Темекі –жау
Атырау облысы Атырау қаласы
М.Отаралиев атындағы орта мектептің 8 «А» сынып оқушысы
Оразова Гүлнұр
Жетекші: биология пәні мұғалімі Жубанова Галя Нигметовна
Темекі түтіні –адам ағзасындағы зиянды және улы заттардың жиынтығы.Олардың ең бастысы – никотин, синиль қышқылы, көмірқышқылы,сірке қышқылы, азот,эфир майы және өкпе рагіне душар ететін әр түрлі радиоактивті элементтер.Ал ең улысы никотин.Мысалы,салмағы 16-20 кг итке бір амшы,жылқыға 7-8 тамшы никотин берсе, бир минуттың ішінде сеспей қатады екен.Адамға да бар болғаны бір-ақ тамшы /ол 10-12 тал сигаретте болады екен/ никотин жеткілікті.
Бұл улы зат –темекіні бірінші рет 1560 жылы Францияға алып келіп тартқан француздың Португалиядағы елшісі Жан Никоның атымен аталған.никотин темекі түтінімен ауызға, одан әрі тыныс жолдарымен өкпеге, ал өкпеден адам қанына сіңеді.Содан соң қан арқылы адам ағзасының түкпір түкпіріне тарайды.Сілекей арқылы жқтынғанда өңешке және асқазанға сіеді.Қан арқылы миға жетіп ,әуелі оның жүйке клеткаларын /нейрондарды/ қоздырады да, сонан соң бірте-бірте оларды уландырып, істен шығарады.Никотиннің қан түйіршіктеріндегі оттегін адам ағзасына таратушы қан тамырларына тигізетін зардабы зор.Темекі түтіні қан тамырларының салатамыр, көктамыр және қылтамырлардың ішкі қабын зақымдайды,сондықтан қан тамырлары тарылып-атеросклероз,эндартериит,тромбофлебит сияқты қатерлі ауруларға душар етеді.Сонымен бірге мидың да, жүректің де және тағы басқа ағзалардың да қан айналымы қиындап, «қорексіз» қалады.Ол ағзаларға ,әсіресе ,қан арқылы жеткізілетін оттегі жетіспейді.Соның салдарынан ,ондай адамдардың үнемі басы ауырады,жүрегі сыздайды және аяқ қолдары қақсайтын болады.Темекі шегетіндер стенокардия,инфаркт,инсульт сияқты қауіпті ауруларға шалдығады.Бір тал темекінің әсерінен сау адамның жүрек соғуы бір минутта 10-20 соққыға жиілеп, қан қысымы 20-25 пайызға көтеріледі.Неміс ғалымы Герберт Кленштің есебі бойынша –егер адам бір күнде 20 тал темекі шексе , оның жүрегіне желге қарама-қарсы дем алмай 8 сағат велосипед тепкендей күш түседі екен.Медицина ғылымының докторы Л.ВОрловскиийдің баяндауынша темекі шегетіндер стенокардия ауруымен 13 есе миокард инфарктымен 12 есе және асқазан жарасымен 10 есе жиі ауырады екен. Темекі шегетін әрбір жетінші адам қан тамырларының қатерлі сырқаты – эндартериитпен ауыратыны айқындалды. Темекі шекпейтін адамдармен салыстырғанда темекі шегетін кісілер жүрек ауруынан 2-3 есе жиі өледі және өкпе рагімен жиі ауырады.Темекіні 14-15 жасынан шеккен адамдар ,темекіні кешірек 25 жасынан шеккендермен салыстырғанда, өкпе рагінен 5 есе жиі өледі екен. Жастай шылым шеккендер ұмытшақ болып , олардың оқу үлгерімі нашарлайды, ақыл оы кемиді.Беттеріне ерте әжім түсіп ,ерте қартая басайды..Олардың қаны азайып , бастары айналады және көз нұры кемиді. Жасына жетпей дауысы қырылдап, фарингит, трахеобронхит, астма және т.б созылмалы ауруларға шалдығады.
