Өмір-ғажайыпқа толы сыр сандық
Атырау облысы,Атырау қаласы,Х.Досмұхамедов атындағы
Атырау мемлекеттік университеті, журналистика мамандығының
II курс студенті Батырбек Гүлайым Ермекқызы
Өмір сүрудің екі заңын білген адам бақытты болар
Бірі-не болса соны жей бермей, азығына талғаммен
қарайтын жан бірі-кім болса, сонымен дос болмай,
айналасындағы достарын жөнімен таңдай білетін адам
Омар Хайям
Өмір-ғажайып сырға толы ерекше әлем болып табылады.Өйткені өмір деген ғажайып сыр сандықтың өзі адам жанын бірде шаттандыратын болса,бірде мұңға бөлендіреді. Адамзат баласы ғаламат сыйлықтың қадірін тереңірек ұғына біліп, бағалауымыз шарт. Өмірге деген әр жанның көзқарасы әрқалай.Республикамызда қанша халық тұрса,сонша пікір болуы заңдылық.
Алайда, менің пайымдауымша оның мәні болуы қажет деп санаймын. Әр адам өз-өзіне күнде сұрақ қою арқылы талдау жасау керек.Мысалға:Бүгін мен не істедім? Жақсы іс тындырдым ба?әлде жамандық па? деп саралауы қажет.Дұрыс жасамаған істі келесі күні қайталамай тырысуы тиіс.Әйткенменде,пенде болғаннан соң,кемшіліксіз адам ғұмыр кешуі мүмкін емес. Адам қателік жіберу арқылы,өмірде сабақ алуы шартты жағдайлардың бірі.
Адам болып жаралған соң,алға қойған белгілі бір мақсаты,арманы болады.«Армансыз адам қанатсыз құспен тең».
Кей сәттерде біреулерді өсектеп,иә болмаса кей өсектерге құлақ асып сеніп қалып жатамыз.Ол мәселенің анық қанығына жетіп алып сараламай бірден кесіп айта саламыз.Тіпті оның мұндай мәселеге қалай түскен себебін де біле бермейтініміз анық.Ал өзге емес өзімізге бір рет болса да,сындық көзбен қарап көрудеміз бе?Кей адамдар өзінің бұл өмірге не үшін келгендігін,не себепті өмір сүріп жатқандығын білмей өткен жандар қаншама.
Өмір-қиын да ұзақ жол.Адам баласына берілетін керемет сый.Өмірдің мәні қай жерде де болмасын өзіңнің шынайы адами болмысыңды сақтап қалу керек.
Өмір арнасы кең өзен сынды сол өзен секілді өз арнамызды іздеп табу біздің басты мақсатымыздың бірі.
Алайда,мақсатқа жету үшін талай қиындықтардан өту қажет.Кейбір жандарға қиындықтар кездеспеуі мүмкін.Сондай жағдай болған кезде адамдарда көреалмаушылық,қызғаншақтық басым болмай одан да өз мақсатымыз үшін талмай еңбектеніп қажырлана күресе білуіміз керек.
Өмір сынағынан сүрінбей өту және де өмір деген даңғыл жолда бір кірпіш болып қалану негізгі міндет деп түсінемін.
«Жастар-болашаққа апаратын алтын көпір»,-демекші келешегімізге нық қадам басу үшін әрбір өскелең ұрпақ жеке қабілетіне және кәсіби білімімізге сай қоғамда ойып тұрарлықтай өз орнымызды табуымыз керек.Ел сенімін нығайту,ақтау-жастардың қолында.
