Сәкен Сейфуллин « Туған ел»
Атырау облысы Атырау қаласы
Тіл мүкістігі бар балаларға
арналған №3 облыстық
арнайы мектеп-интернатының
бастауыш сынып мұғалімі
Токкожиева Лаззат Мурсалимовна
Әдебиеттік оқу
Cабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин « Туған ел»
Сабақтың мақсаты: Сәкен Сейфуллин өмірінен мәлімет беру. Туған ел өлеңін
Оқыту барысында тақырыбы мен идеясын ашу. Өлеңнің
мазмұнын түсіндіру.
Коррекциялық мақсаты: Оқушылардың сөздік қорын байыту, ойлау, көру,
сезіну, қабылдау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілігі: оқушыларды отанын жерін, елін сүюге байлығын қорғауға, елін
халқын құрметтеуге тәрбиелеу
Көрнекілігі: С. Сейфуллин портреті, табиғат бейнесі,видео, слайд.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі:
а) Оқу құралдарын түгендеу.
ә) көзге жаттығу жасату
II. Психологиялық дайындық.
- Балалар жер бетіне жылу не арқылы таралады?
- Күн арқылы
- Күн болмаса жер беті қандай болады?
- Қараңғы, салқын болады.
- Дұрыс.
Олай, болса күн әрдайым жарқырап тұрсын деп күн анаға тілегімізді айтайық.
Тілек: Көк аспанда күн күлсін
Бірге күлсін бүлдіршін
Көк аспанда Күн күлсін,
Жерге ұдайы нұр құйсын!
Енді, күнге ризашылығымызды білдіре отырып, сабағымызды бастайық.
III. Өткен материалмен жұмыс:
–Үйге қандай тапсырма берілді?
- «Туған тілім» өленің жаттап келу.
-
«Туған өлеңінің авторы кім?
-
Дихан Әбілов
-
дұрыс
-
Біз қай тілде сөйлейміз?
-
Қазақ тілінде
-Сонда Дихан Әбіловтің туған тіл деп отырғаны қай тіл екен?
- Қазақ тілі
Жарайсыңдар.
Үй тапсырмасын қорыту:
Туған жерін елін жырламайтын ақын жоқ. Тек өз сезімін әркім әртүрлі
жеткізеді.
Мысалы: Суретшілердің тілі – бояу
Музыканттардың тілі – музыка
Ақын жазушылардың тілі – сөз
IV. Жаңа материалмен жұмыс:
сұрақ-жауап
- Біз қай ұлтпыз?
Қазақ
Отанымыз қалай аталады?
Қазақстан Республикасы
Отан дегеніміз не?
Туған жеріміз,ата-анамыз,бауырларымыз
-Дұрыс
Сөздік жұмыс: Отан – сөзін 3 тілде айту
Отан- Родина – Homeland
Сонымен Отан деген – ата мекен
Отан деген туған жер
Отан – ана
Отан үлкен Қазақстан –Туған ел -деп
Сәкен Сейфуллиннің «Туған ел» өлеңімен танысамыз.
Видео запис: Сәкен Сейфуллиннің өмірімен және шығармаларымен қысқаша – таныстыру
Сонымен, балалар С. Сейфуллин қандай адам екен?
Сәкен Сейфуллинге қысқаша сипаттама беру.
V. Оқулықпен жұмыс:
а) Мұғалім өзі оқып таныстырады.
ә) Қысқаша мазмұнынан мағлұмат беру
б) 2-3 оқушыға дауыстап оқыту
в) Сұрақтарға жауап алу
-Ақын туған даласын кімге теңейді?
-Анаға
- дұрыс
VI.Сергіту сәті: Мен қазақпын әніне жаттығу
VII. Қызығушылығын ояту.
Суретпен жұмыс.
Табиғат адам үшін жаралыпты,
Бар қызық табиғатпен таралыпты.
Табиғат пен адамзат егіз жүрер
Табиғат асыраушы адамзатты дегендей –
табиғат жер ана, туған жер,
атамекен сөздерімен қатар тұрады.
Сұрақ-жауап: -Табиғат дегеніміз не?
-Ауа, су
-табиғат байлығы не?
-өсімдік
-Орманның сәні не?
-құстар
-табиғаттың сұлу мүсіні не
- хайуанаттар
Дұрыс.
Оқулықтағы сурет бойынша көріп тұрғандарын айтқызу
Табиғат – екіге бөлінеді. Өлі және тірі табиғат.
Тірі табиғатқа – ағаш, гүл, шөп, құстар, адамдар жатады. Себебі олар өседі демалады, көбейеді.
Өлі табиғатқа – тас, су, құм, ауа жатады. Себебі олар өспейді, көбеймейді, демалмайды, жаны жоқ.
Бір сөзбен айтқанда табиғат – адам, өсімдік, жануарлар үндестігі
VIII. Дәптермен жұмыс:
- Күннің жадын, тақырып жазу
- Отан сөзін 3 тілде жазу
- Табиғат- жер Ана, туған ата мекен
IХ.Сабақтың қорытындысы:
-Бүгін балалар , біз қандай тақырыппен таныстық?
-Туған ел
-«Туған ел» кім жазған?
- Сәкен Сейфуллин.
-Сәкен Сейфуллин деген кім?
-Ақын, жазушы, аудармашы
Х. Топтастыру. Туған елді неге теңейміз?
ХI.Бағалау:Кері байланыс:
