Көшпелілердің қандай салт-дәстүрлері бүгінгі кү нге дейін сақталды?

Астана қаласы, №53МЛ

Тарих пәнінің мұғалімі

Авдхалым Асия

Қазақстан тарихы 5-сынып

Сабақтың тақырыбы:

Көшпелілердің қандай салт-дәстүрлері бүгінгі күнге дейін сақталды?

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: – ежелгі тайпалардың дүниетанымы;

– дәстүр сабақтастығы туралы білімдерін толықтыру;

Сабақтың мақсаты:
  • – дәстүр сабақтастығы туралы білімдерін толықтыру;
Бағалау критерийлері:
  • Көшпелілердің салт – дәстүрлері туралы біледі
  • Көшпелілердің салт – дәстүрлерінің маңызын түсінеді
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, музыка.
Құндылықтарды дарыту: Құндылықтар:

– патриотизм

– отансүйгіштік

– өз халқы үшін мақтаныш

– ұлттық сана – сезім

АКТ дағдылары: Интернет, презентация.
Тілдік міндеттер: Пәндік лексика мен терминология:

Салт – дәстүр, Наурыз, көкпар, саятшылық

Алдыңғы білім: Көшпелілік өмірдің қалыптасуын біледі.
Критерийлері:
  • Салт-дәстүрдің мағынасын аша біледі
  • Мазмұндылығын айқындайды
  • Көшпелілердің дүниетанымына әсерін анықтайды
Жоспар
Уақытты жоспарлау Жоспар бойынша орындалуы тиіс тапсырмалар Дерек көздері
Б Амандасу.

Оқушылардың сабақ қызығушылығын арттыру және сабақ тақырыбына шығу мақсатында, оқушылардың назарына сұрақтар ұсынамын.

  • балалар дәстүр дегенді қалай түсінеміз?
  • қандай салт-дәстүрлер туралы білеміз?
  • өз үйлеріңде орындалатын қандай дәстүр бар?

Оқушылар ойын тыңдай отыра жаңа тақырыпқа музыкалық әуенмен «Қазақ дәстүрлері» әнінің бір шумағын айту.

– Сонымен, оқушылар қалай ойлайсыңдар, бүгінгі жаңа тақырыбымыз қандай болмақ?

Ал, құрметті оқушылар ендеше сендерге сәттілік тілеп жаңа сабағымызды бастайық.

Бүгінгі сабағымыздың зерттеу сұрағы:

Көшпелілердің қандай салт – дәстүрлері бүгінгі күнге дейін сақталды

Әр топ жұмыс істеу барысында топтық ережені сақтаймыз!!!

Тақырыпты ашып алған соң осы тақырыпқа байланысты Youtube тен видео қарап, қосымша мәліметтермен танысады, керегін түртіп алады. Топтық жұмыс беріледі.

Тапсырма 1 «Фишбоун» әдісі

І топ «Наурыз туралы не білеміз!»

ІІ топ «Отқа табыну, «аластау» туралы не білеміз?»

ІІІ топ «Ата- баба аруағына сыйыну туралы не білеміз?»

ІҮ топ « Қазақтың ұлттық ойындары туралы білеміз бе?»

Оқушылар өз тақырыптарын топпен ақылдаса отырып, «Фишбоун» әдісіне салып қорғайды. Постерге балықтың қаңқасы суретін салып, басына тақырып жазылады. Денесінің жоғарғы жағандағы қанаттарға тақырыптың себептерін, төменгі қанаттарға тақырыптың салдары жазылады. Түйінді ойларын құйрығына жазады.

Тапсырма 2 «Ашық микрофон» әдісі

І топ «Көшпелілер жаңа жылды қалай тойлаған?»

ІІ топ «Неліктен көшпелілер от пен күнге табынған?

ІІІ топ «Көшпелілер ата- баба рухын қалай дәріптеді?»

ІҮ топ « Көкпар ойыны»

Әр топ алдымен жеке сосын, өз араларында талдап, «Ашық микрофон» әдісі арқылы жылдам әрі тұжырымды, құнды ойларын топпен /ретімен/ ортаға салады. Оқушылар қолдарына микрофон ұстап, брінші оқушы осы тақырыпқа сау сұрақ қойып екінші оқушы жауап береді. Тақырып толық ашылып, талданады.

Қазақстан тарихы 5 сынып

Жалпы білім беретін мектептің 5 сыныбына арналған оқулық

С.Р.Ахметова, А.М.Ибраева, А.А.Құлымбетова, А.С.Мағзұмова, А.М.Марқабаева – Астана: НЗМ, 2017

Youtube –

Тапсырма 3 «Қар кесегі»:

Әр топ оқушылары топпен ақылдаса отырып, тақырыптарына сай сұрақтар жазады. Сұрақтарды топта сабаққа белсене қатыспаған оқушыларға бағыттап лақтырады. Яғни, сұрақтармен алмасады.

Тапсырма 4«Бір минуттық әңгіме» тәсілі

Оқушылар бір бірімен әңгімелесіп, ой қорытады, жұптық жұмыс жүргізеді.

Сендердің отбасыларында салт – дәстүрлер қалай сақталуда? Олардың маңызы неде?

Бекіту сұрақтары:

  • – Бүгінгі күні көшпелілердің қандай салт – дәстүрлері сақталған?
  • – Көшпелілер ата – баба рухын қалай дәріптеді?
  • – Көкпар ойыны салт – дәстүрге қалай айналған?

Кері байланыс

Үйге тапсырма

  • Қазіргі уақытты отбасыларыңда қандай салт – дәстүрлер сақталған?
  • Олардың маңызы неде?
  • Сен сол дәстүрді жалғастырғың келеме?

Эссе жазып келу!

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше