Өткенді қайталау, бекіту (0 ден 6-ға дейінгі сандар ды қайталау)

ШҚО Ұлан ауданы Айыртау ауылы

«Гагарин атындағы орта мектеп» КММ

даярлық топтың тәрбиешісі

Сағатбек Қанипа

Уақыты: 7.12.2016 жыл

Білім беру саласы: « ТАНЫМ »

Тақырып : Өткенді қайталау, бекіту (0 ден 6-ға дейінгі сандарды қайталау)

Мақсаты : 1.0-6 ке дейінгі сандардың құрамын қайталау. Алған білімдерін бекіту, бақылау

2 . 1-ден 10-ға дейінгі сандарды тура және кері санай алу дағдысын арттыру Баланың тілін ой – өрісін логикалық ойлау қабілетін, өздігінен жұмыс істей білуге дағдыландыру

  1. Оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту, жылдамдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Міндеттері: Сандардың құрамына байланысты алған білімдерін бекітіп, жаңа текнологианы қолданып, сабақты жүйелі түрде, балаларға түсінікті етіп өткізу.

Әдіс – тәсілдері: Қайталау, көрсету, түсіндіру, сұрақ – жауап.

Көрнекіліктері: Сандар қатары, суреттер.

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: Орындықта денені тік, түзу ұстап, ашық сабаққа жақсы көңіл-күймен, зейін қойып тыңдап отыру.

Оқу іс- әрекетінің барысы :

Ұйымдастыру кезеңі: «Шаттық шеңберін құру».

Біз балдырған баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Жақсы оқып сабақты,

Кілең бестік аламыз!

-Өте жақсы!

-Иә, өздерің айтпақшы болашақтың кілті оқу, еңбек, жазу екен. Ендеше осы орайда «Ел тәуелсіздігіне 25 жыл» толу байланысымен

1-Қаркүйектен бастап бүгінге дейінгі алған «математика» білімінен шашу шашайық.

  • Ал балалар қараңдаршы міне менің қолымда қандай цифрлар тұр «2» және «5», осы екі цифрын қатар қойсақ 25 деген цифры келіп шығады. олай болса ел тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына мен 25 жұлдызша ала келдім, кімде кім менің айтқан сұрағыма толық жауап берсе, жұлдызша солған беріліп отырады. Сабақ соңында жұлдызшамызды санаймыз, келісесіңдер ме? олай болса сабақты бастайық 1, 2, 3 кене алға қараймыз.

1.Тура және кері санау: 1-10 ға дейін сандарды санау кеі балаға айтқызу,дұрыс жауап берген баланы қол шапалақтап жұлдызшамен мадақтап отырамыз.

  1. Өз орныңды тап. 0-6 ға дейінгі сандар қатарымен тура және кері тұра қалу. Қол шапалақтап жұлдызша мен мадақтап отырамыз.
  2. Дидактикалық ойын: « Көршісін тап». 0-6 ға дейін цифр. Қол шапалақтап жұлдызша мен мадақтап отырамыз.

Сергіту сәті:

1-дегенде тұрайық,

2-3-4 алақанда соғайық.

Оң жаққа бұрылып,

Сол жаққа бұрылып.

Бір отырып бір тұрып,

Біз жүгіріп алайық.

5 дегенде асықпай орнымызды табайық.

  1. Не өзгерді: балалар дұрыстап қарап алады. Қай сан жоқ, кәне кім айтады. Қол шапалақтап жұлдызша мен мадақтап отырамыз.
  • Тақтадағы сандардың құрамын айту. Мысалы: 4, 5, 6 цифрлары орындау. Қол шапалақтап жұлдызша мен мадақтап отырамыз.

  • Ал енді орнымыздан тұрып мына бір тапсырманы орындайық. Қараңдаршы балалар, алдымызда не тұр?

    • Балалардың жауаптары. Мұнда неше дөңгелек көріп тұрсыңдар, кәне санайық амйна санай қойшы, ал соның нешеуын көк түспен, нешеуін қызыл түспен белгілепті. түрлі – түсті қарындашпен бойяп шығайық, Ескерту: қарындашты абайлап ұстау айтылады. Мадақтау.

    Қорытынды: балалар тапсырманы өте жақсы орындадыңдар, сендер ақылды да тапқыр оқушылар екенсіңдер! недеше орнымыздан тұрып, ортаға келіп қолымыздан ұстасып тұра қалайықта «Достық туралы» өлеңімізді бүгінгі мерекемізге келіп отырған, қонақтарға арнаймыз.

    «Достық туралы» ән

    Ренжітпе досыңды,

    Мен қостаймын осыңды.

    Тату ойнап ар қашан

    Көтер көңіл қошыңды.

    Ойнайықта көлейік

    Көңілденіп жүрейік

    Бақыт кілті достықты

    Татулық деп білейік.

    Сабақты бекіту Сабақ сендерге ұнады ма? не үйрендік?

    Бағалау:

    1. Сабаққа қатысқан балалардың белсенділігін атап өту, бағалау.

    2. Сабақта балалардың бір – біріне деген достық және жолдастық қарым – қатынастарын бағалау.

    3. Жақсы қатысқандарды мадақтап жұлдызша беру.

    Ответить

    Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

    Больше на

    Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

    Читать дальше