Ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің технология лық картасы
Бекітемін: Күні: 10.09.2017ж
«Қуаныш» Ортаңғы тобы
Тәрбиеші С.М.Омарбекова
Білім беру саласы: «Таным»
Білім беру аймағы: Қоршаған орта
Тақырыбы: Еңбек сүйгіш жәндіктер
Мақсаты:Б:Жәндіктер мен олардың тіршілігі туралы түсінік беру,сөздік қорын дамыту
Д:Танымдық қабілеттерін жетілдіру, қоршаған әлемді бейнелі қабылдау,көркем-шығармашылық қабілеттері мен бейімділігін және еске сақтау қабілеттерін дамыту
Т: Жәндіктерге қамқорлықпен қарауға ,табиғатты сүйе білуге және қорғауға тәрбиелеу
Әдіс тәсілдері: АКТ, Квалиметриялық көрсеткіш, Көрсетіп –түсіндіру,сұрақ-жауап
Көрнекіліктер:Проектор ,электронды ойын, қима суреттер , шай түйіршіктері
Билингвизм: Құмырсқа –муравей,ара –пчела,көбелек –бабочка,қанқыз-
| Іс-әрекет кезеңдері | Тәрбиеші іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
| Мотивациялық- қозғаушылық | —Балалар мен сендерді жәндіктер әлеміне саяхатқа шақырамын,барғыларың келе ме?
–Ендеше мына суретке назар салыңдаршы суретте қандай жәндіктер бейнеленген? -Жәндіктер немен коректенеді? Балалардың жауаптарын толықтыру -Олар жасыл шөптермен және сумен коректенеді? Балаларға көздерін жұмуды ұсынып,үнтаспада ормандағы құстардың дауысын қосады. -Балалар міне орманға да келіп қалдық Қараңдаршы қандай әдемі, жазық,кең алаңқай! «Гүлдерді жина» дидактикалық жаттығу Музыка қосылады Балалар музыка әуенімен алаңқайда жатқан әдемі сары, қызыл, көк гүлдерді жинау Бір уақытта дауыс естіледі: 1 дауыс -Бұл кім шулап жүрген? -Біз балабақшадан келдік Ал сіз кім боласыз? 2 дауыс -Мен осы орманды күзетемін .Бәрін бақылап жүремін. Мен бәрін көремін ,бірақ бірақ өзім көрінбеймін Орманға келгендер шуламайды ,тәртіпті бұзбайды Ал сендер шуладыңдар ,тәртіпті бұздыңдар ,енді осы орманда қаласыңдар Тәрбиеші: -Қалай біз бар болғаны таза ауада ойнап, гүл жинадық қой 3 дауыс дауыс: -Тәртіп бұзды деген осы! Тәрбиеші : -Құрметті дауыс бізді бір жолға кешіріңіз 4 дауыс -Егер менің тапсырмамды орындасаңдар үйлеріңе жіберемін -Сиқырлы дауыстың тапсырмасын орындап берейік Көрдіңдер ма , орманда шулауға ,гүлдерді жұлуға болмайды екен |
Балалар шеңберге жиналып, өлеңді бірге қайталайды.
-көбелек,қанқыз, құмырсқа,ара |
| Ұйымдастыру- істестіру | Сиқырлы дауыстың 1-тапсырмасы : Жұмбақ
Тырау-тырау тырналар, Тауға қарай жорғалар.(Ара) Тәрбиеші суретін іліп, аралар туралы түсінік береді; -Аралар бал жинауды жақсы көреді, ол балды гүлдерден жинайды. Араның түсі өте ашық, ала түсті. Бал адамдар ға өте қажет. Араға жақындауға болмайды ,ара шағып алады Сиқырлы дауыс: -Көрдіңдер ме ,араның пайдасы қандай көп .Ал сендер қанша гүлдерді жұлып қойдыңдар? Сиқырлы дауыстың 2-ші тапсырмасы: Жұмбақ: Қызыл көйлек кигені Ұақ қара түймелі Тәрбиеші қанқызының суретін іліп , түсінік береді. -Балалар қанқызы неге сондай киім киеді білесіңдер ме ? Балалардың жауаптарын толықтырады -Балалар қанқызының жаулары көп, ол өзін ішіндегі ақ сұйық затымен қорғайды ,құстар мен басқа ірі жәндіктер ол иісті ұнатпайды, сондықтан қанқызын көрсе, жақындамайды Қанқызы бау-бақшадағы көкөністердегі зиянды құрттарды жоқ қылады. Сиқырлы дауыстың 3-ші тапсырмасы: Гүлден ұшып гүлге қонады , Гүл бақшам гүлге толады . Көбелектің суретін іліп ,түсінік береді,Көбелек әдемі гүлдерді ұнатады,гүлдерге отырып тәтті шырын мен нәрді сорып қуанады. Көбелектер өте керемет жәндіктер Барлық адамдарға көбелектер ұнайды.Кәне, біз де көбелектер сияқты ұшып көрейікші. Сергіту сәті: Сиқырлы дауыстың 4-ші тапсырмасы: Жұмбақ: Екі басы жұдырықтай Ортасы қылдырықтай Тәрбиеші құмырсқаның суретін іліп әңгімелейді -Құмырсқалар өте мықты ,керемет жүйрік жәндіктер көктемде олар нәзік болады ,өйткені қыс бойы ол ұйықтап шықты ғой,бірақта 1-2 күннен кейін олар қайта қалпына келеді де еңбектенуге кіріседі Сиқырлы дауыстың 5-ші тапсырмасы: -Балалар осы суреттерге қарап жәндіктерді салыстырыңдаршы «Не қайда тұрады?» электронды ойын Мыс -мынау не ? -Құмырсқа Құмырсқа қайда тұрады ? -Илеуде т.с.с. Сиқырлы дауыс: -Жарайсыңдар балалар Енді орманға келсеңдер шуламаңдар ,шөпті гүлдерді жұлмаңдар,осы ережелердібасқа балаларға айтып барыңдар-деп қоштасады |
Жұмбақтарды шешеді.
.(Ара) Қанқыз Көбелек Кәне қанат жасайық Көбелекке ұқсайық Көбелек боп ұшайық Ұшып-ұшып алайық Гүлдерге ақырын қонайық -құмырсқа |
| Рефлексивті- түзетушілік | «Суретте қай жәндік жоқ?»
Мақсаты:Ақпараттарды сақтау және жаңғырту үдірісінің диагностикасы Тапсырманың сипаттамасы балаға есінде сақтауға тиісті жәндіктердің жоқ суретін атау және сипаттама беру .Балаларды бағдаршам түсімен бағалап , сапа көрсеткішін атап шығу |
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: Жәндіктерді өзара салыстырып,ажыратуды
Нені игереді: Зерттеу мен бақылау жұмыстарын
Нені біледі: табиғат аясындағы өсімдіктер мен жан жануарларға мейірімділік пен қамқорлық қасиеттерін көрсетуді.
