Успанова Гульбану Сабыровна
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосы.
Қызылқоға аграрлы-техникалық колледжінің география пәнінің
оқытушысы Успанова Гульбану Сабыровна
- Сабақ тақырыбы: Литосфера және оның даму заңдылықтары.
- Сабақ тақырыбы: Дүние жүзінің саяси картасы.
- Сабақ тақырыбы: Географиялық белдеулер мен зоналар.
География пәні бойынша оқу сабағының жоспары
Курсы: ІІ курс
Сабақтың тақырыбы: Литосфера және оның даму заңдылықтары
Сабақтың мақсаттары:
- білімділік: студенттерге литосфера және оның даму заңдылықтары,литосфералық тақталар, платформалар жөнінде түсіндіру.
- дамытушылық: өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру, өз ойларын еркін де сауатты,нақты жеткізу қабілеттерін арттыру
- тәрбиелік: жан- жақтылыққа,ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі:
1.Сұрақ-жауап 4.Топтастыру
- Әңгіме-дәріс 5.Кестемен жұмыс
3.Тірек-сызба
Сабақтың жүрісі:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
(Студенттерді түгендеу,оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Сұрақ – жауап:
1.Тау жыныстарының жасы?
2.Геологиялық жыл санау?
3.Геохронологиялық кесте?
4.Тау жасалу кезеңдері?
5.Неотектоникалық қозғалыстар дегеніміз не?
Қорытындылау
ІІІ. Жаңа сабақ
Әңгіме-дәріс,тірек-сызбамен жұмыс,топтастыру,қорытындылау
Жаңа сабақ әңгіме дәріс беруден басталады. (кестемен жұмыс) Оқулықтың 30-бетіндегі 2 кесте арқылы жер қыртысының химиялық құрамын түсіндіру.
Тірек-сызба арқылы платформалардың жіктелуі түсіндіріледі.
Платформалар
Ежелгі Жас
Архей-протерезой Палезой эраларында эрасында қалыптасқан қалыптасқандар
Шығыс Еуропа, Сібір, Арабия, Батыс Еуропа, Батыс Сібір,
Солтүстік Америка, Аустралия т.б Тұран т.б.
Топтастыру арқылы қалқандар, гиосинклиналдар түсіндіріледі.
ІV. Жаңа сабақты бекіту
Сұрақ – жауап
- Литосфералық тақталар?
- Жер қыртысының химиялық құрамы?
- Қалқандар?
- Геосинклиналдық белдеулер?
- Платфориалар?
V. Қорытындылау, бағалау.
VІ. Үйге тапсырма беру.
Үйге: Литосфера және оның даму заңдылықтары.
Курсы: ІІ курс
Сабақтың тақырыбы: Дүние жүзінің саяси картасы
Сабақтың мақсаттары:
а)білімділік: студенттерге дүние жүзінің саяси картасы, қалыптасу кезеңдері, қазіргі саяси карта жағдайы жөнінде түсіндіру.
б)дамытушылық: өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру, өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру
в)тәрбиелік: жан- жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі:
1.Сұрақ-жауап 4.Топтастыру
2.Әңгіме-дәріс 5.Кестемен жұмыс
3.Тірек-сызба 6. Б.Ү.Ү кестесі
Сабақтың жүрісі:
І.Ұйымдастыру кезеңі(Студенттерді түгендеу,оқу құралдарын дайындатып,зейіндерін сабаққа аударту)
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
Сұрақ – жауап:
- Географиялық зона дегеніміз не?
- Ендік зона дегеніміз не?
- Биіктік белдеу?
- Табиғат зоналары?
- Гималайдағы биіктік белдеулері дегеніміз не?
Қорытындылау
ІІІ. Жаңа сабақ
Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.
Топтастыру арқылы дүние жүзі саяси картасының қалыптасу кезеңдері түсіндіріледі. Оқулықтың 78-бетіндегі 5 сызбанұсқа арқылы саяси картаның өзгеруіне әсер ететін факторларды түсіндіру.
Кесте арқылы дүние жүзі елдерінің тәуелсіздік алуын түсіндіру.
| Тәуелсіздігін алған жылы | Елдер |
| ХХ ғ/ң басы | Тәуелсіз 55 ел болған |
| ІІ-ші д.ж.соғыстан кейін | Тәуелсіз 81 ел болды |
| 1950 жылдың соңында | Тәуелсіз 92 ел болды |
| 1960 жылы «Африка жылы» | 17 ел тәуелсіздік алды |
| 1990 жыл | Тәуелсіз 171 ел болды |
| 1991 жылы | КСРО ыдырап 15 тәуелсіз ел қосылды |
| 1990 жылдар | Югославия бірінші елдерге ыдырады |
| 1993 жылы | Чехия, Словакия, Эритрея, Палау, Шығыс Тимор елдері т.б. |
| Қазір | 230-дан астам елдер мен иеліктер бар |
ІV. Жаңа сабақты бекіту
- Б.Ү.Ү. кестесі
| Білгенім | Үйренгенім | Үйренгім келеді |
V. Қорытындылау,бағалау.
VІ. Үйге тапсырма беру.
Үйге: Дүние жүзі саяси картасы
Курсы: ІІ курс
Сабақтың тақырыбы: Географиялық белдеулер мен зоналар
Сабақтың мақсаттары:
а)білімділік: студенттерге географиялық зоналардың таралуы, заңдылықтары, ерекшеліктері жөнінде түсіндіру.
б)дамытушылық: өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру, өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру
в)тәрбиелік: жан- жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі:
1.Сұрақ-жауап 4. Кестемен жұмыс
2.Әңгіме-дәріс
3.Тірек-сызба
Сабақтың жүрісі:
І.Ұйымдастыру кезеңі(Студенттерді түгендеу,оқу құралдарын дайындатып,зейіндерін сабаққа аударту)
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
Сұрақ – жауап:
- Табиғат кешені дегеніміз не?
- Географиялық қабық туралы түсінік?
- Жер қыртысындағы заттар айналымы?
- Географиялық қабықтың біртұтастық заңдылығы?
- Географиялық қабықтың ырғақтылығы?
Қорытындылау
ІІІ. Жаңа сабақ
Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.
Тірек –сызба арқылы географиялық зоналықтың түрлерін түсіндіру.
Кесте арқылы Гималай тауының белдеуін түсіндіру.
| 0-1000 м.м. | Тау етегіндегі-терая, Субэкваторлық ылғалды ормандар |
| 1000-2000 м.м. | Мәңгі жасыл субтропиктік ормандар |
| 2000-2500 м.м. | Жапырақтарын түсіретін жалпақ жапырақты ормандар |
| 2500-3500 м.м. | Қылқан жапырақты ормандар |
| 3500-4500 м.м. | Субальпілік биік шөпті шалғындар, Субальпілік аласа шөпті шалғындар |
| 4500-9000 м.м. | Қар |
ІV. Жаңа сабақты бекіту.
Сұрақ-жауап.
- Географиялық зоналық дегеніміз не?
- Ендік зоналық?
- Биіктік белдеулік?
- Табиғат зоналары?
- Гималайдағы биіктік белдеулер?
V. Қорытындылау,бағалау.
VІ. Үйге тапсырма беру.
Үйге: Географиялық белдеулер мен зоналар.
