Бала тәрбиесі – бесіктен басталады
Шымкент облысы, Арыс қаласы № 11 Б. Момышұлы жалпы орта мектебі
5 “г” сынып оқушысы – Нысан Дильназ
Жетекшісі: Нурмаханбетова Маржан
Бала – өмірдің сәні, бақыттың нысаны, ертеңгі күнді жалғастырушы – ұрпақ.
Қоғам отбасынан құралады. Ал отбасы ата-ана мен баладан тұрады. Осы отбасының шайқалмай берік тұруы ата-ана мен балаға қатысты. Ата-ана үшін өмірдегі ең үлкен қуаныш бала болса, перзент үшін де ата-анадан қымбат ешкім жоқ.
Ата-ана мен баланың қарым-қатынасының жақсы деңгейде болуын басты назарда ұстау қажет. Екі жаққа да маңызды,яғни ата-ана мен бала арасында аса назар аударатын бірнеше жайттар бар. Әсіресе, ата-анаға түсетін міндет басым. “Ел болам десең , бесігіңді түзе”, “Баланы жастан”, “Атадан-өсиет, анадан-қасиет” дегендей, баланың өсіп,өркендеп қанат жаюы, инабатты, ибалы болуы ата-анаға тікелей байланысты.
Баланы жас кезінен бастап жақсы мен жаманды, әрбір іс- әрекетін дұрыс орындауға дағдыландыру қажет.
Сол үшін ата-ана перзентіне барлық әдептілікті үйретіп,әрі өздері де дұрыс үлгіде болуы тиіс. Ата-ана бір мәселе
жайында әңгімелесетін болса балаларының көзінше әңгімелеспегені абзал.Әсіресе,бала алдында дөрекі сөйлеуден,біреуге жаман сөз айтудан сақтанғаны жөн.”Балапан ұяда не көрсе,ұшқанда соны іледі” демекші,
ата-ана отбасында үлгілі,әдепті болуы тиіс.
Әр ата-ана балаларының жағдайын жақсартып қана қоймай, олардың жоғары білім алып, белгілі мамандық
иесі болуына, бойында адамгершілігі мол азамат ретінде жетілдіріп, тәрбиелі болып өскенін қалайды.
Ата-ана бізді мәпелеп ,өсіріп,ер жеткізіп,азамат болуымыз үшін қолынан келген барлық мүмкіншілігін жасап тәрбиеледі. Сондықтан,біз де ата-анамызға құрмет көрсетіп, үміттерін ақтауымыз керек.Жасы үлкен кісілерге, ұстаздарға, құрмет жасаудың шегі жоқ.
Ендеше,ертеңгі күні орныңды басушы,бақытыңның нысаны, игілік әкелетін перзенттер қалдыруды назардан
тыс қалдырмағанымыз абзал.
Қорыта айтқанда “Әкеден-ақыл, анадан- мейір” деп ата-бабамыз мұра етіп қалдырғандай, бала тәрбиесіне
дер кезінде көңіл бөлуіміз қажет. Еліміздің білімді, адамгершілігі мол қамқоршыл ұрпақтарын тәрбиелейік.
Тәуелсіз еліміздің болашағы- жас ұрпақта. Туған жерін, ата-анасын, қазыналы қарттарымызды, өскен жерін,
ұстаздарын құрметтейтін азамат болуына ықпал жасайық.
