«Туған өлкем» («Менің Қазақстаным») жарияланымд ар байқауы-2018
«Матрица.kz» қоғамдық-саяси порталы «Туған өлкем» («Менің Қазақстаным») атты ІІ республикалық жарияланымдар байқауын бастайтынын хабарлайды.
Байқау шарттары
Байқауға мектеп оқушылары ғана қатыса алады.
Қатысушылар көлемі кем дегенде 3000 таңбадан құралған мақала жазып, jannur2@gmail.comжәне novoekz@gmail.com (екі поштаға) жіберуі керек. Үздік материалдар Матрица.kz сайтында жарияланады.
Бір автордан ұсынылатын материалдардың санына шектеу қойылмайды, бірақ жеңімпаз ретінде бір ғана материал таңдалады. Автордың белсенділігі басқа баға тең болған жағдайда қосымша артықшылық саналуы ықтимал.
Материалды фото және бейнематериалмен көркемдесе, тіпті жақсы!
Байқаудың өткізілу мерзімі – 2018 жылғы 15 ақпан мен 15 сәуір аралығы.
Қамтылатын тақырыптар:
– Өңіріміз (ауылымыз/қаламыз) қалай дамып жатыр?
– Қаламыздан (ауылымыздан) шыққан бизнесмен
– Қаламыздағы (ауылымыздағы) қызықты адамдар, кейіпкерлер
– Өңіріміздің қызықты жастары және олардың жасампаз бастамалары
– Қаламыздың (ауылымыздың) ақсақалдары
– Қаламыздың (ауылымыздың) тарихы
– Қаланың (ауылдың) табиғаты мен экологиясы (туристік мүмкіндіктер)
Айрықша шарт: жақсылап жасалса, адамды немесе компанияны жасырын/ашық жарнамалауға ешқандай тыйым жоқ!
Байқауға келіп түскен материалдардың бәрін (жариялауға жарамдыларын) редакция сайтқа орналастырады. Материалдарды редакция жөндемейді, өңдемейді, тек жеңіл-желпі түзетулер болуы мүмкін. Мақаланың мазмұны мен дәлдігіне жауапкершілікті автор өз мойнына алады! Байқау аясында жарияланған материалдардың ең үздіктерін комиссия мүшелері іріктеп алады және жалпы кеңесте жеңімпаздарды анықтайды. Байқау қорытындысы 16-23 сәуір аралығында шығарылады.
Қорытынды 23 сәуірде Алматыда жарияланады.
Аймақтардан шыққан жеңімпаздардың ақшалай сыйлықтары олардың банк карточкаларына аударылады немесе басқа да келісілген тәсілдермен жеткізіледі.
Байқау жеңімпаздарына мынадай ақшалай сыйлықтар қарастырылған:
3 үшінші орын – 30 000 теңгеден
2 екінші орын – 50 000 теңгеден
1 бірінші орын – 100 мың теңге
3 арнайы сыйлық болуы мүмкін – 15 000 теңгеден
Осы жолы байқаудың жеңімпаздарын ғана емес, олардың жетекшілерінің (ұстаздарының) де еңбегін бағалауға дайынбыз.
3 орын алғандар – 15 000 теңге
2 орын алғандар – 30 000 теңге
1 орын – 50 000 теңге
Байқау комиссиясы:
Айдос Сарым, қоғам қайраткері, саясаттанушы, комиссия төрағасы
Нұрлан Махмұдов, журналист
Сәкен Сыбанбай, журналист
Ізгілік Нағиев, Білімнұр порталы редакторы
Жәзира Бегалы, журналист
Полина Шиманская, журналист
Өміржан Әбдіхалықұлы, журналист
Нұғман Аралбай, биология ғылымдарының докторы, профессор
Санат Түгелбаев, география ғылымдарының кандидаты, доцент
Серік Мәмбетов, журналист
Назира Дәрімбет, журналист
Байқау редакторы-жауапты хатшысы: Жанат Қапалбаева
Матрица.kz қазақстандық компаниялар мен кәсіпкерлерді байқауға демеушілік көрсетуге шақырады! Демеушілік шарттары тілек білдірушінің әрқайсысымен жеке келісіледі, бірақ ол шарттардың мейлінше жомарт та жұмсақ боларына уәде береміз!
Оқырмандарға және байқауға қатысушы талапкерлерге деген құрметпен,
Серік Мәмбетов, байқау жетекшісі
