Тағам және сусын
Қысқа мерзімді жоспар
| Пән:жаратылыстану
Сынып:1 «Ә» |
Мектеп: №71 жалпы орта мектеп | |||||
| Мұғалімнің аты-жөні: Тажибекова Гульжанар Лесбековна | ||||||
| Сабақтың тақырыбы: Тағам және сусын | ||||||
| Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 1.1.4.2 Тамақтану режимін сақтау қажеттілігін түсіндіру. | |||||
| Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар:Тамақтану режимін сақтау қажеттілігін түсінеді.
Көптеген оқушылар: Зиянды тағамдар мен пайдалы тағамдарды ажырата алады. Кейбір оқушылар: Тамақтану ережесін сақтау денсаулыққа пайдалы екенін түсіндіреді. |
|||||
| Бағалау критерийлері |
|
|||||
| Тілдік мақсаттары | Тағам,сусын,зиянды тағамдар,пайдалы тағамдар | |||||
| Құндылықтарды дарыту | Шығармашылық қабілетін дамыту, қамқорлық жасауға баулу. | |||||
| Пәнаралық байланыстар | Көркем еңбек. | |||||
| Бастапқы білім | Тағам және сусын түрлерін атай алады. | |||||
| Сабақ барысы | ||||||
| Сабақтыңжоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
| Сабақтың басы 5 мин | 1.Психологиялық ахуалды қалыптастыру
Шаттық шеңбері: Шылдыр-шылдыр алақан Міне менің қолым Міне менің жүрегім Сені жақсы көремін. Алақан арқылы бір-бірімізге жүрек жылуын беріп, сабағымызға тілек тілейміз. Тағам мен сусындардың суреттерімен «Мозайка» әдісі арқылы топқа біріктіру. 1-топ:Ұн өнімдері 2-топ:Ет өнімдері 3-топ:Ағарған өнімдері 4-топ:Шырын өнімдері |
Қима қағаздар | ||||
| Сабақ ортасы 25 мин | Қызығушылықты ояту
Тағам және сусын туралы бейнероликті көрсету арқылы сабақтың тақырыбын ашамын. 1-тапсырма: Топтық жұмыс. «Кубизм» әдісі Дескриптор:
2-тапсырма: «Ойлан тап!»ойыны Дескриптор: 1.Тамақтану режимі туралы әңгімелейді; 2.Өзіне ұнайтын тағамдардың суретін салып, атауларын жазады; 3.Пайдалы емес тағамдарды анықтайды; 3-тапсырма: Жұптық жұмыс. «Ойлану,жұптасу,талқылау»әдісі Дескриптор: 1.Хаттың мазмұныны талқылайды; 2.Дұрыс тамақтануға қатысты ойларын жазады; Сергіту сәті: «Қара жорға» Оқулықпен жұмыс: «Семантикалық карта» әдісі Дескриптор: 1.Сурет бойынша тағам мен сусын түрлерін сәйкестендіреді. 2.Таңертең қандай тамақ жейсің, қандай сусын ішетінін анықтайды. Дәптермен жұмыс Дескриптор: – ет пен ұннан жасалатын тағамдардың атауын жазады. –сүт өнімдері мен шырын өнімдерінің түрлерін ажыратады. |
АКТ
Үлестірмелі қағаздар Суреттер Интербелсенді тақта Суреттер Үлестірмелі қағаздар АКТ Оқулық суреттер |
||||
| Сабақтың соңы 5 мин | Кері байланыс
Бүгінгі сабақта алған көңіл-күйді «Білемін», «Білдім», «Білгім келеді?» кестесіне жазып іледі |
Үш бұлт суреті | ||||
| Саралау оқушыға мейілінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз? | Бағалау | Денсаулық сақтау технологиялары | ||||
| Кейбір оқушыларға тапсырманың деңгейін күрделендіру керек. | Партада дұрыс отыру ережесін ескертемін. | |||||
| Сабақ бойынша рефлексия | ||||||
| Осы сабақты қорытындылай келе келесі сабақта педагогикалық әдіс-тәсілдерді түрлендіруді, жас ерекшеліктерін, жеке қабілеттерін ескере отырып тапсырмаларды түрлендіріп беруді ұйғардым. | ||||||
