Күзенбаев Жасұлан Кәрімұлы
Алматы қаласы, Әуезов ауданы, №72 жалпы білім
беретін мектептің физика пәнінің мұғалімі
Дана халқымыз «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деп текке айтпаса керек. Осынау сауабы мол мамандықтың қыр – сырын жетік меңгерген, оның суығы мен ыстығына төзе білген, үнемі оқу процесінде білім ғана беріп қоймай, тәрбиенің бағыттарымен ұштастыра алатын, сабақтағы әдіс – тәсілдері мен шығармашылықпен айналысатын ұстаз ғана көптеген жетістікке жетері сөзсіз. Осындай ұстаздардың бірі деп, бір шаңырақта қызмет етіп келе жатқан Дүсіпова Нұрлыгүл Әйіпқызын айтар едім.
Нұрлыгүл Әйіпқызы – екінші деңгейлі сертификатталған, жоғары санаттағы қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі. 2017 жылдан бері Алматы қаласындағы №72 жалпы білім беретін мектепте ұстаздық қызмет атқарады. Нұрлыгүл Әйіпқызының жеткен жетістіктері мен алған марапаттары бұл кісінің еңбекқорлығы мен қайтпас қайсарлығының белгісі. Ендеше, жеке ұстаздың жетістіктеріне тоқталып өтсем:
- Мектепішілік «Үздік педагог- 2017» байқауында бас жүлде.
- Шығармашылық ізденістері үшін Грамота «Өрлеу» АҚ Алматы 2014 ж.
- Марапаттау «Озық сабақ үлгісі» номинациясы. Республикалық ғылыми-әдістемелік және педагогикалық басылым «Қазақстан Білім және ғылым әлемі» журналы 2014 ж.
- Аудандық білім бөлімінің Құрмет Грамотасы, 2015 ж.
- Шығармашылық ізденістері үшін Грамота АҚ «Өрлеу» Алматы 2015 ж.
- Мадақтама. Желілік қоғамдастық: «Біздің тәжірибеміздегі менторлық» тақырыбындағы аудандық семинар –практикумына белсене қатысқаны үшін. 2016
- Мадақтама. Желілік қоғамдастық: «Серіктестік. Іскерлік. Өзгеріс.» тақырыбындағы облыстық семинар – практикумына белсене қатысқаны үшін. 2016 ж.
- Алғыс хат. «Сабаққа ең үздік презентация» атты облыстық байқауға белсене қатысқаны үшін. Ақтөбе, 2016 ж.
- ІІ дәрежелі диплом. «Менің инновациялық сабағым» атты VI Халықаралық оқытушылар сайысында ІІ орынға ие болғаны үшін. Қазақстан, Астана 2016 ж.
- Алғыс хат. Мақатаевтың туған күніне орай өткен «Серт еттім өлмеуге» атты аудандық байқауына оқушы дайындағаны үшін, Алматы қаласы, 2017 ж.
- Құрмет грамотасы. Bilimger. Kz Білім порталы. Сайтқа әдістемелік материал және сабақ жоспарларын салып, әдістемелік тәжірибе алмасып, белсенділік танытқаны үшін. 11.02. 2017 ж.
- Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығының қолдауымен «Эрудит» интеллектуалды білім порталының ұйымдастырыуымен мектеп оқушылары арасында өткен ең үздік ғылыми жұмыстардың І республикалық «Жас ғалым — 2017» байқауына өз шәкірттерін белсенді қатыстырып, шығармашыл ұрпақ тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін арнайы дипломмен марапатталды. 2017 ж.
- «Ғ. Мүсіреповтың туғанына 115жыл толуына орай» оқушылар арасында «қазақ тілі мен әдебиет» пәні бойынша қашықтықтан өткен республикалық олимпиадаға өз шәкірттерін белсенді қатыстырып,шығармашыл ұрпақ тәрбиелеуге қосқан үлесі үшін арнайы дипломмен марапатталады. Алматы, 2017 ж.
- Диплом. Өскелен ұрпаққа заман талабына сай білім мен саналы тәрбие беруде атқарып жүрген елеулі еңбегі үшін, Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығы. Алматы, 2017 ж.
- Диплом.«Үздік ашық сабақ» атты Республикалық оқытушылар сайысында ІІІ орын. Астана 2017ж.
- ІІ орын. Республикалық педагогтар арасында қашықтықтан өткен «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш» атты байқауға қатысып, «Үздік сабақ жоспары» номинациясы бойынша ерекше шығармашылық дарынымен көзге түскені үшін. Алматы қаласы. 2017ж.
- Диплом. «Мәртебелі маман — 2017» атты республикалық байқауына қатысып үздік нәтиже көрсеткені үшін.
- «Құрмет» медальі, Ғылым мен білім саласының дамуына елеулі үлес қосып, педагогикалық қызметте жеткен табыстары үшін.
Сонымен қатар, Нұрлыгүл Әйіпқызы жаңартылған білім беру мазмұны бойынша жазылған оқулықтар мен әдістелік құралдардың авторы болып табылады.
Авторлық бағдарлама
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ермекова Т.Н., Тоқтыбаева Г.Б., Дүсіпова Н.Ә.
Қазақ тілі 10- сынып.
Жалпы білім беретін мектептің 10- сыныбының жаратылыстану – математикалық бағытына арналған оқулық.
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ермекова Т.Н., Дүсіпова Н.Ә., Тоқтыбаева Г.Б.
Қазақ тілі. Дидактикалық материалдар 10- сынып.
Жалпы білім беретін мектептің 10- сыныбының жаратылыстану – математикалық бағытына арналған оқу құралы.
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ермекова Т.Н., Дүсіпова Н.Ә., Тоқтыбаева Г.Б.
Қазақ тілі. Мұғалім кітабы. 10- сынып.
Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану – математикалық бағытындағы 10- сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік құрал.
Шығарылған әдістемелік құралдары:
- «Қазақ тілінен тапсырмалар жинағы. 5-класс». Ақтөбе ОКБА және ҚДИ.
- Танымдық ойындар — сапалы білім кілті» дидактикалық материалдар. Ақтөбе «Өрлеу» БАҰО 2013 ж.
- «Кембридж университетінің әдіс – тәсілдерін білім беру үрдісінде тиімді пайдалану». Әдістемелік құрал. Ақтөбе, 2015 ж. Ақтбе облыстық ғылыми – тәжірибе орталығы.
Бұқаралық ақпараттық құралдары, басылымдары:
- “Үйлену салтына байланысты туған өлең- жырлар” Қазақстанның Білім және ғылым журналы, №3. 2014 ж.
- «Шешендік сөздер» обл. газет « Ақтөбе ұстазы» № 1-2 . 29 қаңтар, 2016 ж.
- «Батыр Баян» дастанының кейіпкерлері. Bilimger.Kz Білім порталы, 11.02.2017 ж.
- Сәйф Сарай. «Түркіше Гүлстан» кітабы. Оқу – инновациялық технологиялар, респ. ғылыми – әдістемелік педагогикалық журнал. № 2 2017 ж.
- А. Сейдімбек: «Әйел – Ана». « Қазақ әдебиеті және мемлекеттік тіл» ғылыми – әдістемелік журнал. № 4 2017 ж.
Конференцияларға, семинарларға қатысу және басылымдары:
- «Қазақ тілін заманауи технологияларға сай оқытуды ұйымдастыру» тақырыбында облыстық конференция жинақтары. Баяндама тақырыбы: «Қазақ тілі сабақтарында сын тұрғысынан ойлау стратегияларын пайдаланудың тиімділігі» 2014 ж. Ақтөбе
- «Қазақ тілі мен әдебиетін замануи технологияларға сай оқытуды ұйымдастыру» тақырыбындағы обл.ғылыми –практикалық конференция. Баяндама тақырыбы: «Орыс тілдерінде білім беретін мектептерде пәнді мемлекеттік тілмен кіріктіре оқыту жағдайында оқушылардың білімін бағалау ұстанымдары» 2015 ж.
- «Білім мазмұнын жаңарту жағдайында педагогтардың функционалдық құзыреттіліктерін дамытудың басым бағыттары» тақырыбындағы Республикалық онлайн семинарында «Білім беруде Кембридж тәсілдерін қолданудың тиімділігі» атты баяндама, 2015.ж.
- «Жаңа білім бағдарламалары, инновациялар және құзіреттілік тәсілдеме – табысты мектепке қадамдар» облыстық тамыз педагогикалық кеңесі. Баяндама «Нәтижеге бағытталған білім беру – заман талабы»
- «Мен – қазақпын, жан Отан, бел балаңмын» облыстық ғылыми – практикалық конференция материалдары. Баяндама тақырыбы: «Ұлт азаттық көтеріліске байланысты туған жырлар» Ақтөбе, 2016ж.
- «Функционалдысауаттылық және білім: жаңашыл бағыттар мен педагогикалық тәжірибе әдістері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары баяндама тақырыбы : «Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың интерактивті әдіс – тәсілдері». Алматы, 2017 ж.
- ІІІ Республикалық «Мәңгілік ел ұстаздары» атты тәжірибелі, білікті білім саласының үздік қызметкерлерінің антологиясы. Халықаралық ғылым мен білімді қолдау орталығы, Алматы, 2017 ж.
Ұстаздың шәкірттері де аудандық, қалалық, республикалық байқаулар, пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобалардың жеңімпаздары.
Мен өзім филологиямен «үш қайнаса сорпасы қосылмайтын» физика – математика саласының маманымын. Әйтсе де, «әдістеме» дегеніңіз пән таңдамайды екен. Сабақ процесінде үнемі әдіс – тәсілдері мен ақыл – кеңесін айтып отыратын Нұрлыгүл Әйіпқызына тек шығармашылық табыс тілеймін. Сөз соңында, «Мәңгілік Елдің» жастарына тәлім – тәрбиесін аямайтын шығармашыл, үлгілі ұстаздар қатары көбейе берсін демекпін.