Наурыз келді жеріме! (шығарма) Happy Nauryz Holiday
Қатысушы: Есен Мәрмәр
Жетекшісі: Шынасылова Г.Ж.
Наурыз- түркі халықтарының төл мерекелерінің бірі әрі бірегейі. Наурыз сөзінің шығу дастаны да ерекше. Мәселен парсы тілінде “нау” – “жаңа”, “руз” – “күн” деген ұғымдарды білдіреді. Демек, дәл осы күні күн мен түннің теңелуі жаңа жылдың басталуы деген ұғымдар бар. Әрбір үйде шырақ жағылып, ыдыстары аққа я болмаса бұлақ суына толы болады. Бұл тоқшылықтың белгісі. Бұлақ көрсең көзін аш демекші бұл күнде қыста мұз боп қатқан сулар, жас баладай сылдыр күліп бір-бірін қуалай жөнеледі. Тіпті аңдар мен құстардың да мәз мейрам болып жатқанын сезгендей боласың. Иә, себебі күн жылып,әрбір шаңыраққа ырыс- береке дари түседі.
Наурыз- ұлттық мереке. Дәстүрін құрметтеген әрбір жан осы бір мерекені ұлықтауы қажет деп білемін. Жеріне келіп жеткен мерекені дүрілдетіп өткізетін халқым, бұл күні бар ықыласымен дайындалады. Есімді білгелі менде осы мерекені асыға күтемін. Жанымнан жыр моншақтары төгіле түседі.
Наурыз келді еліме, құт-береке,
Уа, ағайын жыл бойына таусылмасын мереке.
Қуанып бір шаттанайық, тойлайық,
Тарих болып жазылсыншы елімде.
Наурыз көже пісіріліп қазанда,
Той-думандар жалғасады қашанда.
Татулықтың белгісі ғой осы күн,
Теңелгенде тілек айтар күн мен түн.
Кеудемнен жыр боп аққан осы өлең жолдары, халқымның жүрегі кең , жаны жомарт адамдар екенін ұқтыра түскендей. Бұл сәтте ұлттық ас туралы айтпай кетсе болмас. Ұлттық киелі тағам ретінде әр отбасының дастарханында ақ пен қатар наурыз көже тұрады. Ал сол астың жеті түрлі дәннен жасалатыны баршамызға мәлім. Көгеріп жер ана қайта дүниеге келгендей күйде жатқанда, қуанышымыз қойнымызға сыймай мәз мейрам болып жүргенде, қуанышқа Тәңірім нұр төккендей наурыздың жиырма екінші жұлдызында елімде ұлы той болары рас.
Мереке бастау алысымен жер-жерде көкте құстар әуенімен жалғасын табатын, қазақтың ұлттық аспаптарынан шыққан баға жетпес сазды әуен. Қазақтың дәстүрін ұлықтайтын бұл аспаптар да баға жетпсе қазына. Наурыз думанында туыстар бір-бірімен бір дастархан басына жиналады. Наруыз менің де сүйікті мерекем. Дәл осы күн еліміздің ақ сақалдары баталарын жыр ғып төгеді. Кішкентай кезімдегі атамның ақ батасы мәңгі жадымда.
Пәле- жала жерге енсін!
Төрт-түлік ақты болсын!
Өрісің малға,үйің жанға толсын!
Ақ мол болсын!
Ал қызым, сенің де қайда барсаң жолың оң болсын!
Атамның ақ батасымен көгеріп келеді менің туған жерім! Ақ шапанын киіп алып, езуінен күлкі жимастан, ұлттық ойындарды тамашалауға кетеді. Әрине атамның жанында мен де ілесіп барамын. Бәйге, қыз қуу, аударыспақ сияқты ойын түрлерінің көрермендері көз алар емес. Алаң жанға толы. Бізде Туғанбай ауылында алаңда той-думан бірнеше күнге жалғасын табады. Бала-шаға мәз мейрам, аналарымыз ұлттық киімдерін киіп бізге дәмдәі көжені ұсынуда. Ал әжелеріміз ақ кимешек киіп дәстүрлі әндерді нақышына салып айтқанда, жүрегің елжіреп тыңдай бергің келеді. Міне , осылай жыл сайын жалғасатын бұл мереке – менің тәуелсіз Қазақстанымда. Елімнің гүлденуі төл мерекелеріміздің дамып жатқанынан көрініс табады.
Дәстүр бойынша наурызда ағаштар отырғызылады. Реніші бар жандар бір-бірімен татуласады төс қағыстырады.Көктемде өсімдік атаулы жайқалып, бәйшешек қаулайды. Құстар сайрап, аңдар аунаса ойнады.Наурыздың ерекше жағы наурыз көк құсы ұшып келеді. Ал көрген адамдар, наурыз келдіңбе? деп құсқа жем шашады.Менде жыл сайын сол құсқа арман -ілегімді айтып жем шашамын. Наурыз тойындағы керемет көңіл күй ешқашан бұзылмасын.
