Жаңа сабақтар

Тақырыбы: Алғашқы адам қалай пайда болды?

Атырау облысы Атырау қаласы

М.Отаралиев атындағы негізгі мектептің тарих пәні мұғалімі

Канатова Даржан

1 тарау. Мектеп:Атырау қаласы.

М.Отаралиев атындағы негізгі мектеп.

Уақыты Мұғалім: Канатова Д.О.
Сынып:5 Оқушы саны:
Қатысқаны: Қатыспағаны:-
Сабақтың тақырыбы Алғашқы адам қалай пайда болды.
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаты 5.1.1.1-түрлі теориялар негізінде адамның

пайда болуын түсіндіру;

5.1.1.2. адамдар тобыры, ру, қауым, тайпа секілді алғашқы бірлестік формалары және олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын түсіндіру

Сабақтың мақсаты Барлық оқушылар:

-Адамның шығу тегі туралы теорияларды біледі;

Оқушылардың басым бөлігі;

-Адамдардың табылған жерлерін анықтап, адамдардың өзгеру себептерін сипаттайды;

Кейбір оқушылар;

Алғашқы адамдардың бірлесіп өмір сүруіне мысалдар келтіреді;

Бағалау критерийі -Адамдардың шығу тегі туралы теориялар мен табылған жерлерін анықтайды;

-Алғашқы адамдардың өзгеру себептерін сипаттайды;

-Алғашқы адамдардың бірлесіп өмір сүрудегі себептерін түсіндіреді;

Тілдік мақсаттар Диалогқа арналған тармақтар: Адамның шығу тегі туралы теорияларды айтады, өзгеру себептерін анықтайды;бірлесіп өмір сүру себептерін түсіндіреді.

Лексика және терминология:

тобыр, ру, қауым, тайпа

Айтылымға арналған тіркестер:Алғашқы адамдар еңбек етудің, ойлаудың арқасында дене құрылысы , ми өлшемі уақыт өте келе өзгеріске ұшырап отырды.Алғашқы адамдар бірте-бірте өмір сүру үшін тобырға, руға, қауымға, тайпаға бірігіп еңбек етті, от жағуды үйренді.

Құндылықтарды дамыту Еңбекке баулу, қарым-қатынас жасау қабілеті, айналасындағыларға қамқорлық жасау
Пәнаралық байланыстар Қаз. тарихы 5 сынып – Алғашқы адамдар өмірі.

Материктер географиясы 7 сынып -Еуразия материгі.

Алдыңғы білім Алғашқы адамдар туралы біледі.
Сабақ барысы
Сабақтың кезендері Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері ресурстары
Сабақтың басы

5 мин.

Ширату.«Бес саусақ» әдісі.

Оқушылар ақпараққа саусақ суретін салады. Әр оқушы алақан ортасына «Адам дамуында еңбек ету- қандай адамгершілік қасиеттерді қалыптастырады?» сұрағы жазылады.Оқушылар 5 түрлі қасиеттерді жазады.Одан әрі алғашқы адамдардың және олардың еңбек құралдарының суреттері көрсетіледі.Оқушылар суретке қарап бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтайды.

http://www.mhealth.ru/health/healthnews/evolyucziya-cheloveka-prodolzhaetsya/

Алғашқы адам «пайда болуы туралы бейнекөрсетілім сілтемесі.https://www.youtube.com/watch?v=6SWaYLbqfOM

Сабақтың ортасы

15 мин.

10 мин.

1 тапсырма: Адамның шығу тегі туралы теориялар мен табылған жерлерін анықтаңыз.

Адамның пайда болуы туралы екі түрлі көзқарасты атаңыз
Алғашқы адамдар Табылған жерлері

ҚБ:Оқушылардың түсіну деңгейін анықтау үшін «Конверттегі сұрақ» әдісі арқылы оқушыларға сұрақтар қойылады.

Бағалау критерийі Дескриптор
Адамдардың шығу тегі туралы теориялар мен табылған жерлерін анықтайды
  • Адамның пайда болуы туралы теорияларды анықтайды;
  • Ақпаратты саралап, кестемен жұмыс істеуге үйренеді.

2 тапсырма: «Палеолит», «Адам түрлері» мәтіндерін оқып шығып,алғашқы адамдардың өзгеруініңсебептерін сипаттаңыз.

Әдіс: «Мәтінмен таныс».

Адам түрлері Алғашқы адамдардың өзгеру себептері

Қ/Б:Оқушылардың білу деңгейін анықтау үшін «Сұрақты қағып ал» әдісі арқылы оқушыларға сұрақтар қойылады.

Бағалау критерийі Дескриптор
Алғашқы адамдардың өзгеру себептерін сипаттайды. -алғашқы адамдардың өзгеруінің себептерін сипаттайды, біледі.
10 мин.

5 мин.

3 тапсырма. Оқулықтың 11-ші бетіндегі суреттерін пайдаланып, адамдардың бірлесіп өмір сүрудегі себептерін атаңдар.

Әдіс: Логикалық тізбек.

Қ/Б: Жинақтау деңгейі бойынша тақырыпты меңгерту Серпілген сауал» әдісі алынды. Оқушылар оқулықтағы суреттерді пайдаланып өз ойларын құрастырып,біріктіріп,тұжырымдап, жинақтайды, қорытындылайды.

Бағалау критерийі Дескриптор
Алғашқы адамдардың бірлесіп өмір сүрудегі себептерін түсіндіреді.
  • Алғашқы адамдардың тобыр болып өмір сүруін түсіндіреді;
  • Алғашқы адамдардың рулық қауымын түсіндіреді;
  • Тайпалық өмірді түсіндіреді.

Кері байланыс: Б.Б.Б. кестесі.

Білемін Білдім Білгім келеді
Саралау-Сіз қандай

тәсілмен

көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз ?

Бағалау-Сіз оушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
Саралап оқыту тәсілінде оқушылардың тұлғалық-психологиялық ерекшеліктері, қабілеттері, мүдделері ескеріліп, оңтайлы жағдай жасау көзделеді.Саралау тапсырмалары түсіну, білу бойынша оқушы деңгейіне қарай іріктеп алынды.Сабақты ұғыну үшін тірек сызбасы, кесте, мәтінмен жұмыс, логикалық ойлау тапсырмасы пайдаланылады.Жеңілден күрделіге қарай өтуі пайдаланылады. Оқушылардың материалды игеру деңгейін тексеруде қалыптастырушы бағалау әдістері қолданылды.Мысалы: «Конверттегі сұрақ», «Сұрақты қағып ал» әдістерімен білімді меңгеру деңгейлері анықталады. Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығуы мен жас ерекшеліктеріне қарай белсенді жұмыс түрлерін қолданылады.

Осы сабақта қолданылатын

қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары сақталады.

Сабақ бойынша рефлексия Кері байланыс: Б.Б.Б. кестесі.

Білемін Білдім Білгім келеді

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.