Ересек №1 «Балбұлақ» тобы
Атырау облысы Атырау қаласы
№19 «Шұғыла» балабақшасы Ересек №1 «Балбұлақ» тобының
тәрбиеленушісі Қасым Нұрия
Жетекшісі: Куптлеуова Замира Жаңабайқызы
Шаңырақ, қасиетті шаңырағым,
Өзіңсің кие тұтып табынарым.
Шаңырақ сен көтеріп келесің ғой.
Ата мен бабамыздың әруағын.
Шаңырақ биіктесің асқар алып,
Естілер шаңырақтан жасқанады.
Кемелді келер күнің, кереметің,
Бәрі де шаңырақтан басталады.
Биік болсын еңселі шаңырағың,
Болсын мәңгі қайда да сағынарың.
Шаңырақта ұстап қал, ортайтпашы
Салтын сақтап бабаның қабыл алғың.
Атырау облысы Атырау қаласы
№19 «Шұғыла» балабақшасы Ересек №1 «Балбұлақ» тобының
тәрбиеленушісі Ғайни Арсен
Жетекшісі: Куптлеуова Замира Жаңабайқызы
Алақаны ақ самал, мәпелеген жан ана,
Көкте күнім батса да, зің күнсің балаңа.
Теңдесі жоқ данасың.
Арқа тұтар панасың.
Еңбегіңді ақтайтын,
Аман болшы анашым.
Бар өмірдің жүрегі,
Өзің алтын ордасың.
Тірлігімнің тірегі,
Уайымың болмасын.
Жүре берші қасымда,
Әйбат анам, ай анам.
