Жас математик
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы
№ 12 бастауыш мектеп мұғалімі
Латыпова Нұрсауле Аманжолқызы
Тақырыбы: «Жас математик»
Мақсаты: Оқушыларды ойлана білуге, тапсырмаларды тиянақты, тыңғылықты орындауға баулу, әділ шешім айтуға, бірлікке ынтымақтастыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
Міндеттері:
— Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, математикалық ойлау қабілетін дамыту, алған білімдерін тереңдету, кеңейту, есептеу дағдыларын жетілдіру.
— Оқушылардың зейінін, ойлау, зерде процестерін дамыту. Қиялын ұштап, қабілеттерін шыңдау, шығармашылық қабілетін дамыту.
— Дидактикалық, логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың ақыл-ой белсенділігін тәрбиелеу, ұйымшылдыққа, мәдениеттілікке, тиянақтылыққа баулу.
Түрі: Жарыс сабақ
Әдістері:Сұрақ –жауап, түсіндіру, көрнекілік, демонстрация
Көрнекілігі: Презентация, нақыл сөздер
Сайыс сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық.
Жүргізуші: Қош келдіңіздер, қадірлі ұстаздар және оқушылар!
- Қымбатты білім сүйгіш жас достар! Орыс ғалымы М.Ломоносов «Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін –математика, сондықтан да оны оқу керек, » — деген. Олай болса, бүгін сендер қызықты, математиканың жұмбақты да, тартымды әлемімен танысасыңдар. Сендер бұл әлемнің қаншалықты қызықты, әрі сан түрлі екендігіне көз жеткізесіңдер.
Жүргізуші: Сайыста сендерге әр түрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар
ұсынылады. Сайыста жеңу үшін сендер белсенділік танытып,
берілген сұрақтарға өзгелерден тезірек ойланып, жауап берулерің
керек.
Сайысымыздың бағдарламасымен таныс болайық:
- «Кел,танысайық» Сайысқа қатысушы әр оқушы өздерін таныстырып өтеді.
- «Кім жылдам?» Оқушыларға тапсырма жазылған парақшалар таратылады. Жауаптары бірдей болатын мысалдарды сызықпен қосу керек.
- «Сиқырлы шар» шарда жасырылған сұрақтарға жауап беру
- «Қар қиыршықтары» мысалдар беріледі. Өрнектің мәні 10-ға тең болса қар қиыршығын көк түске, ал егер өрнектің мәні 18-ге тең болса сары түске бояймыз.
- Қорытынды
- Бүгінгі күн сайыста
Ешкімнен сен қалыспа
Білімі кімнің көп болса,
Сол озады сайыста дегендей сайысқа қатысушыларға сәттілік тілейміз!
- «Кел,танысайық» Сайысқа қатысушы әр оқушы өздерін таныстырып өтеді:
1 «А» сынып оқушысы: Жалғас Нұр
1 «Ә» сынып оқушысы: Конар Аяжан
1 «Б» сынып оқушысы: Алдабай Бақдәулет
1 «В» сынып оқушысы: Есмағамбет Мөлдір
1 «Г» сынып оқушысы: Көшербай Әсемай
1 «Ғ» сынып оқушысы: Калдыбай Жансая
1 «Д» сынып оқушысы: Рахмет Ақсәуле
1 «Е» сынып оқушысы: Дарибай Жантемір
1 «Ж» сынып оқушысы: Темірханова Толғанай
1 «З» сынып оқушысы: Сағындықова Арайлым
1 «И» сынып оқушысы: Эсен Жасұлан
2-тур: «Кім жылдам?» Оқушыларға тапсырма жазылған парақшалар таратылады. Жауаптары бірдей болатын мысалдарды сызықпен қосу керек.
| 30+20 | 40+40 |
| 18+2 | 13+2 |
| 14+5 | 100-50 |
| 90-10 | 6+6 |
| 10+5 | 10+9 |
| 5+7 | 16+4 |
3-тур: «Сиқырлы шар» шарда жасырылған сұрақтарға жауап беру
- 1 дециметр неше сантиметрге тең?
- Қосудың компоненттерін ата
- Азайтудың компоненттерін ата
- Массаның өлшем бірліктерін ата
- Бұлар қандай сызықтар?
- Бұлар қандай сызықтар?
- Қандай фигура?
- 100 бен 20 сандарының айырмасы нешеге тең?
- 50 мен 40 сандарының айырмасы нешеге тең?
- Ұзындықтың өлшем бірлігін ата
- 15 пен 20 сандарының қосындысы нешеге тең?
4-тур «Қар қиыршықтары» мысалдар беріледі. Өрнектің мәні 10-ға тең болса қар қиыршығын көк түске, ал егер өрнектің мәні 18-ге тең болса сары түске бояймыз.
| 20-(6+4) | (50-30)-2 |
| (40+20)-50 | 5+5+8 |
| 15-5+0 | (20+2)-4 |
| 30-(13+7) | 10+8 |
| 4+6+0 | 9+9+0 |
| 20-(2+8) | 2+8+8 |
Қорытынды. Оқушылардың тапсырмаларын тексеріп, қорытындысын шығару. Жеңімпаздарды марапаттау.
