Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер
Қысқа мерзімді жоспар
| Пән:Математика
Сынып:1 Г |
Мектеп: Шымкент қ. №130 ЖОМ | ||||||
| Мұғалімнің аты-жөні: Алипова Нурия Анарбаевна | |||||||
| Сабақтың тақырыбы:
Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер |
Қатысқандар:
Қатыспағандар саны: |
24
0 |
|||||
| 1.1.1.1 санау барысында натурал сандардың реттік номері
анықталатындығын түсіну; 10 көлемінде тура және кері санау; олардың натурал сандар қатарындағы орнын анықтау; |
|||||||
| Сабақ мақсаттары |
|
||||||
| Бағалау критерийлері | 1.10 көлеміндегі сандардың құрылу жолын біледі
2. 10 көлемінде тура және кері бағытта санай алады. 3. Сандардың натурал сандар қатарындағы орнын анықтай алады. |
||||||
| Сөздік қор | Натурал сандар, тура кері санау | ||||||
| Құндылықтарды дарыту | Оқушылар арасындағы достық,сыйластық қарым-қатынасты сақтай білуге тәрбиелеу. | ||||||
| Пәнаралық байланыстар | Сауат ашу, көркем еңбек | ||||||
| Алдыңғы меңгерілген білім | Сандарды реттік және тура кері санайды. | ||||||
| Сабақ барысы | |||||||
| Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
| Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 5 минут |
Шаттық шеңбері
«Сиқырлы гүл» Балалар сиқырлы гүлді ұстап, келесі оқушыға тілек айту арқылы ұсыну, бір-біріне жақсы тілектер тілеу. Топқа біріктіру “Ине-жіп” әдісі бойынша. Ине роліне 4 әріптесті шақырып, ретімен көзін орамалмен байлап, айналасында тұрғандарды көрсетуі арқылы жіптер тізбектеледі, топтар құрылады. |
Гүл | |||||
| Сабақ ортасы
25 |
Жаңа сабақ Миға шабуыл
Видеоролик көрсету арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу. 10-ға дейін санау. Тура және кері бағытта санау. Сандардың көршілерін атау. 1-тапсырма.Сурет бойынша 3 санының құрылу жолын түсіндіріңдер. Дескриптор Білім алушылар 3 санының құрылу жолын түсіндіре алады. 2-тапсырма 1-топ Гүлдерді орналасу ретіне қарай сәйкес сандармен байланыстырыңыз. 2-топ гүлдерді өсу ретімен орналастырады. 3-топ гүлдерді кему ретімен орналастырады Дескриптор: 1.Гүлдерді орналасу ретімен санай отырып, сәйкес санмен байланыстыра алады; 2.10 көлеміндегі сандарды кему ретімен жаза алады. 3. 10 көлеміндегі сандарды өсу ретімен жаза алады. |
Интерактивті тақта
Оқулық, жұмыс дәптері Гүлдер,үлестірмелі суреттер |
|||||
| Сергіту сәті | Көңілді әуен Би қара жорға | Аудио жазба | |||||
| Сабақтыңсоңы
3 мин |
«Шыбын ұрғыш» әдісі
«Басбармақ» әдісі сабақты қорытындылау. Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсінемін. Басбармақ көлденең = Мен түсінгендеймін. Басбармақ төмен қарай = Мен түсінбедім. |
||||||
| Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
| Барлық оқушыларға тапсырмаларды қызықты етіп жоспарлаймын. | «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау | Сергіту сәтін орындағанда би қимылдарын жасағанда ары қашықтықты сақта, қаламсаппен жұмыс жасағанда мұқият бол. | |||||
| Сабақ бойынша рефлексия
Алдағы уақытта жас ұрпақты тәрбиелеу барысында жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында алған білімімді жетілдіріп, әдіс-тәсілдерді түрлендіре отырып сабақта қолданамын. |
Сабағымда білім алушылардың қызығушылықтарын ояту, түрлі ой тастауға баңытталған тапсырмаларды орындаттым.Кейбір білім алушылар сабақта өз белсенділігін көрсетіп отырды.Қорытындылай келгенде өткен сабағымда мақсатма жеттім.Сабақты жоспарланған жоспар бойынша өттім. | ||||||
