдістері мен түрлерін
жетілдіру;
Төмен көрсеткіш көрсеткен мектептермен әр пән бойынша жеке әдістемелік
жұмыстарды ұйымдастыру
Әдістемелік бірлестіктің жұмысы төмендегі жұмыс бағыттары бойынша жүзеге асты:
Педагогтарды оқытудың жаңа моделіне көшуге, тәжірибелерге қатысуға
дайындау (12 жылдық білім беру, тәжірибелік жұмысты жандандыру)
- Жалпы орта білім берудегі сабақтастық принципін іске асыруды әдістемелік қамту
-
Дарынды балалармен жұмыс жүйесін әдістемелік басқару
-
Педагогтарды аттестациялауда әдістемелік қызметтің функцияларын жүзеге асыру
-
Жас мамандардың жұмысына бағыт-бағдар беру
-
Инновациялық үрдістерге қолдау мен әдістемелік көмек
-
Педагогикалық ғылым мен практика жетістіктерін анықтау және тарату, білім беру мекемелерінің жұмысына озат педагогикалық тәжірибені енгізу.
Бастауыш сынып мұғалімдерінің сапалық құрамы
2017 оқу жылында қала мектептерінде 809 бастауыш сынып мұғалімдері жұмыстануда. Жоғары санатты – 86, І санатты – 292, ІІ санатты -253, санатсыз – 178 мұғалім. ) Қазіргі таңда бастауыш сыныпта деңгейлік курстан өткен 208 мұғалім отыр. Олардың 15-1 деңгей, 19-2 деңгей, 174-3 деңгей.
Соңымен қатар жаңартылған білім бағдарламасы бойынша оқитын сыныптардағы 1 сыныптарда 218 мұғалім, 2 сыныптарда 215 мұғалімнің барлығы толықтай курстан өтті.
Қала көлемінде ұйымдастырылған семинарлар
2017 жылы қала көлемінде бастауыш сынып мұғалімдерінің шеберліктерін шыңдап, тәжірибе алмасу бағытында жоспарлы ОТМ, ЖҰМ мен семинар – практикумдар ұйымдастырылды.
«Озат тәжірибе мектебі» бойынша жалпы 18 семинар –практиум жоспарға сай өтті.
«Жас мамандар мектебі» жетекшілері Ж.Ихласова мен Е. Шестяева тағайындалды. Жалпы 17 семинар –практиум жоспарға сай өтті.
2017 жылы қала мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдеріне семинар – практикумдар №20, №45, №17, №21, №43, №31, Круглоозерный, №7, №32, №42, №10, №30, №46, №25, №3 мектептер базасында ұйымдастырылды. Жалпы 16 семинар –практиум жоспарға сай өтті.
Іс-тәжірибе тарату жұмыстары
2016-2017 оқу жылында Республика көлемінде — 234 , облыс көлемінде-58, қала көлемінде – 27 мұғалімнің жұмыстары газеттер мен журналдардың бетінде жарық көрді. Барлығы – 319 жұмыс.
Мұғалімдермен өткізілген шаралар
Орал қаласының білім беру бөлімінің жоспарына сәйкес қала мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдерімен әртүрлі байқау, олимпиадалар ұйымдастырылды. Жеке – жеке тоқталатын болсақ:
Ағымдағы жылдың 24 ақпанында №47 жалпы білім беретін орта мектеп базасында бастауыш сынып мұғалімдерінің олимпиадасы өткізілді.
Орал қаласының білім беру бөлімінің 01.02.2017 ж №59-Ө бұйрығы негізінде жалпы білім беретін орта мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері арасындағы «Бастауыш сынып мұғалімдері» олимпиадасының қорытындысы төмендегідей:
І орын — №17 ЖББОМ бастауыш сынып мұғалімі Шестяева Е.А.
ІІ орын – 2 мұғалім , ІІІ орын – 3 мұғалім
«Алғыс хат» — 6 мұғалім алған
Олимпиадаға №4, 5, 6, 7, 14, 18, 23, 33, 39 бен Серебряков ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімдері қатыспады.
Ал ағымдағы жылдың 30 наурызында №30 жалпы білім беретін орта мектеп базасында «Бастауыш сынып мұғалімдерінің үздік бейне сабақтары» сырттай байқауы өткізілді.
Орал қаласының білім беру бөлімінің 16.03.2017 ж №188-Ө бұйрығы негізінде жалпы білім беретін орта мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері арасындағы «Бастауыш сынып мұғалімдерінің үздік бейне сабақтары» сырттай байқауының қорытындысы төмендегідей:
І орын – №19 ЖББОМ бастауыш сынып мұғалімі Жакина Ж.Б.
ІІ орын – 2 мұғалім, ІІІ орын – 2 мұғалім және 2 мұғалім «Алғыс хат» алды
«Бастауыш сынып мұғалімдерінің үздік бейне сабақтары» сырттай байқауының жеңімпазы №19 ЖББОМ бастауыш сынып мұғалімі Жакина Ж.Б. сабағы облыстық байқауға жолданып, облыстық байқаудан жүлделі ІІ орынды иеленді. Бұйрық №309, 24.04.2017 ж.
Жаңартылған білім беру мазмұны аясында ағымдағы жылдың 26 сәуірінде №6 жалпы білім беретін орта мектеп базасында «Ең үздік қысқа мерзімді жоспарлар топтамасы — 2017» сырттай байқауы өткізілді.
Орал қаласының білім беру бөлімінің 06.04.2017 ж №243-Ө бұйрығы негізінде жалпы білім беретін орта мектептерінің 1 сынып мұғалімдері арасындағы «Ең үздік қысқа мерзімді жоспарлар топтамасы-2017» сырттай байқауының қорытындысы төмендегідей:
І орын – №45 ЖББОМ бастауыш сынып мұғалімі Сембаева А.М., ЭБМГ бастауыш сынып мұғалімі Нагметова С.С.
ІІ орын – 2 мұғалім, ІІІ орын – 2 мұғалім және 3 мұғалім алғыс хат иеленді
«Ең үздік қысқа мерзімді жоспарлар топтамасы — 2017» сырттай байқауының жеңімпаздары №45 ЖББОМ бастауыш сынып мұғалімі Сембаева А.М. мен ЭБМГ бастауыш сынып мұғалімі Нагметова С.С. жоспарлары облыстық байқауға жолданды. Облыстық байқаудан №45 ЖББОМ бастауыш сынып мұғалімі А.М.Сембаева жүлделі ІІ орынды иеленді.
Сонымен қатар қала мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері «Өрлеу» ОПКБЖжҚДИ және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Орал қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығының филиалымен бірлескен шаралар мен байқауларға қатысып, өз шеберліктерін шыңдап отырады. Атап айтсақ, ағымдағы жылдың мамыр айында Солтүстік Қазақстан облысы «Өрлеу» ОПКБЖжҚДИ филиалы ұйымдастырған «Болашағы мол бастауыш мектеп» халықаралық әдістемелік ұсынбалар байқауының «Әдістемелік жинақ» бағыты бойынша №25 ЖББОМ бастауыш сынып мұғалімі Пиунова Ирина Николаевна мен «Қысқа мерзімді жоспарлар» бағыты бойынша №36 ЖББОМ бастауыш сынып мұғалімі Макаримова Гаухар Аблаевна қатысып, жүлделі ІІ орынды жеңіп алды. Ал «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Орал қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығыныңқолдауымен«Үздік сындарлы сабақ» республикалық байқауына №36 ЖББОМ бастауыш сынып мұғалімі Макаримова Гаухар Аблаевна қатысып, жүлделі І орынға ие болды.
Бастауыш сынып оқушыларымен өткізілген сайыстар мен байқау, олимпиадалар қорытындысы
Сайыстың атауы | Сыныбы | Жүлделі орындар | |||
І орын | ІІ орын | ІІІ орын | Алғыс хат, номинациялар | ||
Қазақ тілі олимпиадасы | 3 сынып | 1 | 2 | 3 | 3 |
Қазақ тілі олимпиадасы | 4 сынып | 1 | 2 | 3 | 3 |
Орыс тілі олимпиадасы | 3 сынып | 1 | 2 | 2 | 4 |
Орыс тілі олимпиадасы | 4 сынып | 1 | 2 | 3 | 3 |
Дүниетану олимпиадасы | 3 сынып | 1 | 2 | 3 | 11 |
Дүниетану олимпиадасы | 4 сынып | 1 | 2 | 4 | 8 |
Математик аолимпиада | 3 сынып | 1 | 4 | 3 | 8 |
Математика олимпиада | 4 сынып | 1 | 4 | 2 | 8 |
Ғылыми жобалар сайысы | 4 сынып | 1 | 2 | 3 | 8 |
Мәнерлеп оқу сайысы І бағыт | 3 сынып | 1 | 2 | 2 | 5 |
Мәнерлеп оқу сайысы
ІІ бағыт |
3 сынып | 1 | 2 | 3 | 11 |
«Үздік эссе» байқауы | 4 сынып | 1 | 2 | 3 | 10 |
«Intel-logic» логикондар, 130оқушы
логикалық есептер, софизмдер шешу интеллектуалды турнирі |
2, 3, 4 сынып | 3 | 5 | 13 | 23 |
Мазмұндамалар сайысы 45 оқушы | 4 сынып | 2 | 4 | 6 | 6 |
Мәнерлеп оқу сайысы 45 оқушы | 3 сынып | 1 | 2 | 6 | 7 |
«Қыс кереметі” қолөнер сайысы 45 | 2 сынып | 1 | 2 | 3 | 9 |
Сонымен бірге қала мектептерінің бастауыш сынып оқушылары облыстық сайыстарда да жақсы нәтижелерге қол жеткізді. 2017 жылдың сәуір айында «Дарын» қосымша білім беру орталығының базасында XIV облыстық «Intel — junior — 2017» атты бастауыш сынып оқушыларының олимпиадасы ұйымдастырылды. Бұл олимпиадаға қалалық математика, қазақ тілі және дүниетану пәндік олимпиадалар қорытындысы бойынша жүлделі орындар иеленген оқушылардан бір топ құрылып қатыстырылды. Олар: Гумарова Алина -№44 МГ 4 сынып оқушысы; Майкенова Ляззат — №20 ЖББОМ 4 сынып оқушысы; Гумарова Дария — №21 ЖББОМ 4 сынып оқушысы; Мэлс Гаухар — №44 МГ 3 сынып оқушысы; Косых Илья — №7 ЖББОМ 4 сынып оқушысы; Брындин Семен — №3 ЖББОМ 4 сынып оқушысы; Наумова Юлия — №16 ЖББОМ 4 сынып оқушысы; Бронза Ярослав — №17 ЖББОМ 4 сынып оқушысы. Олимпиада математика, жаратылыстану, тіл және әдебиет, эрудит бағытында өткізілді. Олимпиада қорытындысы бойынша №44 мектеп –гимназиясының оқушысы Мэлс Гаухар жаратылыстану бағыты бойынша ІІ орынды, №21 ЖОББ мектептің оқушысы Гумарова Дария гуманитарлық бағыт бойынша ІІІ орын, эрудит бағыты бойынша ІІ орынға, №17 ЖОББМ оқушысы Бронза Ярослав орыс тілі бойынша І орынға, №3 ЖББОМ оқушысы Брындин Семён жаратылыстану бағыты бойынша ІІ орынға және орыс тілінен «Алғыс хат», №16 ЖОББМ оқушысы Наумова Юлия орыс тілі пәнінен «Алғыс хатқа» ие болды. Бұл бастауыш сынып мұғалімдерінің еңбегі деп білемін.
Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқу жылының қорытындысы
2016 — 2017 оқу жылының басында Орал қаласы білім беру ұйымдарында жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу бойынша жылдық жұмыс жоспары құрылып, жоспарлы жұмыс жүргізілді. Сонымен бірге жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу барысында қаланың бастауыш сынып педагогтарымен де түрлі мазмұнды жұмыстар атқарылды.
Бастауыш сыныптар бойынша қалалық әдістемелік кабинет жанынан жаңартылған білім мазмұны шеңберінде жұмыстанатын тәжірибелі педагогтер мен пилоттық мектеп мұғалімдерінен шығармашылық топ құрылып, оқу жылы барысында кездескен қиыншылықтарды талдап, педагогтарға әдістемелік көмек беріп отырды.
2016 — 2017 оқу жылында қала мектептерінің 1 сынып мұғалімдері 100% жаңартылған білім беру мазмұны бойынша курстан өтті.
2016 — 2017 оқу жылында 1 сынып оқушылары ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 6 мамырдағы №309 бұйрығымен бекітілген Сауат ашу / «Атамұра» баспасы/, Математика, Жаратылыстану, Дүниетану / «НЗМ» ДББҰ/, Орыс тілі, Көркем еңбек / «Алматыкітап» баспасы/ оқулықтарымен 100 % қамтылды.
Жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу барысында 1 сынып педагогтары төмендегідей құжаттарды басшылыққа алып жұмыстанды:
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі №327 қаулысымен бекітілген
Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
«ҚР-дағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу
жоспарларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 15 шілдедегі №453 бұйрығы;
- ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 8 сәуірдегі №266 бұйрығымен бекітілген бастауыш білім берудің жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламалары;
ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 6 мамырдағы №309 бұйрығымен бекітілген оқу басылымдары;
ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 3 қыркүйектегі №11-2/389 «5 күндік оқытуға көшу және сабақ кестесін жасау» әдістемелік ұсынымдамасы;
«2016 – 2017 оқу жылында жаңартылған білім беру мазмұны аясында жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарында білім алушылардың оқу жетістіктеріне критериалды бағалау өткізудің тәртібі» туралы 2017 жылғы 10 ақпанында ҚР Білім және ғылым вице – министрі Э. Суханбердиеваның бекітуімен нұсқаулық хаты.
Жоғарыда аталған құжаттарды басшылыққа алып, БҚО ББ ОӘК бірлесе ұзақ мерзімді жоспар (ҰМЖ) мен орта мерзімді жоспар (ОМЖ) негізінде тақырыптық күнтізбелік жоспар және қысқа мерзімді жоспардың (ҚМЖ) үлгісі жасақталып, қала мектептеріне таратылды.
Оқу жылы барысында педагогтар сабақтарына кажетті ресурстарды Академия сайтынан (www.nao.kz), «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ ресми сайтынан (nis.edu.kz) және smk.edu.kz сайтынан алынған материалдарды пайдаланды. Пәндер бойынша сабақ барысында қалыптастырушы бағалау, бағдарламаға сәйкес барлық пәндерден бөлім, тарау аяқталғаннан кейін жиынтық бағалаулар өткізіліп, оқушы портфолиосына жинақталды. Бөлім/ортақ тақырыптар мен тоқсандық жиынтық бағалау қорытындылары білім алушылардың нәтижелерін тіркеудің электрондық журналына қойылды.
Жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу мақсатында қала мектептерінде бір жыл бойы тренинг, оқыту семинарлары, коучингтер, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды. Атап айтсақ,№1 ЖББОМ базасында «Жаңа әдіс – тәсілдер арқылы оқу белсенділіктерін арттыру», №36 ЖББОМ базасында «Оқу мен оқытудағы жаңа қадамдар: ізденіс және тәжірибе» мен «Критериалды бағалау ерекшеліктері мен проблемалары» тақырыбындағы семинар-практикумдар. Сонымен қатар Ж.Досмұхамедов педагогикалық колледждің студенттері мен ұстаздарына №36 ЖББОМ бастауыш сынып мұғалімдері «Жаңартылған білім мазмұны ерекшеліктері» тақырыбында семинар өткізді.
Жыл бойына апробация шеңберінде №36 ЖББОМ-і Назарбаев Зияткерлік мектептері мамандарымен бірге «Критериалды бағалау»,«Бастауыш сынып мұғалімдері мен ата-аналарына өткізілетін сауалнамалар түрлері» семинар- тренинг, «Бастауыш сынып мұғалімдерінің сабақтарында белсенді оқыту әдістерін тиімді қолдану бойынша» семинарлар өткізді.
Биылғы оқу жылында №36 ЖББОМ-тің 2 апробация сыныптары екі рет диагностикалық тесттен (кіру және шығу) НЗМ қадағалауымен өтті. Оқушылар 100% білім сапасын көрсете алды. Жыл бойы бағдарламаға сай техникалық карталар сынып жетекшілері, мектеп психологы, медбикесі, мектеп директорының орынбасары, мектеп директоры және ата-аналар және оқушылармен сауалнамалар жүргізілді. 1-сыныптар «Жаңартылған білім беру мазмұны аясындағы» жаңа бағдарламалар бойынша екі рет сауалнамалар берілді. ҚР Білім және Ғылым министрлігі нұсқаулығымен 1,2-сыныптардың сабақ беру тәсілдері және оларға әдістемелік көмекпен қолдау көрсетілді. Апробациялық үш сынып өз жұмысын әрменқарай жалғастыруда.
Қала көлемінде жаңартылған білім беру мазмұны бойынша «Ең үздік бейне сабақ», «Ең үздік қысқа мерзімді жоспарлар топтамасы – 2017» сайыстары ұйымдастырылып, сайыс жеңімпаздары облыстық байқауға жолдама алды. «Ең үздік бейне сабақ» байқауының жеңімпазы №19 ЖББОМ — нің бастауыш сынып мұғалімі Ж.Жакинаның сабағы мен «Ең үздік қысқа мерзімді жоспарлар топтамасы — 2017» байқауының жеңімпазы №45 ЖББОМ бастауыш сынып мұғалімі А.Сембаеваның жоспары облыстық байқаудан жүлделі ІІ орындарды иеленді. Қалалық «Ең үздік қысқа мерзімді жоспарлар топтамасы – 2017» сайысының материалдары әдістемелік жинақ болып облыс көлемінде таратылды ( ОӘК ЭК 7.06. 2017 ж. хаттама №2).
«Жаңартылған білім беру мазмұны аясында критериалды бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру», қазақ – орыс тілдерінде «Драма», «Я-патриот своей Родины» «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының құндылықтарын білім беру үдерісіне енгізу мақсатында облыс көлемінде көмекші құралдар басылып шықты.
Сонымен қатар бастауыш сынып мұғалімдері «Bilimland» сайтымен және «iTest», «iMektep» бөлімдерімен жұмыстануда.
Жаңартылған білім мазмұны жағдайында оқушы – таным субьектісі, ал мұғалім оқушылардың танымдық әрекетін ұйымдастырушы. Сондықтан да әрбір оқушыны тұлға ретінде қабылдауға қол жеткізуге ұмтылуымыз қажет.
2017 жылындағы бастауыш сыныптар жұмысын қорытындылай келе жаңа оқу жылына мақсат, міндеттер
- білім сапасын арттыру мақсатында нәтижелі сабақ үрдісін жетілдіру;
- жаңа инновациялық технологиялардың әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалану
және үйрену мақсатында оқыту семинарларын ұйымдастыру;
- эксперимент алаңы жұмысын жан-жақты зерделеу;
- қала мұғалімдерінің іс-тәжірибе тарату жолдарын жандандыру;
- орта буын мен сабақтастықты жүзеге асыру мақсатында пән мұғалімдерінің
бірлескен жұмыс ұйымдастыру және бағдарламадағы сәйкессіздікті жою жоспарын құру, жұмыстану;
- сабақта, сабақтан тыс шараларда «Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық патриоттық
идеясын енгізу жұмыстарын жүргізу;
- функционалдық сауаттылығын арттыру бағытында жұмыстану, тапсырмалар базасын құру.
Осыған сай технологияларды қолдану ауқымы, түрлері өзгеріп отырады. Бірақ, ең басты технологияларды тиімді, жүйелі қолдану керек.
Қазіргі таңда Орал қаласында 49 мектеп болса, солардың 44-інде бастауыш сыныптар бар. Инновациялық мектептердің саны күннен күнге көбеюде, бұл әрине қуанарлық жағдай. Қала мектептерінде 809 бастауыш сынып мұғалімдері жұмыстанады. Осылардың жаңа инновациялық технология бойынша сертификаттары бары 605 мұғалім, яғни 66,4%
Мектеп атауы | СТО | БИС | Үш өлшемді оқыту (Караев) | Білімді ізгілендіру технологиясы (Ш.Амонашвили) | «Тәй-тәй» техн-сы | АҚТ қолдану техн-сы | 3 деңг оқыту (Кембридж) | Т.б. Құзыретілікке бағытталған тапсырмалар |
Барлығы | 245 | 78 | 27 | 25 | 25 | 106 | 45 | 4 |
Инновациялық технология қолданудың нәтижелері:
- Түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі.
Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туды.
Олардың әрқайсының деңгейін анықтай аласың.
Оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік аласың.
Оқушыларды ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді.
Оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады.
Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауда, өзіне деген кәсіби сенімін қалыптастырады.
Инновациялық технологияларды енгізудегі нәтижелерді қала көлемінде ұйымдастырылған семинарларлар тақырыптары дәлелдегендей:42 семинар
- №30 ЖББОМ «Жаңа технологияларды пайдалану арқылы білім сапасын арттыру жолдары» 26.09.12 ж.
- СОШ №9 «Развитие информационной компетентности в начальной школе» 11.10.12г.
- №26 ЖОББМ «Білім сапасын арттырудағы жаңа оқыту технологияларының маңызы» 23.10.12ж.
- СОШ №23 «Эффективность урока-результат организации активной деятельности» 23.10.12г
- №20 ЖОББМ «12 жылдық оқытуға көшуге бағыттай отырып, бастауыш сынып пәндерін меңгеруде инновациялық технологияларды қолдану тәсілдері» 24.10.12ж
- ВБМГ «Формирование компетентности младших школьников на уроках и во внеурочной деятельности» 22.11.12г.
- СОШ №7 «Развитие познавательной активности учащихся через самовыражение и саморазвитие» 30.11.12г.
- №10 ЖОББМ «Жаңа технологиялардың әдіс –тәсілдерін қолданудың тиімділігі»29.11.12ж.
- №36 ЖОББМ «Сын тұрғысынан оқу мен жазу арқылы оқушылардың шығармашылық құзыреттілігі мен танымдық қабілеттерін жетілдіру» 7.12.12ж.
- СОШ №3 «Применение современных форм и методов обучения для повышения мотивации и активизации познавательной деятельности учащихся» 12.12.12г.
- ШЛ №28 «Ситуация успеха – залог качественного образования» 14.12.12г.
- №40 ЖОББМ «Бастауыш білім беруде сын тұрғысынан ойлау технологиясын тиімді пайдалану» 12.12.12жыл.
- №45 ЖОББМ «Жаңа технологиялар арқылы сабақтарда оқушыларды ізденіске баулудың тиімді әдіс-тәсілдері» 13.12.12 жыл
- №43 ЖОББМ «Оқу әрекетінің мазмұны арқылышығармашылық қабілетті жетілдіру» 22.02.13 жыл
- №41 МЛ «Оқытудың озық технологиялары арқылы сабақтың тиімділігін арттыру» 13.02.13 жыл.
- СОШ №6 «Проблемы преемственности между КПП- начальной школой» 26.02,13г
- №33 ЖОББМ «Ақпараттық технологиялардың озық жетістіктерін сабақта қолдану арқылы танымдық іс-әрекетін ұйымдастыра отырып оқушылардың құзыреттілігін дамыту» 13.03.13 жыл
- СОШ №13 «Личностно-ориентированный подход в обучении как развитие творческих способностей учащихся с использованием новых педагогических технологий» 06.03.13 год
- СОШ №31 «Организация учебно-воспитательной деятельности младших школьников через активные формы обучения, в целях повышения эффективности образовательного процесса» 17.04.13 год
Озат тәжірибе мектебінің өткізген семинарлары:
- №22 ЖББОМ «Математика сабақтарында оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту жолдарын сабақ үрдісінде көрсете білу» 17.10.12ж.
- СОШ №7 «Развитие коммуникативной компетенции учащихся в современном учебно-воспитательном процессе» 30.10.12г.
- СОШ №21 «Формирование компетентностей обучающихся в учебно-воспитательном процессе средством учебных предметов» 15.11.12г.
- №5 ЖББОМ «Тіл сабақтарында жаңа технология әдісін тиімді қолдану арқылы оқушылардың тіл құзыреттілігін дамыту» 30.11.12ж.
- СОШ №32 «Использование современных образовательных технологий как условие формирования познавательной деятельности учащихся» 11.12.12г.
- №44 ЖББОМ “Дүниетану сабақтарында жаңа ақпаратты тех-ды пайдалану- оқыту үрдісін жетілдірудің тиімді әдісі” 30.01.13ж
- №42 МГ “Тіл сабақтарында сыни тұрғыдан ойлау арқылы сауаттылықты тиімді қалыптастыру жолдары” 05.03.13ж
- №30 ЖББОМ “Еңбекке баулу пәнін оқытудың түрлі әдістерін көрсетуарқылы пәннің сапалы оқытылуын талдау” 12.03.13ж
- СОШ №26 “Эффективные технологии влияющие на качество обучения” 29.01.13г
- СОШ №17 “Условия сохранения и повышенияуровня здоровья каждого ученика” 27.02.13г
- СОШ №25 “Влияние ИКТ на развитие системно-деятельностного подхода к обучению” 05.03.13г
- СОШ №39 “Приемы формирования у учащихся предметных компетенций” 23.04.13г
Жас мұғалімдер мектебінің өткізген семинарлары:
- СОШ №12 «Учет возрастных особенностей в начальных классах при подготовке к урокам» 18.10.12г.
- СОШ №20 «Личностно-ориентированное обучение младших школьников. Работа с родителями» 20.11.12г.
- Круглоозер ЖББОМ «Қазіргі сабаққа қойылатын талаптар- ұстаз шығармашылығының бастауы» 21.11.12ж.
- СОШ №25 «Учебно-исследовательская деятельность младших школьников как модель педагогической технологии» 5.12.12г.
- №4 ЖББОМ “Танымдық құзыреттілік білім алушының жан-жақты дамуының негізі” 29.01.13ж
- №20 ЖББОМ “12 жылдық оқытуға көшуге бағытталған бастауыш сынып пәндерін меңгеруде инновациялық технологияларды қолдану тәсілдері” 19.02.13ж
- №43 ЖББОМ «Оқу әрекетінің мазмұны арқылы шығармашылық қабілетті жетілдіру» .19.03.13ж
- СОШ №3 “Применение разноуровневого обучения для развития учебно-познавательной компетенции” 22.01.13г
- СОШ №32 “Использование новых технологий на уроках” 07.03.13г
- СОШ №16 “Формирование учебно-познавательной компетенции через современные технологии обучения” 15.03.13г
- СОШ №24 “Развитие ключевых компетенций у учащихся начальных классов” 18.04.13г
Қала оқушыларының жеткен жетістіктері.
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған , 2012 жылдың 12-17 маусым күндері Алматы қаласында өткен Республикалық «Бастау» математикалық турниріне екінші жыл қатарынан №34 МГ-ның және үшінші жыл қатарынан Эстетикалық бағыттағы гимназиясының бір топ оқушылары қатысып Алғыс хаттармен марапатталып (ІҮ орын) жақсы нәтиже көрсетіп қайтты. №34 МГ-ның командасы (мұғалімдері Қарсақбаева Б.И, Нагимова А.Х, Қуанышкалиева Л.Б, топтың жетекшісі- бапкері- Наубекова А.Н.) ІІ лигадан ІҮ орынды, Эстетикалық бағыттағы гимназияның командасы І лигадан ІҮ орынды жеңіп алды (мұғалімдері: Хусаинова Г.С.Нагметова С.С, Харитонова Т.А, жетекшісі- бапкері- Нагметова С.С.)
«Дарын» қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен 2012 жылдың 28 қараша күні 2,3,4 сынып оқушылары арасында «Intel-logic» «Математикалық жаңғақтар» интеллектуалды турниріне қала мектептерінің №1,20,2,32,25,28,№21 ЖББОМ, №34 МГ-ның оқушылары қатысты. Қорытындысында қала оқушыларының алған орындары төмендегідей: №34 МГ Сапарғалиев Жандарбек 4 сынып – 2 орын, Қожақов Рахат 3 сынып – 2 орын; №32 ЖББОМ Сурова Яна 2 сынып — 1 орын, Лобашкин Глеб 4 сынып 3 орын, Чиров Кирил 3сынып –4 орын; Наурызбаева Г. 4 сынып –4 орын, Волкогон Александр -4 орын.
«Дарын» қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен 2013 жылдың 26-27 сәуір күндері Х облыстық бастауыш сынып оқушыларының «Intel-junior» интеллектуалды олимпиадасы өтті. Нәтижесінде №34 МГ Ахон Айбек ІІ орын (Мұғ:Абдрахманова Б.А. Тулеушова А.Р.), Сапарғалиев Жандарбек ІІІ орын (мұғ:Қарсақбаева Б.Тулеушова А), №41 МЛ Жоламан Нұрбақыт-алғыс хат (мұғ:Рамазанова А.С.), №36 ЖББОМ Ғауан Шерхан (Мұғ:Испанова С.Т.), №14 ЖББОМ Запрометов Владислав- І орын (мұғ:Ильясова О.П.), №28 МЛ Волкогон Александр- ІІ орын (мұғалімі Волкогон Н.А.)№21 ЖББОМ Лобашкин Глеб- ІІ орын (мұғ:Кириченко Е.), №7 ЖББОМ Хамзаева Аружан- алғ.хат (мұғ:Мендалина С.Ю.)
Сондықтан оқу-тәрбие үрдісіне жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салады деп сенемін