Оқу белсенділігін психологиялық- педагогикалық негіздері

Ақмола облысы, Целиноград ауданы,

Шалқар орта мектебінің педагог – психологы

Искакова Шолпан Кенисаровна

Еліміздегі психология және педагогика саласындағы ғалымдардың, мамандардың назарын аударып отырған мәселелердің бірі – оқушының жеке тұлғасының дамуы. Өзіндік жұмыс, өз бетімен білім алу, білік, дағдыларды қалыптастырудың тиімді жолдары Ә.Алдамұратов,Қ.Б. Жарықбаев,Н.А. Логинова,Ж.И. Намазбаева,М.А. Құдайқұлов. Р.К. Төлеубекова,М.С. Молдабекова т.б. ғылыми еңбектерінде қарастырылған.

Оқушылардың белсенділігін арттырудың жаңа формаларын епті пайдалана отырып,жаңашыл ұстаз жағдайдың белсендіру әсерін жүзеге асырады. Онда оқушылар өз пікірінде тұра алуы; пікірталастар мен талқылауға қатысуы, өз жолдастарына және мұғаліміне сұрақ қоя алуы, жолдастарының жауаптарын түзету; жолдастарының жауаптары мен жазба жұмыстарын бағалай білу, артта қалған оқушыларды оқыту,үлгерімі нашар оқушыларға түсініксіз жерлерді түсіндіру, өз бетінші шамасы келетін тапсырмаларды таңдауы, танымдық мәселені шешудің өзіне белгілі тәсілдерін жинақтап қолдануы басты талап болмақ.

Оқуға іштей талпыну түрткісі дегеніміз баланың өзіндік ықыласы. Оқуға іштей талпыну мынадай факторлардың негізінде болады:

  • Оқушының іштей белсендігі қажеттіліқтің негізігде пайда болады.Оқуға қатысты белсенділіктің бұл түрі балада туа пайда болады. Белсенділік әр балада әр түрлі болады. Баланың оқуға қажеттілігін алсақ, осы қасиет әуесқойлыққа байланысты келеді. Бұл қасиеттер туғаннан кейін тәрбие жұмыстарының нәтижесінде одан әрі дамып, сапа жағынан жаңа мазмұнда қалыптасады.
  • Оқуға талпынудағы сыртқы факторларға балаға отбасы және мектеп тарапынан қойылатын талаптар жатады.Осындай сыртқы факторлар баланың ұзақ уақыт тапсырманы орындап, жалықпауына себеп болады.
  • Баланың оқуға ықыласы, оқуды келешекте өзін өмірге даярлаудың қымбат құралы деп санауы да жатады. Мәселен, бала үй тапсырмасын орындауға ерінеді. Бірақ өзін-өзі күштеп тапсырманы орындауға қалай беріліп кеткенін өзі де білмей қалады.

Оқушылардың оқу үдерісіндегі белсенділігіні, ең бірінші, сыныптағы мұғалімнің орнына, оның әрбір оқушының жақсы оқу қабілеттілігіне деген сеніміне, оқушылардың жетістіктерін әрдайым демеп отыруына байланысты. Нағыз мұғалімге мына қасиеттер – балаға деген сый мен сүйіспеншілік, оның мүмкіндігіне сенім, оқушыны өрлеу, жетістік, өз күшіне сену сияқты сезімдері пайда болатын жағдайлар жасау.

Дарынды, білімді жастар ғана егеменді елдің ертенің баянды етіп, қоғамның әлеуметтік- экономикалық дамуына үлес қоса алады. Сондықтан жоғары сынып оқушыларыұстаздары берген білімді, іс-әрекет тәсілдері мен бағалау өлшемдерін қамтитын қоғамдық және ұжымдық тәжірибенің тағылымдарын игеріп қана қоймай, оны әрі қарай өзінің белсенді,нысаналы, зерделі танымдық іс- әрекетімен сабақтастыруға тиіс.Осыған орай, қазіргі кезде жоғары оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастыруды арнайы ұйымдастыру – орта мектептерде оқу үрдісін жетілдірудің негізгі шарты болып табылады.

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше