Отбасы татулығы
Ақмола облысы, Целиноград ауданы
Шалқар орта мектебінің педагог – психологы
Искакова Шолпан Кенисаровна
Өзін – өзі тану сабақтың жоспары.
Тақырып: Отбасы татулығы.
Сынып: 5
Мақсаты: Балаларға отбасы туралы толық түсіндіріп, отбасына сүйіспеншілікпен, махаббатпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекілік: музыка әуені, оқулық, А 4, әр түрлі қарандаштар.
| Сабақтың мақсаты: Оқушыларға «сыйластық», «махаббат» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.Оқушыларға отбасы жарастығы, татулығы қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту.
Өзара сыйластыққа тәрбиелеу. |
Ресурстар:
( құралдар, мәліметтер) оқулық, самопознание КZ (2 минут) |
| Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу.Оқушылар санын тексеру, үш топқа бөлу гүлдер бойынша. 2.Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену» Ыңғайланып отырыңыздар, деңелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ қолыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Қоздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңізден орта тұсында гүл түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңізді қауызын ашты.Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол бірітіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналады. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды,сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсың. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық тірі жаңға таралсын… Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын…» Нұр менің ішімде…. Мен нұрлымын…» Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз… Енді осы Нұрды толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.Жайымен көзіңізді ашуға болады. 3. Әңгімелесу: «Әжесін қайсысы жақсы көреді» әңгіме. Қанат пен Болат әкесінің жанында ойнап отыр Әжем менікі, мен әжемді жақсы көремін, – деді. Болат Қанаттан қалыспай әжесінің екінші жағына шығып: Әже сенікі емес менікі. Әжем мені жақсы көреді.Мен сен сияқты әжемнің басын қатырмаймын, – деп таласты. Әже немерелінің егісіне риза болып отырды. Бір кезде қарттың көзі бұлдырап, жүрегі қысылып диванға қисая кетті. Қанаттың зәресі ұшып, бақырып жылап жіберді. Болат абыржымай үлкен кісіші телефонға барып, жедел жәрдем шақырады.Ақ халаты, қолында ұстаған кішкене қобдишасы бар дәрігер келіп, әжеге ине салып, дәрі берді. Әжелері басын көтеріп, дәрігерге алғыс айтты. Дәрігер Болат пен Қанттан:
4.Шығармашылық жұмыс: 1-тапсырма: Тірек сөздерді пайдалана отырып, «Менің отбасым» тақырыбында әңгіме құрастырыңдар 2-тапсырма: Мақал-мәтелдерді жалғастырып жазыңдар. 5. Дәптермен жұмыс. 6. Жүректен жүрекке. 7.Рефлексия. 8.Үй тапсырмасы. |
Сабақ барысын талқылау:
(3 минут) Музыкалық әуенмен мәтінді тыңдап, елестетіп тыңдау. (5 минут). Мәтінді әр топ өзі оқиды. Топтық тапсырма: 1. Оқып, мазмұндау негізгі идеяны анықтау. 2. сурет салу. 3. Көрініс. (10 минут.) Оқушылар берілген тапсырмаларды орындай отырып, өздерінің сабақта түсінгендерін кеңейтеді, бекітеді. (10 минут) Оқу ақпарат көшіру. (5 минут.) Өз ата-аналарға тілек айтады. (2 минут.) Сабақты қалай түсіндірден ? (2 минут.) «Менің отбасымның татулығы» ойтолғау жазу. (1 минут.) |
Өзін – өзі тану сабақтың жоспары.
Тақырып: Отбасы татулығы.
Сынып: 5
| Сабақтың мақсаты: халқымыздың ата – бабадан келе жатқан ұлтық асыл мұрасын, отбасылық өмір салтын, жақсы үлгі-өнегесін, ізгілікті сән-салтанатын, кіші мен үлкен сыйлауды, мейірімділік, парасаттылық сияқты үлгі істерін ұрпақтан ұрпаққа жеткізу, отбасы арасындағы байланыс, бірін-бірі сыйлай білуге түсінік беру.
Білімділік: оқушыларға отбасы ұғымы, мейірімділік қасиеті туралы түсінік беру. Дамытушылық: отбасындағы өзара сыйластыққа үйрету арқылы қамқорлық қасиетіне баулу. Тәрбиелік: оқушылардыотбасын құрметтеуге, татулыққа тәрбиелеу |
Ресурстар:
( құралдар, мәліметтер) оқулық, самопознание КZ (2 минут) |
| Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу.Оқушылар санын тексеру, «Жақсы тілек» жаттығуы. Оқушылар бір –біріне тілек айтады. «Топқа бөлу».Оқушылар әр – түрлігүлдер ала отырып топтарға бөлінеді. 2.Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену» Ыңғайланып отырыңыздар, деңелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ қолыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Қоздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңізден орта тұсында гүл түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңізді қауызын ашты.Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол бірітіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналады. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды,сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсың. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық тірі жаңға таралсын… Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын…» Нұр менің ішімде…. Мен нұрлымын…» Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз… Енді осы Нұрды толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.Жайымен көзіңізді ашуға болады. 3. Әңгімелесу: «Әжесін қайсысы жақсы көреді» әңгіме. Қанат пен Болат әкесінің жанында ойнап отыр Әжем менікі, мен әжемді жақсы көремін, – деді. Болат Қанаттан қалыспай әжесінің екінші жағына шығып: Әже сенікі емес менікі. Әжем мені жақсы көреді.Мен сен сияқты әжемнің басын қатырмаймын, – деп таласты. Әже немерелінің егісіне риза болып отырды. Бір кезде қарттың көзі бұлдырап, жүрегі қысылып диванға қисая кетті. Қанаттың зәресі ұшып, бақырып жылап жіберді. Болат абыржымай үлкен кісіші телефонға барып, жедел жәрдем шақырады.Ақ халаты, қолында ұстаған кішкене қобдишасы бар дәрігер келіп, әжеге ине салып, дәрі берді. Әжелері басын көтеріп, дәрігерге алғыс айтты. Дәрігер Болат пен Қанттан:
4.Шығармашылық жұмыс: 1-тапсырма: Тірек сөздерді пайдалана отырып, «Менің отбасым» тақырыбында әңгіме құрастырыңдар 2-тапсырма: Мақал- мәтелдерді жалғастырып жазыңдар. 5. Дәптермен жұмыс. 6. Жүректен жүрекке. 7.Рефлексия. 8.Үй тапсырмасы. |
Сабақ барысын талқылау:
(3 минут) Музыкалық әуенмен мәтінді тыңдап, елестетіп тыңдау. (5 минут). Мәтінді әр топ өзі оқиды. Топтық тапсырма: 1. Оқып, мазмұндау негізгі идеяны анықтау. 2. сурет салу. 3. Көрініс. (10 минут.) Оқушылар берілген тапсырмаларды орындай отырып, өздерінің сабақта түсінгендерін кеңейтеді, бекітеді. (10 минут) Оқу ақпарат көшіру. (5 минут.) Өз ата-аналарға тілек айтады. (2 минут.) Сабақты қалай түсіндірден ? (2 минут.) «Менің отбасымның татулығы» ойтолғау жазу. (1 минут.) |
