Тәуелсіз елдің ұланымыз
Түркістан қаласы әкімдігі
«Балдырған» ясли-бақшасының
тәрбиешісі Маханова Г.Ш
Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: «Тәуелсіз елдің ұланымыз»
Мақсаты: Балаларды Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге баулу, туған жерге деген сүйіспеншілігін ояту. Елін, жерін, тілін, тарихын құрметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол тұлғаны қалыптастыру, патриоттық тәрбие беру.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының рәміздері, желтоқсан құрбандарының суреттері.
Ашық тәрбие сағатының барысы
- Шаттық шеңбер
Жарқын, жарқын үніміз,
Болашақтың күніміз.
Балабақша үйінің
Жайнап тұрған гүліміз.
- Құрметті педагогтар, кішкентай бүлдіршіндер! Тәуелсіздік күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.
Өз жеріме ие болған күн,
Тілім таза бостандығын алған күн.
Тарихыма өшпес белгі салған күн, – деп ашық тәрбие сағатымызды ҚР-ның мемлекеттік Әнұранымен бастаймыз.
Әнұран «Менің Қазақстаным»
- Балалар, біз қай елде тұрамыз?
- Қазақстан Республикасында
- Елбасымыз кім?
- Н.Ә.Назарбаев
Дұрыс, балалар. Біз ҚР-да тұрамыз. ҚР-сы өте үлкен, жері кең, көп ұлтты тәуелсіз ел. Біз Тәуелсіздікті 1991 жылы 16 желтоқсанда алдық. Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ. Тәуелсіздік – ол біздің еркіндігіміз, егемендігіміз. Тәуелсіздік жолында құрбан болған боздақтарымыз Сабира, Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова т.б.
Жұмбақтар:
- Келмеді ол жайдан – жай,
Жеңдік барлық езгіні.
Тәуелсіздік алған ай,
Жылдың қай мезгілі?(Қыс мезгілі, Желтоқсан айы)
- Тәуелсіздік жылында,
Тапқын істің шешімін.
Президент Қазақстанның
Айтшы, кәне, есімін.(Н.Ә.Назарбаев)
- Туымыздан күн қарап,
Күлімдейді әлемге.
Күн астында қандай құс,
Қанат қаққан бар елге?(Қыран)
- Көк аспанның түсі бар,
Ортасында күні бар.
Қыран ұшқан қалықтап,
Кімнің туы біліп ал?! (Қазақстан)
Болашаққа бастаған,
Жарықтайды асқақ ән.
Елордасы Отанымның,
Мақтанышым – Астанам.
Құтты болсын, Тәуелсіздік мерекесі
Мықты болсын елімнің керегесі.
Тату – тәтті боп халқымыз әрқашан,
Кетпесін туған жердің берекесі, – дей келе ашық тәрбие сағатымызды әнмен аяқтаймыз.
Ән: «Жаса, Қазақстан»
