Мәңгілік елдің мәңгілік астанасы
Алматы облысы, Алакөл ауданы «Көктұма қазақ орта мектебі
мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің 5 б сынып оқушысы Төлегенқызы Жайна
Мен бүршік жарып келе жатқан жас құрақпын. Мен секілді астанада тәй – тәй басып келе жатқан жас қала.
Біздің мемлекетіміздің бас қаласы – Астана. Бүгін де Астананың аты әлемге әйгілі. Бұл өңір – талай тарихи оқиғаларды бастан өткізген қасиетті өлке.
Астана қаласы Солтүстік Қазақстан аймағында орналасқан . Бұл жердің ауасы таза, қысы қатал, жазы ыстық болады.
Астана – болашағы үлкен қала. Мұнда әсем , зәулім ғимараттар мен мұңдалап тұрғандай . Ол- әлемдегі көрікті қалалардың бірі.
Астана іскерлік және мәдени орталыққа айналды.
Астана – арман қала
Бағы бір жанған қала
Тұрады ол жап- жас болып,
Мен үлкен болғанда да.
Сол қазақ елінің жүрегі астанаға жиырма жыл толды . Өткен тауық жылында әлемді тамсандырған Экспо -2017 көрмесі өтті. Сол көрмені қызықтап мен сияқты жас жеткіншектер барып қайтты. Тіпті біздің мектебімізден де Аяулым , Мағжан т.б оқушылар барып тамашалады
Қазақ елінде айта берсек жетістіктер өте көп.
Астананың құрылуы тікелей Елбасымен байланысты.
Елбасымыздың бір жолдауында «Туған жерге туыңды тік » деп айтпағандығы бекер емес еді . Биылғы ит жылында Алакөл ауданының құрылғанына 90 жыл толмақшы. Осы бір мерейтой мен үшін үлкен мерекеге ұласатынына жүрегім сезеді.
Ендігі тілек Алакөл өңірі тезірек көркейсе екен . Туған топырақтағы байлық өз қолдарына тиген еркін жас ешкімге жалтақтамай, аяғын өз жерінде нық басады. Алакөл жері туризмге жол ашты, ол да мені қуантады.
Міне, осының барлығы өмірлі етіп , туған жердің тұғырын нық орнататындар бізбіз.
Мен барып жоғалтпаған , жоғын түгендей алған , өз дәулетіне өзі ие болып , өзгелерге есесін жібере қоймайтын өнерлі де өркенді ел болғанымызды қалар едім. Үміт –болашақ арқауы.
Ел болашаққа сенеді, үміт артады.
Мен болашаққа сенемін…
