Бабалар мекен еткен жерім!
Қатысушы: Шынасыл Бақберген
Жетекшісі: Шынасылова Гүлмира
Туған ел неткен көркем сөз! Туған елге теңдесер не бар дейсіз?! Туған елім, туған жерім болмаса өмірге келер ме едім?! Келмеспе едім?! Халқымыз қаны тамып, туып өскен мекенді өатты бағалаған. Дуылғалы ата-бабаларымыз осы жерді,осы елді сақтап қалу үшін жанын құрбан еткен. Және де осы жерді бізге аманатқа қалдырды. Сол себепті де бізге туған елдің, туған жердің әр тасымен топырағы қымбат. Қазіргі тарихи шақта бізде отаншылдық рухта,отанға деген адал махаббатта бар. Әр Қазақстандық елін ардақ тұтып, анасындай қастерлейді. Адам елін ешқашан ұмытпайды өйткені осы жер оның өткенімен және болашағымен тығыз байланыста. Қазақ болып өмірге келу бақыт екен. Мен өз елімнің Қазақстан екеніне шексіз ризамын және рахмет айтамын. Қаным, жаным, кеудемдегі жұдырықтай жүрегім тек қазақ деп соғады. Ол Қазақстанның дамуына теңізге тамған тамшыдай болсада үлесімді тигізсем арманым болмас еді!
Жерім пайдалы қазбаларға толы. Әр жемісінен дәрумендер алуға болады. Қазақстан дейтін менің бар елім! Байлығын тізіп айтуға сан жетпестей. Әрбір домалаған тасының пайдасы бар еліме. Табиғаыт көркем менің елім мыңдаған туристтердің қиялына қанат бітірді. Көргенде арманда, көрмегенде арманда! Дәл осы тіркес мына біздің Бурайбайға арналғандай. Сарыағашы емдік сусынға бай! Тарихи қалаларда аз емес. Тіптә батыс өлкенің өзінде 362 дей әулие-әмбе мазарлары табылған екен. Шаһарды таң қалдырған Бекет ата мазары. Ол мұнай өлкесі Маңғыстауда. Атамыздың мазарында өзінің еліктері мекен етеді. Бұлақтан ағатын шипалы суы бар. Ол өлім аузында жатқан адамдарды арашалап қалған деседі.
Қазақстанның жәннаты бола білген- Жетісудай өлкесі бар.Қоршаған ортаны, бастан кешкен оқиғларды қағаз бетіне түсірген ақиық ақындарымыз да жетерлік. Қазақстан көпшіл ел. Ал сол тәуелсіздікті сақтап отырған елбасымызға алғысымыз шексіз. Қазақстанның рәміздері аса үлкен орын алады. Ту, Елтаңба,Гимн – Қазақстанның символы. Демек елімнің әрбір тасы қымбат! Мен- өз елімнің патриотымын!
