Мамандығым мақтанышым. (Эссе)
Атырау облысы Атырау қаласы
№19 «Шұғыла» балабақшасының әдіскері
Куптлеуова Замира Жаңабайқызы
Тәрбиеші –жеке тұлғаны қалыптастырушы, тәлім –тәрбие өнегесінің бастаушысы, арманын қанаттандырушы тұлға.
Тәрбиесіз бала білім ұғар ма?!
Олай болса, уысыңнан шығарма.
Қатты тәртіп көрсе,бала күнінде
Өнерімен қуантады түбінде.
Тәрбиеші атына айтылған жылы сөзді естуді өзі бір ғанибет емес пе?!
Оны жүрегіңмен және жан-тәніңмен сезіне аласың. Бүлдіршіндермен жұмыс жасаудың үлкен бақыт екенін осы тәрбиеші болып еңбек ете жүріп сезіндім.
Оқуымды аяқтаған соң әрине балабақшаға орналастым. Жастық шақ,көптеген сәбилер –біреуі жылайды,енді біреуі шектен тыс мазасызданады …… Әлі есімде, топтағы 25-балаға қалай ие боламын. Жылаған баланы қалай жұбатамын?… Осындай сауалдарға алғашында жауап іздеп, өзімде мазасызданатынмын. Ал, қазір, бәріде өзгеше. Балабақша есігін ашсам- «Бақытты балалық шақ» әлеміне кіретінімді түсінемін. Әр мамандықтың өз қиындығы бар,өз қызығы бар.Тәрбиешінің жұмысы күрделі де, қызықты. Кейде жұмыстан соң өзімнің қатты шаршағанымды сеземін. Алайда балалармен бірге өткізген күнді талдай отырып, олардың маған деген ықыласын, жақсы көрген көздерін, тәтті қылықтарын, бір сәт еске түсірсем шаршағанымды сол сәтте-ақ, ұмытамын. «Балалар әлемінің» қызығына бір енсең, одан ешқашан басқа жаққа кете алмайсың деп ойлаймын. Өйткені осы салада еңбек еткениме міне 23-жылдың үстінде екен, бала –пәк, бала-тап- таза. Мөлдір бұлақтың бастауы,көзін ашып тұнығына қану үшін қаншама еңбек пен тер төгу керек десеңші! Балаларды ана тілінде әдемі сөйлету, олардың ой –сезімдерін анық, еркін, көркем жеткізе алуға баулу, танымдық қабілеттерін дамыту-тәрбиешінің мақсаттарының бірі.
Міне, ұстаз деген осындай киелі мамандық.Ұрпақ тәрбиелеу,оған ғылыми тұрғыда мәлімет беу, өмір сүруге үйрету оңай шаруа емес. Оны осындай қиын да қызықты іспен шынайы айналысқан жандар ғана түсіне алады .Мен жас балғындарға арнаған осы уақыттарды өмірімдегі ең бағалы әрі бақытты кездерім деп есептеймін. Тобымда бүлдіршіндеріммен болған әрбір сағатым мені жаңа әлемге енгізгендей болады .Әр таңда өз кішкентай достарымды асыға күтемін,олардың әрқайсысы бүгін қандай көңіл- күймен келетінін ойлаймын.Кішкентай адамның көкірегі ашық,жүрегі жұмсақ, ол маған сенеді. Бұл сондай үлкен жауапкершілік!
«Өзгенің бақытын аялаған, өзінің уақытын аямаған» адам ғана тәрбиеші бола алады. Тәрбиеші жұмысқа уақытпен санаспай өзін ұстаз ретінде емес, тәрбиеші-ана ретінде кірісуі абзал.«Жұмыс уақыты біткенше ғана тобымдағы балалардың өміріне жауаптымын» деп ойлайтын тәрбиешілер қателеседі. Тәрбиеші балаларды бауырына басып ,басын сипап ,еркелететін жерде еркелетіп,ақыл айтып,жан дүниелерін түсінуге тырысса,олар да жақын көріп,анасы сияқты сырын айтып,өз балаңдай боларына күмән жоқ. Өзі де тәрбиелі,мәдениетті, әдепті болу керек. Егер өзі өрескел мінез танытып, балаларға ұрыса берсе, ондай тәрбиеші көздеген мақсатқа жете алмайды.
Балалардың да мінез-құлықтары әртүрлі, ерке, шолжаң, бұзық. Қаншама тырысқанмен тәрбиеге көбейтін қиын балалар кездеседі. Осыдан тәрбиешінің жұмысының алға басуы оның шеберлігіне байланысты екнін жақсы түсіндім. Бұл жерде А С Макаренко: «Балаларды тәрбиешінің сенімді әрі айқын білімі, білгірлігі,қолынан келмейтіні жоқ ісмерлігі, жұмысқа әрдайым дайын тұратындығы қызықтырады» деп көрсеткен.
Тәрбиешінің шеберлігі-бұл балалардың ыңғайын табудың жаңа жолдарын іздестіру ,оларға ықпал ете білу. Балаларға тәрбиелік ықпалдың тиімділігі олармен көбіне дұрыс қарым-қатынас жасай білуіне байланысты, бұл оңай емес. Басқалармен бірден ортақ тіл тауып,араласу қиын. Менің ойымша тәрбиешінің міндеті тәрбиеленушілерді қоғамдық өмірде өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру, өмірге, болашаққа деген сенімдерін бекіту. Халқымыздың мынадай даналық сөзі бар: «Лашын құсқа ауа қадірлі, жүйрік атқа дала қадірлі, ата анаға бала қадірлі». Баланы өсіріп өсіріп азамат етіп шығару үшін қаншама шыдамдылық, жауапкершілік, ізденіс, уақыт керек .
Сондықтан олардың білімді, тәрбиелі, ұлтжанды, халқын сүйетін азамат болып өсуі мен үшін үлкен мәртебе деп ойлаймын. Кішкентай бүлдіршіндерімнің қуанышын, ата-аналардың бақытты жүздерін көргенде мен өзімді кереметтей бақытты сезініп,балдарымның жетістіктерін көргенде көзіме еріксіз жас келеді. Осы тәрбиеші мамандығын қателеспей таңдағаныма шын көңіліммен риза болып, әр адам өзі сүйген мамандықпен, еңбек етсек қандай бір ғанибет десеңші деген ой келеді.
