Ежелгі ата-бабаларымыз

Тақырыбы Ежелгі ата-бабаларымыз Мектеп: Ақтасты орта мектебі
Мұғалім: Жиенбаева Сауле
Күні 16.01.2017 Пәні: дүниетану
Сынып Қатысқандар саны:11 Қатыспағандар саны:
Оқу мақсаттары 1.3.2.1 көрнекі материалдардыңнегізінде сақтардың өмір салтын сипаттау.
Сабақ мақсаты Төмен деңгей:ежелгі ата-бабаларымыз сақтар, олардың мәдениеті, тұрмысы туралы мағлұмат алу;
Орта деңгей:сақ ханшайымы Томириспен танысy;
Жоғары деңгей:қазіргі және ежелгі тіршілікті салыстыруды үйренy.
Бағалау критерийі: – Ежелгі ата-бабамыз-сақтардың тіршілігі;

– Сақтар патшайымы-Томирис туралы біледі.

Дескриптор – Суреттердің мазмұны туралы ой бөліседі;

– сұрақтардың негізінде ежелгі ата-бабамыз-сақтардың тіршілігі, өмірі туралы әңгімелейді.

– Сақтар патшайымы-Томирис туралы әңгімелейді.

Тілдік құзіреттілік көшпенді ел – кочевник – nomadic people; көлік – транспорт – transport;
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар Ресурстар
Басы Ширату жаттығулары

(МК) Ой қозғау.

Кубизм әдісі бойынша қайталау.

Не білеміз?Алғашқы адамдар қайда пайда болды?

Сипатта. Алғашқы адамдар қандай болды?

Салыстыр. Алғашқы адамдардың қазіргі адамдардан айырмашылығы қандай болды?

Жаңалық.Отты қалай алды?

Тұрмысы. Олар қайда тұрды?

Азығы. Қандай азықпен тамақтанды?

Бүгінгі сабақта тарихқа саяхатымызды жалғастырып, ежелгі ата- бабаларымыз туралы білетін боласыңдар. Олар кімдер болған екен?

Оқушыларды топтарға бөлу мозайка бөліктері арқылы

1 топ – садақ, 2 топ – айбалта, 3 топ – қылыш.

Әр топтың суреттерінен алдынғы әріптерден сөз шығаруды тапсыру « Сақ» сөзі шығады.

Текше

Сұрақтар тақтаға ілінген.

Садақ , айбалта,қылыш.

Ортасы 1.«Ерден атаның әңгімелері» бейнеролик.

Сақтар. Біздің ежелгі ата-бабаларымыз – сақтар .Олар көшпенді халық болған.Олар өмір үшін қолайлы, әрі мал үшін шөбі шүйгін жерлерге көшіп отырған. Жау келгенде, тіпті ,әйелдері де қорған бола білген. Олардың басшысы- Томирис ханшайым . Ол –ержүрек, ер мінезді , ақылдылығымен көзге түскен. Сол заманда Томирис ханшайымы еліне парсы патшасы Кир шапқанда , елін жаудан қорғап, парсы патшасын өлтіреді. Сол кезден бастап сақтар әйел адамға үлкен сыйластықпен қараған. Сақ қоғамы үшке бөлінген. Жауынгерлер, абыздар, малшылар мен егіншілер.

Топтық жұмыс:

1-Топ. Суреттер сөйлейді.

Сурет бойынша сақтар туралы әңгіме құрау.

Үлестірме суреттер: Сақтар, ата-бабалар, көшпенді халық, киіз үй, түйе, қой, жылқы, баққан.

Дескриптор:

–Суреттердің мазмұны туралы ой бөліседі;

– сұрақтардың негізінде ежелгі ата-бабамыз-сақтардың тіршілігі, өмірі туралы әңгімелейді.

2-топ . «Ыстық орындық» ойыны.

Томирис патшайым сипаттау.

Үлестірме суреттер: Томирис, патшасы, батыл, қайсар, әдемі, қорғады.

Дескриптор:

– Сақтар патшайымы-Томирис туралы әңгімелейді.

3-топ. «Постер қорғау»

Қатынас көліктері туралы әңгімеле.

Дескриптор:

Қазіргі және бұрынғы кездегі көліктер суреттерін топтастырып,постер қорғайды.

Сен білесің бе???» (бейнеролик)

Үш тілді тіл ұстарту: көшпенді ел – кочевник – nomadic people; көлік – транспорт – transport; әскер – армия – army;

Сергіту сәті: «Көшпенділер» ойыны.

«Көш қозғалды» деген сәтте балалар шеңбер ішінде қозғалады. «Көш қоныстанды» деген сәтте қай орынға келіп тоқтады, сол орындарында қалулары тиіс. Ойын арқылы оқушылар жаңа сабақ туралы біршама түсінік алады. Осылайша бірнеше рет қайталауға болады.

Дәптермен жұмыс (33-бет). Сақтар тұрмысын бейнелеу.

Бейнеролик

Оқулық,суреттер

Орындық,

Қима суреттер.

Көлік түрлері,постер құру.

Бейнеролик

Музыка

Жұмыс дәптері. қарындаштар

Соңы Тыңдалым. «Өрмекшінің торы» әдісі

Оқушыларды шеңбер бойымен тұрып сұрақтарға жауап береді:

Бүгін не білдің?

Томирис кім?

Сақтар қандай халық?

Олар немен айналысты?

Сақтар қай жерде мекендеді?

Сақтардың қонысы қандай болды?

Көшпенділер деген кім?

Қазіргі заманғы және ежелгі көлік түрлерін ата

Аудиожазба
Рефлексия «Жетістік баспалдағы»арқылы қаншалықты түсінгендерін стикерге жазып көрсетеді. Баспалдақ суреті мен стикер
Дифференциалды оқыту – көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз? Пәнаралық байланыс

Құндылықтармен байланыс

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар сабақ мазмұнын түсінеді, тірек сөздерді біледі, қолданады.

Өзіндік бағалау. «Жетістік баспалдағы»арқылы қаншалықты түсінгендерін стикерге аттарын жазып көрсетіп, сабақ аяқталады. Қоршаған орта, орыс тілі, ағылшын тілі.

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше