Мен не үйрендім? Денсаулық – зор байлық
Астана қаласы № 30 мектеп-гимназия
Искакова Асем Айдарбековна
Сыныбы: 5Д
Өткізілетін күні: 20.01.2018 ж.
Сабақтың тақырыбы: Мен не үйрендім? Денсаулық – зор байлық
Мақсаты:
Білімділігі: Әртүрлі тілдік тапсырмалар арқылы модуль бойынша алған білімдерін бекіту
Дамытушылығы: Модуль бойынша берілген қазақша мәтіндер негізінде жұмыс істеу арқылы ойлауға,ізденуге жетелеу.
Тәрбиелігі: Тілдік коммуникация барысында саламатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ашық сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топтастыру,кезең-кезеңмен тапсырмаларды орындау
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар,тақырыпқа қатысты суреттер, желім қағаздар,суреттер,А4,А3 парағы,түрлі-түсті қарындаштар мен фломастерлер.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезені
Сыныпты 3 топқа бөлу. 1 мин
1-топ. «Дәрумен»
2-топ. «Дәрігер»
3-топ. «Денсаулық»
Әр топ үй тапсырмасына «Денсаулық-зор байлық»
Тақтада. Денсаулыққа не пайдалы, не зиян?
Үй тапсырмасын тексеру. 5 мин.
Үй тапсырмасын тексеріп болғаннан кейін,
спорт сыныбы дене шынықтыру жаттығуын жасайды 2 мин
ІІ. Жаңа сабақ
М: – Балалар,бүгінгі сабақтың тақырыбы: Мен не үйрендім? Денсаулық-зор байлық.
М: – Сабақтың мақсаты: «Денсаулық-зор байлық» тарауы бойынша не үйрендік,осы тараудан қандай білім жинадық осының бәрін бүгінгі сабақта тапсырмаларды орындау арқылы көрсетеміз.
Бүгінгі сабақ кезең-кезеңмен, тапсырмаларды орындау арқылы өтеді. Әр топты сабаққа белсене қатысуын сұраймын. Әр дұрыс жауап үшін 1-ұпаймен бағаланып,кімде ұпай саны көбейсе сол топ жеңімпаз, «Тарау білгірі» атағына ие болады.
-Сонымен 1-кезең.
Ең бірінші байлық-денсаулық деп атап өттік. Одан да басқа қандай байлық түрлерін біз ажырата білеміз?
1-тапсырма. Диаграмманы толтыр. 3 мин.
Берілген сөздер: Үй,мұхит,ақша,ата-ана,денсаулық,мұнай,өсімдік,туыс,туған жер,дүние-мүлік,білім,таза ауа,тау,дене мүшелері,өмір.
2-тапсырма. Сөздікпен жұмыс.Қай топ тарау бойынша көп сөз тақтаға шығып жазады. 2 мин
3-тапсырма. Семантикалық картаны толтыр. 3 мин.
4-тапсырма. 2 мин
-Балалар,әр топқа жұмбақ жасырамын.
- Медбике мен дәрігер
Таң сәріден жұмыс істейді.
Бар көмегін аямай
Ауруларды емдейді.
Кім айтады
Бұл қай жер?
- Ертемен күнде сен,
Қолыңа сүйкесең
Кетіп кір, ласың
Тап-таза боласың
Бұл не? - Іш ауырса, тіс ауырса
Анам дәрі береді.
Барлық ана,барлық бала
Оны жақсы көреді.
Ол кім? Қандай мамандық?
5-тапсырма. Мәтін жаз. 7 мин
Осы тарауда біз грамматикалық тақырыпты өткенбіз. Тапсырма бойынша әр топ берілген үстеулерді қолданып 5 сөйлем құрастырып тақтаға жазады.
6-тапсырма. Емханада сырқатыңа байланысты кімге баратының туралы сөйлемді толықтырыңдар. 5 мин
1.Жүрегің ауырса, … көрін.
2.Тісің ауырса, … бару керек.
3.Тұмауың болса, … бару керек.
4.Көзің ауырса, … бар.
- Құлағың ауырса,… бар.
-
Дәрі керек болса,… бар.
-
Емделсең,… жазыласың.
8.Жазылсаң … шығасың,сабаққа барасың.
Қажетті сөздер: кардиологқа,терапевтке,лорға,дәріханаға,тіс дәрігеріне,окулистке,жұмысқа,тез.
7-тапсырма. Сөздік диктант.Сөздердің аудармасын жазамыз. Қарсы топ тексереді. 7 мин
Рухани-
Емхана-
Тексеру-
Жүрек-
Қан тапсыру-
Дәрігерлік кеңес-
Ауырады-
Шикі-
Жеңіл қорыту-
Жартылай дайын өнімдер-
Сақталу мерзімі-
Тез бұзылады-
Сапа-
Артық салмақ-
Сабақты қорыту:3 мин Рефлексия. Желім қағаздармен тақтаны толтырады.
Тақтада. Денсаулыққа не пайдалы, не зиян?
Сабақты формативті бағалау
Үйге: Диалог «Дәріханада»
