Көрсеткіштік функция, оның қасиеттері және графи гі
АШЫҚ САБАҚТЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ӘЗІРЛЕМЕСІ
Алматы қаласы, КМҚК «Алматы көпсалалы колледжі»
Математика пәнінің оқытушысы:
Байназарова Гульсин Ахмедовна
Сабақтың тақырыбы: Көрсеткіштік функция, оның қасиеттері және графигі
Сабақтың мақсаты:
- Білімділік: Көрсеткіштік функция ұғымымен, оның қасиеттері және графигімен таныстыру,
-
Дамытушылық: оқушылардың біліктілігін, өзіндік білім көтеру қажеттілігін арттыру, есептер шығару дағдысын қалыптастыру
-
Тәрбиелік: коммуникативті құзіреттілігін қалыптастыру; өз күшіне сену жеке тұлғалық қарым-қатынастық қабілеттерін қалыптастыру:
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: практикум
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап арқылы әңгімелесу, тестілеу.
Жабдығы: интерактивті тақта, оқулық, жеке тапсырмалар.
Пәнаралық байланыс: алгебра 7,8 сынып, информатика.
Қолданылған әдебиет:
негізгі – «Алгебра және анализ бастамалары», 2011 ж. А.Е.Әбілқасымова, 97-101 – беттер.
қосымша – Б.Кордемский, В.В.Зайцев. «Математикадан есептер жинағы» 12 – бет
Сабақ кезеңдері:
- Ұйымдастыру (2 мин.)
Қайталау (7 мин.)(танымдылық құзырлығын қалыптастыру)
Жаңа тақырыпты түсіндіру (10 мин.) (ақпараттық құзырлығын қалыптастыру)
Сергіту сәті (3 мин.) денсаулық сақтау құзырлығын қалыптастыру)
Жаңа сабақты бекіту (20 мин.) өзін-өзі әсер ету құзырлығын қалыптастыру)
Үйге тапсырма (2 мин.) интеллектуалды құзырлығын қалыптастыру)
Рефлексия 1 (мин)
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру:
- Сәлемдесу;
- Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу;
- Жаңа сабақтың тақырыбын жариялау. (1, 2,3 – слайдтар)
2. Сұрақ-жауап арқылы оқушылардың білімдерін тексеру. (танымдылық құзырлығын қалыптастыру)
- Дәрежелік қасиеттерді қолдану. ( 4,5- слайдтар)
(1/7)-1
(9 * 25
(7,8)0
2.а) 3х×3
б) 7х×72
в) 2х+3
г) 6х-2
4. Жаңа тақырып. (ақпараттық құзырлығын қалыптастыру) (6,10 – слайдтар)
Анықтама. у = ах(а ≠ 1, а>0) түрінде берілген функция көрсеткіштпік функция деп аталады.
Аныктаманың тұжырымдамасында берілген төмендегі ұйғарымдарға назар аудару кажет:
1)а негізі 1 санына тең болмауы керек (а ≠ 1), өйткені а = 1 болганда, ахдәрежесінің мәні 1 санына тең болып, х айнымалысына тәуелді болмайды;
2) а негізі он сан болуы керек (а>0), себебі а<0 болғанда,
х-тің кез келген мөні үшін ахдәрежесі накты сан болмайды. Мысалы,
а = -3 жөне х =1/2 болганда, ахдәрежесі мына түрге келеді:
(-3)1/2= √-3, ал бүл накты сан емес;
3) а негізі бөлшек болған жағдайда ахдөрежесі қандай да бір
дәрежедегі түбірді білдіреді, онда түбір мәндерінің ішінен тек кана
арифметикалык түбір алынады.
Көрсеткіштік функцияның касиеттері мен графигін карастырайык. (9, 10, 11 – слайдтар)
- у = ах, а≠1, а> 0 функциясынын аныкталу облысы барлыкнакты сандар жиыны;
- барлык у = ахкорсеткіштік функцияларының (а>1 немесе 0 < а < 1 екеніне тәуелсіз)
графиктері (0; 1) нүктесінен өтеді;
- а > 1 болганда, көрсеткіштік функция барлык накты сандар жиынында өспелі және
х > 0 болса, ондаах > 1, ал х < 0 болса, онда ах < 1;
0 < а < 1 болганда, корсеткіштік функция барлык накты сандар жиынында кемімелі және
х < 0 болса, онда ах > 1, ал х > 0 болса, онда ах < 1;
- егер а > 1 болса, онда а-ның артуына байланысты у = ах функциясының графигі тез өседі
егер 0 < о < 1 болса, онда а-ның кемуіне байланысты у = ахфункциясының графигі тез кемиді
Мысалдар қарастыру:(11, 12, 13, – слайдтар)
Сергіту сәті (14 – слайд)
Көзге арналған жаттығулар
6. Бекіту (өзін өзі дамытуына әсер ету құзырлығын қалыптастыру) (15,17 – слайд)
- Оқулықпен жұмыс: №№180-181 (А.Әбілқасымова «Алгебра және анализ бастамалары», 11 – сынып, 100 – бет )
Ауызша тапсырмалар: : №№183-184 (ауызша) (А.Әбілқасымова «Алгебра және анализ бастамалары», 11 – сынып, 100,101 – беттер )
- Салыстыру. (19 – слайд)
- Сұрақ жауап:
- Көрсеткіштік функцияның анықтамасы?
- Көрсеткіштік функцияның қасиеттерін атаңыз?
- Келесі функциялардың қайсы көрсеткіштік болып табылады. (20 – слайд)
у=3ху=0,3ху=(х-2)4у=х3у=Пх
- Көрсетілген функцияның қайсысы өспелі.(21 – слайд)
у=4ху=0,7ху=2,5ху=7ху=πху=3-х
- Көрсеткіштік функция қасиеттерін қорытындылау (22-слайд)
8. Үйге тапсырма: (интеллектуалды құзырлығын қалыптастыру) (23 – слайд)
№179, 181(2,4) 100 – бет
(А.Әбілқасымова «Алгебра және анализ бастамалары», 11 – сынып)
9. Рефлексия. (24 – слайд)
