Сабақтың тақырыбы: 5 саны мен цифры
Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы, Маншүк Маметова атындағы
№ 6 жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Бегайдарова Ұлбала
Сабақтың тақырыбы: 5 саны мен цифры
Сабақтың мақсаты:
- Оқушыларды 5 санының жазылу жолдарымен,құрамымен таныстыру.
5 санына дейінгі сандарды тура және кері санауға үйрету.Қосу және азайту амалдарының мағынасын танытып,балалардың білім дағдыларын қалыптастыру.Кесінді бөліктері мен жұмыс жүргізу.
- Оқушылардың ой-өрісін,тілін логикалық ойлау қабілетін дамытып өздігінен жұмыс істей білуге дағдыландыру.
-
Ойын дұрыс айта білуге,шығармашылық еңбек етуге,ұйымшылдыққа, мақсатқа жете білуге баулу.Ұлттық ханталапай ойынын дәріптеп, қазақтың патриот ұлдары мен қыздары болуға тәрбиелеу. Ұлттық болмысқа баулу.
Сабақтың әдіс-тәсілі: тапсырмалар орындау,санау,ойын,санамақ
Сабақтың түрі: ойын сабақ
Сабақтың көрнекілігі: цифрлар,суреттер,гүл күлтешелері, геометриялық фигуралар,ойыншық суреттері,асық,алма.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі
А) Оқушылардың оқу құралдарын түгелдеп,сабаққа назарын аудару.
ә)Психологиялық сәт
Арайлап таң атты
Алтын сәуле таратты
Жарқырайды қаламыз
Жайнай түсті даламыз
Қайырлы таң! ,қайырлы күн!
Сәлеметсіздерме қонақтар!
Тақтаға 5 оқушы шығып санамақтар айтады.
-Балалар,қазір қандай сабақ?
-Математика сабағы
-Көңіл-күйлерің қалай?
Ой шақыру
-Тақтадағы суреттерге қараймыз
-Бүгінгі сабақтың тақырыбы 5 саны мен цифры, сабаққа қатысып бестік баға аламыз.
-Олай болса, 5 цифрын ауада жазайық.
- Сумен жазу
Дәптермен жұмыс
-5 санын жазу
-Біз сандарды оқып,есімізге түсірдік. Олай болса, санамақ айтайық.
Бір дегенім –білім
Төрт пен беске ілін.
Екі дегенім – еңбек
Еңбекпенен іс өнбек.
Үш дегенім- үміт
Жайдары жүр күліп.
Төрт дегенім – төзім
Сабырлы бол өзің.
Бес дегенім – бесік
Шықтым содан өсіп.
Постермен жұмыс 3 топқа тапсырмалар беріледі.
Сергіту сәті
№1 тапсырмаСана :
– 1 суретте неше қоңызбар?
-2 суреттегі алма мен алмұрттарды қосамыз
-3 суретте қанша адам көріп тұрмыз? -4 суретте неше жануарларлар бар?
Тура және кері санау 1,2,3,4,5 5,4,3,2,1
1 2 3 4 5 5 4 3 2 1
№2 тапсырмада кеспе қағаздар таратамын санап, салыстыру
«Артық,кем» ойыны
Мақсаты: логикалық ой-өрістерін дамыту.
4> 3 5>4 3<4 3>2 2<3 2>1 4<5
Қорытынды: – Оң қолымда үш алма, солға қолымда екі алма барлығын қосқанда болады неше алма?
-Аулада төрт балапан жайылып жүр еді, оған тағы бір балапан келіп қосылды. Аулада неше балапан болды.
-Оқушыларды мадақтау
