Алтын жүрек анамыз

Жамбыл облысы ,Т. Рысқұлов ауданы Қызылшаруа ауылы

№3 шағын орталықты орта мектебі

Жетекшісі өзін –өзі тану пәнінің мұғалімі:

Қойайдарова Гүлнар Қойшықызы

Өлеңнің авторы: 8 «Б» сынып оқушысы Көшкін Аяулым

Ана деген бұл өмірдің гүлі ғой,

Ана деген бұл өмірдің жыры ғой.

Алыс кетсең сені қатты уайымдайтын,

Бір орында тұра алмай жыбырлайтын.

Жүрегіңді түсініп, жан сырыңды,

Қабақ түйсең ” не болды” деп сұрайтын.

Айтсаң егер бір анаңа бар мұңынды,

Сөзіңді шын беріле тыңдайтын.

Төрт бөліп түні бойы түн ұйқысын,

Баласын әлдилеп ұйқытататын.

Бір қолымен бесікті тербетеді,

Бір қолымен әлемді тербетеді.

Қанша өссең де өзіңді еркелетіп,

Қатеңді де еш мүлт етпей кешіріп.

Жанға қуат,тәнге шуақ сыйлайтын,

Ана ғана көңіліңді қимайтын.

Алтын жүрек аналар аман болсын!

Жарқын жүрек аналар аман болсын!

Сыйлайық аналарды құрменттейік!

Күннен асып, биікке көтерейік!

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше