Сабақтың тақырыбы: Менің отбасым
| Сабақтың тақырыбы:
Менің отбасым |
Мұғалімнің аты-жөні:Утешева М
С.Есетов ат. ОЖББМ, БҚО, Казталов ауданы Күні:15.09 Пәні: Дүниетану |
|||
| СЫНЫП: 2 | Қатысқан оқушылар саны: 10 | Қатыспаған оқушылар саны: 0 | ||
| Сабақ негізделген оқу мақсаттары | 2.1.1.3 Түрлі дереккөздерді зерттеу арқылы жалпыға ортақ
әдеп нормаларын анықтау |
|||
| Сабақ мақсаты : | Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Мысалдар келтіру негізінде өз отбасының әдептілік ережелерін түсінеді және түсіндіреді.
Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды. Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады. |
|||
| Бағалау критерийі | Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Отбасылық міндеттерді біледі,өз міндеттерін орындайды;отбасылық және жекебас істерін ажырата алады. | |||
| Тілдік құзіреттілік | Отбасы мүшелері,ана,мать,mother,әке,отец,father,қарындас,сестра,sister,аға,брат,brother. | |||
| Ресурстар | Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер. | |||
| Әдіс-тәсілдер | Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия. | |||
| Пәнаралық байланыс | Музыка, қазақ тілі. | |||
| Сабақтың жоспары | ||||
| Жоспарланған уақыт | Сабақ барысы : | Бағалау түрлері | ||
| Басталуы
5 минут |
Оқушылармен сәлемдесу: «Сәлеметсіздер ме,балалар!»
Асыл сөздің атасы, Ақын болар ұрпақпыз. Өнер,білім,еңбекте, Жақын болар ұрпақпыз. Саусақтары майысқан, Шебер болар ұрпақпыз. Тұла бойы толған күш, Батыр болар ұрпақпыз. Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Балалық шағымнан естелік» Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін, еркіндікті дамыту. Нұсқаулық: Үстелге әртүрлі нәрселер қоямын.Бұл доп,қуыршақ,хат ,кітап .Әр оқушы өзінің балалық шағына байланысты бір нәрсені таңдап алады да,өміріндегі қызықты оқиғаны баяндап береді. |
Оқушылар қорапшадан өздеріне ұнайтын түсті алып топқа бөлінеді.
«Балалық шағымнан естелік» Тренинг. |
||
| Жаңа білім
10 минут |
Білу және түсіну
«Сөз құра» (Алдарында тұрған сөз қиындыларынан мақал құрастыру) 1-топ.Інісі бардың тынысы бар, Ағасы бардың жағасы бар. 2-топ.Ынтымақты отбасы қайым-қайғыны білмес. 3-топ.Ананың көңілі балада, Баланың көңілі далада. (Мақал-мәтелдердің мағынасын талқылап,сабақтың тақырыбын болжайды.) Берілген мәтіндерді балалар оқып алады. Кез-келген адамның өз отбасы бар. Отбасы-қоғамның бір бөлшегі. Оған бір үйде тұратын ең жақын адамдар жатады. Олар: атасы мен әжесі, әкесі мен анасы, ағасы мен әпкесі және іні-қарындастары. 2.Жұптық жұмыс.Суреттерді салыстыру. 3.Топтық жқмыстар. 1-топ.Өз отбасындағы адамдар туралы әңгімелеу. 2-топ. «Қамқор болу», «көмектесу» деген ұғымдардың мағынасын талдау. 3-топ.Өз отбастарындағы қамқорлық туралы әңгімелейді. Қорытынды:Отбасында барлығы бір-бірін құрметтеу керек,бір-бірін құрметтеу керек,бір-біріне қамқор болу керек. |
Өздерінің ой-пікірлерін білдіреді.
Оқулық, мәтіндер. «Көшбасшы және тыңдаушылар» әдісі |
||
| «Көңілді күн»
би билеу |
Оқушылар би билеп сергіп қалады. | |||
| Ортасы
10 минут |
Қолдану
Дәптермен жұмыс. Талдау «Ыстық орындық» орындық әдісі (Бір оқушы алдыңғы жақта, орындықтар оны айнала қоршай орналастырылады. Жаттығудың сипаттамасы: Бір оқушы алға шығып өз пікірін айтып және тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Сұрақты анағұрлым мазмұнды қылу үшін, оқушылар белгілі бір пікір бойынша бірлесіп алға шығып сөйлей алады. |
Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер
«Ыстық орындық» орындық әдісі, сұрақтар, орындық. |
||
| Аяқталуы
Сабақты бекіту 10 минут |
Синтез
“Таңда да таста” әдісі |
“Таңда да таста” әдісі | ||
| Бағалау
5 мин Кері байланыс 3 минут |
Кері байланыс парағы. «Жетістік» баспалдғы. | |||
| Үйге тапсырма: Өз отбасы мүшелерің туралы фотоальбом жаса. | ||||
