Жақсы сөз – жанға қуат
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектеп №3 шағын орталықты орта мектебі
Мерзiм № 9 сабақ
Тақырып: Жақсы сөз – жанға қуат
Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер: Жақсы сөз,бақыт, мейірімділік.
Мұғалiм: Қойайдарова Гүлнар Қойшықызы
Сынып 4 «А» Оқушылар саны 21
| Сабақ мақсаты:
Оқушыларға жақсы сөз, жақсы ой ойлаудың өзі дұрыс әрекет екендігін ұғындыру. Міндеттері: – жақсы сөз, мейірімділік, сыпайлылық, қайырымдылық дұрыс әрекет екендігін түсіндіру; – жақсы сөздерді қолдана білу іскерліктерін дамыту; – жақсы сөз айтуға, мейірімділікке, сыпайлылыққа тәрбелеу. |
Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер) |
Сабақ барысы:
нұрға бөлену Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз… Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.
48 беттегі 9 тақырып. “Сыпайы қоян” мексика ертегісін оқып келу Сұрақтар: 1. Қоян бақшада жүргенде нені көрді? 2. Қоян үңгірге кіргенде қандайжылы сөздер айтты? 3. Неліктен жылан қоянды жемеді? 4. Қоянның жылы сөздерінің өзіне қандай көмегі болды? 5. Жақсы сөз адамға қалай әсер етеді? |
Сабақ барысын талдау: |
“Жүректен шыққан сөз жүрекке жол табады” Дәйексөздің мағынасын ашу. Хормен қайталату, дәптерге жазғызу. – Жақсы сөз адамдарды достастырады, сабырлы болуға, денсаулығын сақтауға, көңілін көтеруге, ашуын қайтаруға септігін тигізеді. Әр айтылған сөзді адам жүрегімен қабылдайды. Сондықтан қолдан келгенше бір – біріңе жылы жақсы сөздер айтқан дұрыс. |
|
Сыйқырлы сөз /Орыс балалар жазушысы В.Осивадан аударылған/ В.Осива Орындықта отырған ақ сақалды үлкен қарт құмда қолшатырмен бірдеңелер сызып отырған. -Кішкене ығысасыз ба?- деп Павлик шетке қарай отырды. Қарт бұның қып – қызыл ренішті жүзіне қарап: – Саған не болды? – деді – Оның сізге қажеті қанша? – Павлик оған ала көзімен қарады. – Маған ештеңе қажет емес. Бірақ сен біреумен ренжіскен сияқтысың. – Көп ұзамай мен үйден кетемін,- деп күңк етті Павлик. – Үйден қашамысың? – Ия. Бір ғана Ленька үшін кетемін. Өзінде қанша бояу бар. Ал маған біреуін де бермейді. – Тек сол үшін үйден кетуге бола ма? – Тек сол үшін ғана емес. Бір сәбіз үшін әжем мені асханадан еден сүртетін шүберекпен қуып шықты. – Бәрі бос нәрсе. Біреуі ұрысады, екіншісі алдайды. – Мені ешкім аямайды. Ағам қайықпен қыдырады, мені ертпейді. Мен оған: “Одан да бірге алып кет, бәрібір қалмаймын, қайыққа өзім мінемін, ескегіңді алып қашамын,” – дедім. Павлик ашуланғаннан жұдырығын бір түйді. Бір уакыт үнсіз қалды. – Ағаң неге сені ертпейді деп ойлайсың? – Неге сіз бұның бәрін сұрап отырсыз? Қарт сақалын сипады. – Мен саған көмектескім келеді. Бір сиқырлы сөз бар… . Есіңде болсын: көзіне тіке қарап, жай дауыспен айту керек. Павлик аузын ашып калды. – Ол қандай сөз? Қарт баланың құлағына сыбырлады. – Бұл сиқырлы сөз. Бірақ оны қалай айту керектігін ұмытпа. – Мен қазір барып байқап көрейін. Павлик атып тұрып, үйіне қарай жүгіреді. Кідіріс жасап, сұрақ қою арқылы оқушылардың пікірін білу. – Балалар, қарт Павликке қандай сөз айтты екен? Балалар ойларын айтады. Лена үстел үстінде сурет салып отыр. Жасыл, көк, қызыл бояулар алдында жатыр. Павликті көріп бояуларын жинап, қолымен баса қойды. ” Қарт мені алдаған екен? Бұл қыз сиқырлы сөзді қайдан ұқсын?,” – деп ойлады. Павлик. Павлик оның жанына келіп, жаймен жеңінен ұстады. Қарындасы жалт қарады. Павлик оның көзіне тіке қарап, жай дауыспен: – Лена, маған бір бояу берші, өтінемін. Лена аузын ашып қалды. Қысылғанынан жай күбірледі: – Саған қайсысын? – Жасылын – Павлик батылсыздау айтты. Оған бояу қажет емес еді. Ол енді тек сиқырлы сөзді ойлап тұрған. “Әжеме барайын. Бірдеңе пісіріп жатқан. Қуып жібере ме екен?” Ол асханаға жақындады. Әжесі табадан ыссы бәліштерді алып жатыр екен. Немересі оны екі қолымен өзіне тартып, сыбырлады: – Әже, маған бір бәліш берші, өтінемін. Әжесі таң қала қарады. Сиқырлы сөз оның жүзінде, көзінде, күлкісін бәрін – бәрін жаулап алғандай. – Ыссы, бәліш керек екен ғой ботама, – деп әжесі қуанғаннан ең жақсы піскен бәлішті таңдап берді. – Қарт Павликтің қандай жүзін көрді? – Павлик неге үйден кетемін деді? – Қарт Павликке қандай сұрақ қойды? – Қарт сыйқырлы сөзді қалай айту керек деді? – Павлик бұдан кейін қандай бала болады деп ойлайсыңдар? – Жақсы сөз естігенде адамдар қандай сезімде болады? – Адамдарға жылы жүрекпен жақсы тілек тілеген сәтте қандай сезімде болдыңдар? – Бір-бірімізге жақсы, жылы сөздер көп айтылса, өмір мейірім мен қайырымға толы болып, қуаныш пен шаттыққа кенеледі. Сондықтан да барлық уақытта бір – бірімізге жүрекке жылы тиетін жақсы лебіздерді жиі айтып жүрейік. |
|
Жақсы сөздерді пайдалана отырып, диалог құрастыру. Оқушыларды төрт топқа бөлемін. 1-топ: Сабаққа кешігіп келген оқушы мен мұғалім арасындағы әңгімеден үзінді. 2-топ: Тұтынушы мен сатушының дүкендегі сыпайы қарым – қатынасы. 3-топ: Емханаға келген науқас пен дәрігер арсындағы диалог. 4-топ: Әжесі мен немересінің бір-біріне айтқан жылы сөздері. |
|
МЕЙІРІМДІ БОЛАЙЫҚШЫ,АҒАЙЫН 1.Көктем етіп көркейтсе де маңайын, Көріп жүрміз өкпешілдің талайын. Өшігуді қояйықшы өзгеге, Кешірімді болайықшы, ағайын! 2.Көк нөсерін көл етсе де жауындар, Көк пен жерді сел етсе де дауылдар. Пейілдерді пенделікпен тарылтпай, Мейірімді болайықшы, бауырлар! 3.Болашаққа қол ұстасып барайық, Ақиқаттың ауылын іздеп табайық. Кішірейіп кетпес ғазиз басымыз, Кішіпейіл болайықшы, халайық! 4. Ел болғанмен емеспіз ғой онша көп, Сонда дағы бөлінумен шаршап ек. Өзімізге қалайтұғын нәрсені, Тілейікші өзгеге де, болса деп! 5.Ұлттың қамын жүректермен ұғынып, Жұрттың жүгін көтерейік жұмылып. Қаратайық Құбылаға жүздерді, Таратайық адамзатқа жылылық! |
|
53 беттегі 10-сабақ “Екі дос” мәтінін оқып келу. Ел аузынан Дәптермен жұмыс 14 беттегі 9 сабақтың тапсырмасын орындау. |
|
Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады. Мұғалім жәй дауыспен: – Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңді ашуға болады. |
