Сабақтың тақырыбы: Түбір мен қосымша Пайдалы
| Сабақтың тақырыбы:
Түбір мен қосымша Пайдалы |
Мұғалімнің аты-жөні:Утешева Мензипа Амировна
Мектеп:С.Есетов атындағы ОЖББМ БҚО,Казталов ауданы,Талдықұдық ауылы |
|||||||||||
| СЫНЫП: 2 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспаған оқушылар саны: 0 | ||||||||||
| Сабақ негізделген оқу мақсаттары | 2.1.2.1 – мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау
2.2.4.1 – мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау 2.3.5.1 – жіберілген пунктуациялық, орфографиялық қателерді мұғалімнің көмегімен түзету 2.4.2.1 – мұғалімнің көмегімен түбір мен қосымшаны ажырату |
|||||||||||
| Сабақ мақсаты: | Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.
Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды. Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады. |
|||||||||||
| Бағалау критерийі | мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжай алады; мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтай алады;жіберілген пунктуациялық, орфографиялық қателерді түзей алады; түбір мен қосымшаны ажырата біледі. | |||||||||||
| Құндылықтар | Өзара ынтымақтастық қарым-қатынас | |||||||||||
| АКТ қолдану дағдылары | Электронды оқулық | |||||||||||
| Ресурстар | Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер. | |||||||||||
| Әдіс-тәсілдер | Диалогтік оқыту, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия. | |||||||||||
| Пәнаралық байланыс | Музыка, әдебиеттік оқу. | |||||||||||
| Сабақтың жоспары | ||||||||||||
| Жоспарланғануақыт | Сабақ барысы : | Бағалау түрлері | ||||||||||
| Басталуы
5 минут Алдыңғы білім |
Сәлемдесу.
Мейірімді жүрекпен, Ақ ниетті тілекпен. Амандасып алайық, Бір жадырап қалайық. Армысың ару күн! Армысың жақсы дос! Бос өтпей әрбір күн, Білімге білім қос! Топқа бөлемін : «Билеттер арқылы» топқа бөлінеді. Оқушыларды кассадан билеттер алып, 1,2,3 вагондарға бөлініп отрады. Психологиялық ахуал қалыптастыру: Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз! Ұйымшыл боламыз десек 2 рет Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз! Ертегі тыңдау. -Ерте,ерте ертеде бір Түбір деген шалдың Қосымшы деген баласы болыпты.Қосымшаның соңынан ерген екі ұлы болыпты.Олардың біреуі-Жұрнақ,ал екіншісінің аты Жұрнақ болыпты.Жалғау жүрген жерінде сөзбен сөзді байланыстырса,ал Жұрнақ болса,жүрген жерінде жаңа сөздер жасап жүреді екен. -Балалар осы ертегі бойынша «Сөз құрамы» тақырыбы бойынша білімімізді қайталайық.
|
1-топ:
«Бақыт» вагоны 2-топ: «Сүйіспеншілік» вагоны 3-топ: «Жарқын өмір» вагоны Диалогтік оқыту әдісі Смайликтер |
||||||||||
| Жаңа білім
10 минут |
Білу және түсіну
Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады. Топтық жұмыс. 38-жаттығу. Өлеңді түсініп оқы. Пайдалы. 1-топ.Өлең неліктен «Пайдалы» деп аталатынын дәлелде. 2-топ.Өлең мазмұнына қарама-қарсы пікір айтып көр. 3-топ.Қарамен берілген сөздердің түбірі мен қосымшасын ажырат |
Оқулық,
мәтіндер. «От шашу» |
||||||||||
| Ортасы
10 минут |
Қолдану
Оқулықта берілген тапсырмаларды орындау. 39-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларды қойып, мәтінді көшіріп жаз. 40-жаттығу. Бұлттардағы буындар мен сөздерден жұмбақ құрап жаз. Айдын суда жалтыр, Құлаштап жүзіп малтыр. Шешуі: Жүзгіш |
Оқулық, түрлі-түсті бұлттар,
Қатемен жұмыс |
||||||||||
| Сергіту сәті
2 минут |
би билеу | Оқушылар би билеп сергіп қалады. | ||||||||||
| Аяқталуы
Сабақты бекіту 10 минут |
Ой қорыту
41-жаттығу. Өздік жұмыс. Берілген екі себетке тиісті сөздерді қойып көр.
Керекті сөздер: Хоккей шаңғышы дзюдо Боксшы атлетика таэквондо Футбол теннисші сарапшы Күрес 2-тапсырма.Ережені айту. БББ кестесі
|
Электронды оқулық,1,2-тапсырма
«Бармақ» әдісі Тақырып бойынша түйген білімдерін жазады. |
||||||||||
| Бағалау
5 минут |
«Білім қоржыны» кері байланыс. | Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып,қоржын
дарға жапсырады. |
||||||||||
