Тақырыбы: «Қызықты ойындар»

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Көптоғай ауылы

«Айгөлек» балабақшасының

тәрбиешісі: Шойынова Айнұр Смағұлқызы

Ұйымдастырылған оқу қызыметінің технологиялық картасы.

Тобы: 1 №1 Күні. айы. жылы: 12.12.2017ж.

Білім беру саласы: Таным.

Ұйымдастырылан оқу қызметі: Сенсорика

Өтпелі тақырып:

Тақырыбы: «Қызықты ойындар».

Мақсаты:

Білімділігі: Тапсырмалар барысында балалардың ойлау қабілетін, зейінін дамыту.

Дамытушылығы: Ойынға, тапсырмаларды орындауға деген қызығушылықтарын арттыру.

Тәрбиелігі: Тапқырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: Көрсету, үйрету, орындату, ойындар, сұрақ-жауаптар.

Көрнекілері мен құрал жабдықтар: Кіші доптар, әр-түрлі түсті шарлар, әр-түрлі пішіндер.

Билилингвальный компонент: Ойындар-игры.

Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс- әрекеті
Мотивациялық

қозғаушы бөлім

Тосын сәт: Сәлеметсіңдер ме балалар?-деп Сайқымазақ кіріп келеді.

Балалар мені танып тұрсыңдар ма? Мен кіммін?

Балалар мен қайда келдім ?

Балалар бүгін мен «Қызықты ойындар» цирк ұйымдастырмақшымын. Цирк әлемінен келдім!

Саламатсыз ба? Қайырлы күн. Үш тілде амандасады.

Сайқымазақ

Алтын кілт балабақшасына келдіңіз.

Ұйымдастырущы ізденуші бөлім -Балалар бүгінгі күнімізді мейіріммен, қуанышпен бастайық. Балалар , қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілінде ауа-райы қандай болады?

-Жоқ, мен тек қонаққа келгем жоқ, балалардың білімді, ақылды, тәртіпті екендеріне көз жеткізуге келдім. Сонымен қатар қызықты ойындарымды да ала келдім. Өйткені осында өте ақылды балалар тәрбиеленіп жатыр екен.

-Ой, ой, ой

Сайқымазақ калтасынан доп шығарып сұрайды, бұл не балалар? Доптың пішіні қандай? Ал енді осы доппен ойын ойнағым келіп тұр.

Сайқымазақ: Балалар «Түстерін тап» ойынын ойнасақ қалай қарайсыңдар? Мен сендерге 2 шелек берем. Бірі қызыл ал екіншісі жасыл

осы шелекке доптардың түсіне қарай ажыратып шелекке саламыз (қызыл, жасыл).

Сайқымазақ доптарды шашып жібереді.

Сол кезде балалар допты алып түсіне ажыратып, арнайы шелекке доптарды салады.

Сайқымазақ: Балалар менің досым құтжолды ұмытып кетіппін маған ренжіп жатыр. Сендер маған көмектесесіңдер ме? Менің досым құтжолға көңілді пішіндерден үйшік құрастырып беріңдерші. Ойын «Көңілді пішіндер».

Сайқымазақ: Жарайсыңдар балалар, сендер тапсырмаларды жақсы орындадыңдар, ойнадыңдар, сендер жақсы тапқыр балалар екенсіңдер!

Сайқымазақ: Ой, менің досым Шимұрын келе жатқан сияқты!

Қарсы алайық.

-Сәлеметсіздерме балалар! Мен шимұрынмын, мені циркке шақырып еді, кешігіп келдім кешіріңдерші!

Шимұрын: Балалар, шаршаған шығарсыңдар, кәне бір серпіліп алайық, Менімен «Көпіршіктерді жару» ойынын ойнайық .

Сайқымазақ: Балалар, енді менің сиқырымды тамашалаңдар!

Ши мұрын мадақтап бәріне дәрумен береді.

Сайқымазақ пен сергіту сәтін орындайды.

Сергіту сәті:

Бала, бала балақай

Кәне қайсы алақай?

Саусақтарың әйбат,

Былай-былай ойнап

Көңіл күйлерің қалай ?

Енді балалар кететін уақытымыз таяп қалды. Сендермен қызықты ойын болды. Бірақ біз тағы басқа балаларға цирк көрсетіуіміз.

Ал сау болыңдар қонақтар!

Қыс мезгілі.

Қар жауады.

Боран болады.

Дала салқын.

Дөңгелек.

Доп.

Балалар қызыға ойынға араласа бастайды.

Балалар үйшік құрастырады.

Көңілді болып тұрады.

Балалар бірге шарды жарып ойнайды.

Сергіту сәтін жасайды.

Тамаша!

Рефлексивті

Коррекциялаушы бөлім

Балалар жарайсыңдар! Сендерге цирк қонақтарының ойыны ұнады ма? Ұнады.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: Түстерді, пішіндерді танып атайды.

Қандай түсініктерді игереді: Ойынға қуана араласады.

Меңгерген дағдыларымен іскерліктерін қолдана алады: Тәрбиешінің айтқандарын мұқият тыңдайды.

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше