Өнерлінің қолы алтын, Өлеңшінің сөзі алтын
Атырау облысы.Қызылқоға ауданы.Миялы селосы
Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектептің технология пәні мұғалімі
Оңғарбаева Күміс Серікбайқызы
«Өнерлінің қолы алтын,
Өлеңшінің сөзі алтын»
Мақсаты: ата-бабамыздың ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән бергенін қыз балаларға ұғындыру.Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.Әдемілікке,өнерге,ұқыптылыққа,шеберлікке тәрбиелеу.Тақырыпты дәлелді оймен аша білуге,нақты сөйлеуге баулу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Пәнаралық байланыс: әдебиет,бейнелеу өнері,күнделікті өмірмен байланыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: таблица,үлгілер,ыдыс-аяқтар,интерактивті тақта,слайд,құралдар,ұпай сандары жазылған қағаздар.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Жүргізуші:Армысыздар құрметті ұстаздар,оқушылар!
«Өнерлінің қолы алтын,
Өлеңшінің сөзі алтын» атты сайысымызға қош келдініздер!
