Жидебайға саяхат

Күні: 05.05.2017 Мектеп:№53 мектеп-лицейі, Астана қаласы
Пәні: қазақ әдебиеті Мұғалімнің аты-жөні: Базарова Ақкенже Мырзаевна
Сынып: 5-сынып Қатысқан оқушылар саны: Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы Жидебайға саяхат ҰМЖбөлімі: Саяхат және демалыс
Ойлау деңгейі Қолдану. Жинақтау
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары 5.Т/А6.Коммуникативтік жағдаятқа сай эмоционалды сөздерді,дауыс ырғақтары арқылы қыстырма,қаратпа,одағай сөздерді еркін қолданып,диалогке даярлықсыз қатысу,өз пікірін білдіру.
Сабақтың мақсаттары 1.Барлық оқушылар жасай алады:бейнефильм көру арқылы оқушылар диалог құрайды.
2. Оқушылардың көбі жасай алады: сұрақтар құрастыра алады,қыстырма,қаратпа,одағай сөздерді қолданады.
3. Оқушылардың кейбірі жасай алады:нақты ақпараттарды анықтауға арналған сұрақтар құрастырады.
Тілдік мақсаттар -Эмоционалды сөздерді,дауыс ырғақтары арқылы қыстырма,қаратпа,одағай сөздерді еркін қолдану.

-Диалог.

Бағалау критерийлері Тыңдалым мазмұны бойынша берілген диалогке даярлықсыз қатысады.

Қаратпа,қыстырма,одағай сөздерді еркін қолданады,өз пікірін білдіреді.

Құндылықтарға баулу Тарихтың,мәдениет пен тілдің біртұтастығы.
Пәнаралық байланыс Қазақ тілі, әдебиет, тарих
Осыған дейін меңгерілген білім Қыстырма,қаратпа,одағай сөздерді қолдана алады.

Эмоционалды сөздерді біледі.

Жоспар
Жоспарланатын уақыт Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз) Дереккөздер
Сабақтың басы

5 минут

2 минут

Ұйымдастыру кезеңі: Тренинг: «Саяхатқа шығу»

Әр топтан бір–бір белсенді оқушыларды ортаға шығарамын.Осы оқушыларға сұрақ қою арқылы қастарына басқа оқушыларды топтаймыз.Бұл тренинг белсенді оқушыладың барлығы бір топта болмауына ықпал етеді.

1.Саяхатқа кіммен барасың?

2.Алған әсеріңді кіммен бөлісесің?

3.Ол туралы сырыңды кімге айтасың?

Ал енді бүгінгі сабақ не туралы деп ойлайсыңдар?

Сабақтың ортасы

15 минут

17 минут

Сабақ соңы

5 минут

  1. Бейнефильм тыңдау «Жидебайға саяхат».
  2. «Қабырғадағы суреттер».

Саяхат барысында балаларға «Қабырғадағы суреттер» арқылы диалог құрауға тапсырма беремін.

Ғашықтар мекені Сөйлейтін тас

Көкжиекпен астасып жатқан

Қызғалдақты қырларды қақ көгілдір таулар

жаратын Аягөз өзені

Абай сызған мұражай Абай мекені

Ұлы әже-аналар

2 тапсырма.Жидебай жерінен тапқан қазыналарын фильм сюжеті бойынша ретімен орналастыртып,сұрақтар құрастыру арқылы жауаптарын тыңдаймын

1-топ

Сөз тіркесі Сұрақтар
Бабалар махаббаты «Қозы Көрпеш-Баян сұлу»жырынан басқа қандай ғашықтық жырларды білесіңдер?
Мәңгілік махаббат мұнарасы «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» күмбезі туралы не білеміз?
Аягөз өзені Жидебай қай жерде орналасқан?

2-топ

Сөз тіркесі Сұрақтар
Дала кемеңгері Жидебай жері несімен ерекшеленеді?
Шебер Абай Жидебайдағы салынған үйге Абай қандай ерекшелік енгізді?
160 жыл Бұл жыл несімен ерекшеленеді?

3-топ

Сөз тіркесі Сұрақтар
Ұлылар мекені Неліктен ұлылар мекені деп аталған?
Мұражай үйі Құнанбай қыстаған мекен туралы не білесің?
Жидебай жері Жидебайдағы Абай үйінде кімдер бас қосқан?

Кері байланыс:

«Автобуста»әдісі

1.Сендер үшін бүгінгі сабақта не қызықты болды?

2.Бүгінгі сабақта нені ұқтыңдар?

3.Қандай тапсырмалар қиындық туғызды?

.

YouTube желісінен алынған

«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» кесенесі,тас,өзен,тау,мұражай үйі,Абай ескерткіші Ұлжан мен Зере кесенесі.

БФЕ(Әдісі кестесі)

(Барлық факторлерді ескеру).

Ойлау деңгейі Бағалау критерийі Дескриптор
Қолдану

жинақтау

1.Тыңдалым мазмұны бойынша берілген диалогке даярлықсыз қатысады.

2. Тыңдалым мәтіні бойынша сұрақтар құрастырады,оған жауап береді.

-қыстырма,қаратпа,одағай сөздерін еркін қолданады;

-диалогке даярлықсыз қатысады;

-суреттерді ретімен орналастырады;

-сол суреттер бойынша сұрақтар құрастырады;

-нақты ақпараттар бойынша жауап береді;

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше