Шаңырақ шаттығы
Ақмола облысы, Бурабай ауданы
Бурабай кентінің С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Жалмуканова Шолпан Кинаятовна
« Шаңырақ шаттығы»
тақырыбына байланысты Бурабай кентінің С.Сейфуллин атындағы 4 сынып оқушыларымның шығарған өлеңдері.
Бір шаңырақ астында
Тұрады екен көп ұлттар.
Сол шаңырақ үстінде,
Көрініп тұр ақ бұлттар.
Бір сәт үңіліп қарасам…
Шаңырақтың ішінде
«Доспыз»-деп жүр әр адам.
Мен де осы ортада.
Ұлты басқа адаммен,
Көршілесіп тұрамын
Әлібекова Әнел

