Тақырыбы: «Тәуелсіз елдің – талантты ұрпағымыз»
Атырау облысы Атырау қаласы
№ 4 облыстық мектеп-интернатының бастауыш сынып мұғалімі
Изтурганова Эльмира Игалиевна
Мақсаты: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі туралы білім деңгейін анықтау, ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін, жан – жақты ой өрісін жетілдіру, ой ұшқырлығын, оқуға деген ынтасын арттыру. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін өркендетуге, Тәуелсіздігіміздің шексіз, мәңгі болуына адал қызмет ететін білімді де жан – жақты дамыған, интеллекті жоғары, батыл текті, намысты ұрпақ, шынайы патриоттар тәрбиелеу. Өз Отанын сүюге, туған елінің тарихын, зиялы тұлғаларын тануға шақыру ,отаншылдық сезімін ояту, елін, жерін, құрметтеуге шақыру.
Мұғалім сөзі: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгін біз сіздермен «Тәуелсіз елдің – талантты ұрпағымыз» атты ой мен ойын сайысымызға қош келдіңіздер! Биыл үлкен мереке. Тәуелсіздік алғанымызға 26 жыл толды. Тәуелсіздік біздің ең басты бақытымыз. 1991жылы 16желтоқсан – тарихтағы ұлы күн. Бұл күн Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялайды. Тәуелсіздік. Қандай қасиетті ұғым. Тәй – тәй басқан шағынан бастап талай – талай қиындықтарға қарсы тұрған Тәуелсіздігіміздің бірте – бірте еңсесін тіктеп, тұғырын биіктеп, тамаша табыстар мен жетістіктерге жетуде.
Тәуелсіздік мерекесіне арналған ой мен ойын желісі бойынша «Тәуелсіз елдің – талантты ұрпағы» атты сайысымызды бастаймыз. Олай болса қатысушыларымызды екі топқа бөлу үшін ортаға шақырамыз.
Астана мен Атыраудың суретін мозайка құрастыру арқылы оқушыларды екі топқа бөлеміз.
Жүргізуші: – Рахмет, құрметті ойыншылар, бүгінгі ойында сіздерге үлкен сәттілік тілейміз.
Ал енді, осы сайыскердің әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен және ойын барысымен таныстырып өтуге рұқсат етіңіздер.
Әділ қазы алқасының мүшелерімен таныстыру.
Ойын 5 кезеңнен тұрады:
І кезең «Түрлі-түрлі сұрақтар… ой түртеді» яғни, балаларды ойынға бағыттау кезеңі.
ІІ кезең «Тәуелсіздік тірегі,мақал сөздің мәйегі» (мақалдың жалғасын табу)
ІІІ кезең «Суреттер сыр шертеді тереңінен» (жылдар мен суретті сәйкестендіру)
IV. «Тәуелсіздік таңының жұлдызымыз» (әннің сөзі арқылы осы әннің атауын табу)
V. «Тәуелсіздік тапсырмасы» (қолдарындағы әріптерді пайдаланып,сұраққа жауап беру)
Міне, құрметті ойынға қатысушылар, жанкүйерлер, қонақтар ойынның барлық ережелерімен таныстық, іске сәт.
Атыңнан айналайын, егемен ел,
Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.
Мерейің құтты болсын, Тәуелсіздік!
Ғасырдың тойы болшы келе берер! – дей отырып ойынымыздың
І кезеңін бастайық.
I. «Түрлі-түрлі сұрақтар… ой түртеді» Құрметті ойыншылар, бұл кезеңде сіздерге 10 сұрақ қойылады, ал сіздер, сол сұраққа тез арада, сол сәтте жауап берулеріңіз қажет. Әр нақты дұрыс жауап 1 ұпай. Бірінші болып қай топ жаңылмай, берілген сұраққа дұрыс жауап берсе, сол топ ойынды бастайды.
1-топқа
- Қыс мезгілінің алғашқы айы (Желтоқсан)
-
Мұнайлы өлке (Атырау)
3 Атырау қаласының бұрынғы атауы (Гурьев)
4.Көмірлі аймақты астана? (Қарағанды)
5. ҚР-ның мемлекеттік рәміздерін ата(елтанба,ту,әнұран)
6.Құстың негізгі мекені? (Ұя)
2-топқа
- Тәуелсіздік мерекесі қай айда тойланады (Желтоқсан)
Экспо өткен қала (Астана)
3.Астана қаласының бұрынғы атауы (Ақмола )
- Күрішті аймақ?(Қызылорда)
5.Еліміздің ұлттық валютасы қалай аталады (Теңге)
6.Жер шарының моделі( Глобус)
- Рахмет, құрметті сайыскерлер, құрметті көрермендер, мінекей І – кезеңіміз аяқталды. Осындай салмақты сауалдардан кейін, ойларыңыз оянып, ой – өріс көкжиектеріңіз кеңейіп қалды, сұрақтар әр саладан болғандықтан бірнеше тарапқа барып та қайттық, сіздер келесі кезеңдерде де осындай жылдамдық пен тапқырлықтарыңызды көрсете аларсыздар деймін.
Сонымен, ойынымыздың ІІ кезеңіне көшейік.
II. «Тәуелсіздік тірегі,мақал сөздің мәйегі» ойыншылар кезекпен өз топтарына жасырылған белгілі мақалдардың жалғасын табу арқылы түсіндіру керек. Әр ойыншыға 1 мақал және 1 минут уақыт беріледі, әрбір дұрыс жауап 10 ұпайға тең.
1 – топқа
- Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық
2 .Туған жер – тұғырың,
Туған ел – қыдырың
3.Туған жердің тасы да таныс.
- Отансыз адам — ормансыз бұлбұл
Отан от басынан басталады.
2 – топқа
1.Туған жер алтын бесік
2.Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
- Туған жердің қадірін шетте жүрсең білерсің
Отан үшін күрес — ерге тиген үлес
Отан оттан да ыстық,
Жарайсыңдар, тәуелсіздіктің тірегі болатындай ұрпақтары, тамаша ойын көрсете білдіңіздер. Ой – өріс көкжиегінің биіктігі осы кезеңде керемет байқалды десем артық емес шығар. Міне құрметті көрермендер ойынға қатысушы сайыскерлерлердің жан – жақтылығын, ой ұшқырлығын байқаған шығарсыздар? Көрермендермен жұмыс. Олай болса, келесі кезеңге көшпес бұрын сіздердің де жанкүйерлер ретінде осы ойыншылардың қоржынына үлес қосуларыңызға мүмкіндік берелік. Ол үшін мен сіздерге 1 минут уақыт беремін және мына алдарыңыздағы шатаспа кестесінен Тәуелсіз Қазақстанымыздың қала аттарын тауып айтуыңызды сұраймын. Қай топ жанкүйерлері көбірек қалаларды атаса сол топтың қоржынына 3 ұпай қосылады. Шатаспа кестесі тақтаға ілінеді.
СКЕӨНМЕ, ЗАТАР, ЛҚҒОАТДНРЫА, ӨБҚТЕА, ЗҒНАЖҚЕЗН,ЕЫТШМКН, АНТСАА,ТУАЫРА. ( Астана, Шымкент, Өскемен, Тараз, Талдықорған, Ақтөбе, Жезқазған, Атырау).
III. «Суреттер сыр шертеді тереңінен» атты бұл кезеңде суреттермен ұсынылған сандарға қатысты жауаптар тақтада ұсынылған сандарда ойыншылардың мақсаты суретке мұқият қарап,берілген 1 минут уақыт ішінде суреттер мен сандардың дұрыс сәйкестіктерін табу. Әрбір дұрыс жауап 10 ұпайға тең.
1 – топқа
1991 жылы 16-желтоқсан – Қазақстан тәуелсіздігін жариялады.
1993 жылы 15- қарашада ұлттық валютасы төл теңгеміз айналымға енді.
1998 жылдың 6 маусымында оған Астана деген ат берілді
2 – топқа
1991 жылы 1- желтоқсанда түңғыш президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
1992 жылы 4- маусымда ҚР-ң мемлекеттік рәміздері бекітілді.
1995 жылы 28 қаңтарында 30тамызда ҚР -ның тұңғыш «Ата заңы » қабылданды
Жүргізуші:- Иә, құрметті ойыншылар, менің ойымша, мектеп бағдарламасынан да жаман нәтиже көрсетпедіңіздер
IV. «Тәуелсіздік таңының жұлдызымыз» Өлең сөздің патшасы дегендей әннің мәтіні мәнерлеп оқылады екі командадан бір – бір қатысушыдан шығып әннің атауын табу керек, ұпай бірінші болып тапқан ойыншының тобына есептеледі. Әрбір дұрыс жауап 20 ұпай.(Желтоқсан желі, Елім менің,Атырау .Астана)
1. Желтоқсан бірде,
Ел тоқсан түрде,
Келетін мүлде жайдарлы,
Сол жылы бірақ
Әдеттен жырақ
Көрінді шын ақ айбарлы. (Желтоқсан желі)
2. Арайлап таңым,асқақтап тауым,
Ән ойнап көгім,күй тартты көлім.
Қол жетті міне,аңсаған күнге,
Жасай бер,жаса ,қазағым менің.
Қазақстаным – жасыл орманым,
Қуанышымды жасыра алмадым.
Аңсаған бабам,аңсаған елім!
Бостандық еді-ау асыл арманың.(Елім менің)
3.Атырау ардақты –өлкем,арманды өлкем
Аяулап жанған көркем,тұрғанда ертен
Аңсап келіп алыстап,жансырымды шертем
Толқыныңмен жарысқан менде бір еркең
Аққудың қалқып әнін,көңілім шалқыған
Жайықтың шоқыларын
Өзіңмен тең барма екен (Атырау қалам)
4. Екеумізге ыстық ,ол жақта
Есілмен сол бір күн
Біздерге қызығар көз ілмей
Еркелей ағатын толқыны
Қазағымның ордасын
Тәңір өзі қолдасын
Бағың бастан таймай
Жасай бер,мәңгі жайнай
Бар алаштың анасы
Ғашықтардың қаласы
Жүрекке сезім туған
Есілдің ерке жағасы (Астана)
V. «Тәуелсіздік тапсырмасы» Сөз жұмбақ қатысушылардың көздері байланып қолдарына әр түрлі әріптер беріледі, жасырылған жұмбақтың жауабын қолындағы әріпке қарай табу басты шарт, сұрақпен бірге қатысушылардың әріптері де ауысып тұрады. 1минут әрбір дұрыс жауап 30 ұпайға тең.
1- топқа
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі (Қазақ тілі)
2.Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев кім? (Елбасы)
3. Желтоқсан құрбандарының бірі (Қайрат)
2 – топқа1. Біздің ұтымыз қандай? (Қазақ)
- Қазақстан Республикасының негізгі нышаны ( Рәміз)
3.Байрағымызда бейнеленген құс (қыран)
Әділқазы алқасына сөз беріледі.Жеңімпаз топты мадақтамамен марапаттайды.
Қорытынды: Біздің басты құндылығымыз – Тәуелсіздігіміз! Сол үшін де бүгінгі жас ұрпақ Тәуелсіздігімізді ардақ тұтып, қадірлей білгені абзал. Бүгінгі «Тәуелсіз елдің – талантты ұрпағымыз » атты өткізілген ой мен ойында барлығымыз таланты ұрпақ екенімізді дәләлдей білдік. Осымен сайысымыз аяқталды.
.
