Су-тіршілік көзі

Атырау облысы Атырау қаласы

М.Отаралиев атындағы орта мектептің 8 «А» сынып оқушысы

Жолдас Дильназ

Жетекші: биология пәні мұғалімі Жубанова Галя Нигметовна

Адам тіршілігінде судың рөлі өте зор, сусыз тіршілік болуы мүмкін емес.Адам ағзасына келіп түсетін тіршілік үшін маңызы зор заттар ( нәруыз,майлар, минералды тұздар, дәрумендер және т.б) үшін су- негізгі еріткіш. Тіршіліктің негізін құрайтын зат алмасу үрдісі сулы ортада өтеді. Су – жер бетіндегі тіршілік көзі. Су – бір тұтас және бөлінбейтін зат. Су – сутек пен оттектен тұрады. Тірі және өлі табиғатта жүретін түрлі процестер мен құбылыстардың адам тіршілігіне жұмсалатын заттардың ішінде судың маңызы зор.
Мұздарды, батпақтарды қосып есептегенде, жер бетінің 77,5%-ын су алып жатыр. Су қорларына – мұхиттар, теңіз, өзен, көл, жер асты сулары, мұздықтар, атмосферадағы ылғал кіреді. Су адамдар мен жануарлардың организміне еніп, онда болатын зат және энергия айналымына тікелей қатысады. Көптеген процестер тек сулы ортада ғана жүре алады. Белок суда пайда болған және осы ортада дами алады, ал белок тірі клетканың негізі болып табылады.Адам денесінің 60 пайызға жуығы судан тұратыны соның дәлелі.Су ағзаның жасушасынан өңделген зат алмасу өнімдерін жуып,бүйрек арқылы зәрмен бірге сыртқа шығарады. Күн сайын ересек адам 3 литрден астам су ішеді.Барлық қабылданған су зат алмасу үрдісіне қатыса отырып, адам ағзасынан бүйрек,өкпе және тері арқылы бөлініп отырады.Сыртқы ортаның қалыпты жағдайында дені сау ересек адам зәрі арқылы тәулігіне 1-1,5 литр суды өкпесі арқылы тыныс алғанда бу түрінде 0,5 литрге жуық ,тері мен тері бездері арқылы қоршаған ортаның климаттық жағдайына және орындалатын жұмыстың ауырлығына қарай 0,5-тен 10 литрге дейн суды бөліп шығарады.Адам судың жетіспеуін көтере алмайды.Егер ол 1-1,5 литр суды жоғалтса , шөлдейді, әлсірейді, жағдайы нашарлайды, яғни ағзаның физиологиялық үрдісі бұзылады.Қоршаған ортаның температурасы жоғары болса, ағза қызып кетіп , жылу немесе күн тиіп ауырады. Ішетін су барлық санитарлық тазалық сақтау талабына сай болған жағдайда ғана өзінің физиологиялық қызметін орындай алады.Тазалығы жөнінен су мөлдір ,иісі,дәмі жоқ болып,ең бастысы құрамында ағза үшін зиянды химиялық заттар және ауру туғызатын микробтар болмауы тиіс. Сонымен қатар адам үшін судағы еріген химиялық заттардың құрамы мен мөлшерінің де мәні зор. Ішетін судың құрамында хлордың ,темірдің,күкірттің марганецтің ,мыстың, мырыштың және басқа да химиялық заттардың қоспалары бар.Олардың суда еріген күйін анықтауда белгілі иісі, дәмі, түсі, мөлдірлігі, лайлылығы- судың сапасына және қолдануға болатын бағалауда ең маңызды көрсеткіш. Ішетін судың зат алмасудағы маңызы да, оның құрамындағы химиялық заттар мөлшерінің адам мен жануарлардың денсаулығы үшін атқаратын рөлі өте зор. «Судың да сұрауы бар»дегендей,су сарқылмасын,тоқтамасын, азаймасын,солмасын десек суды қорғау міндетіміз. «Суды шашып-төкпеу», «суды тиімді пайдалану» деген қағиданы балабақшадағы баладан, еңкейген қартқа дейін ұстанса екен. Шылым, сыра, арақ-шарапты жарнамалағанша, суды тиімді пайдалану, табиғатты қорғау секілді жайттарды ұғындыратын жарнамалар дүкенде, көшеде, кез-келген жерде тайға таңба басқандай көрсетілсе жақсы болар еді. Мемлекетіміздің басты тірегі экономика болса, оның бір жағын су қоры түзеді. Еліміз әлемге танымал болуы үшін, оның байлықтары мол болуы керек. Қазақстан Республикасының табиғи ресурстар қорын қорғау әр азаматтың міндеті екенін ұмытпағайсыздар!

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше