Архивтеу туралы түсініктер. WinRAR, WinZIP архиваторла ры

Атырау облысы,Атырау қаласы Атырау инженерлік-гуманитарлық
институты колледжінің мекемесі, информатика пәнінің оқытушысы

Карина Гулбакыт Аскаровна

Апта:9

Күні: 01.11.17

Пәні

Информатика

Тобы:

ҚҚ-1, ЕА-1,Қ-1

Оқытушысы:

Карина Г.А.

Сабақтың тақырыбы: Архивтеу туралы түсініктер. WinRAR, WinZIP архиваторлары
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік Ақпаратты сығудың мәні, мұрағаттаушы программалардың көмегімен сығу туралы білімдерін қалыптастыру;
2. Тәрбиелілік Жан-жақты болуға, өз бетінше жұмыс жасауда білімдерін пайдалана білуге, пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру.;
3.Дамытушылық Өз бетімен жұмыс жасауда ұқыптылық, еңбекқорлық, жинақылық, шапшаңдық қасиеттерін тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәріс
Сабақтың әдісі Ойын сабақ
Сабақта қолданылатын

көрнекі құралдар :

компьютер, слайд, таратпа материалдар.
Пәнаралық байланыс математика
Нәтиже: · Ақпаратты сығудың мәнін түсінеді

· Мұрағаттаушы программалардың қызметін біледі.

· Мұрағаттаушы программалардың көмегімен файлдарды, қалталарды сығуды және мұрағаттан шығаруды үйренеді.

Түйінді идеялар: Ақпаратты сығу

Мұрағаттаушы программалармен ақпаратты сығу.

Әртүрлі ақпаратты қаншалықты сығуға болады.

Мұрағаттаушы программалармен ақпаратты мұрағаттан шығару

Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
  1. Сәлемдесу.
  2. Ұйымдастыру.
  3. Топқа бөлу.
  4. Сабақ барысымен таныстыру.
  5. Бағалау парағын таныстыру.
  6. Студенттердің назарын сабаққа шоғырландыру
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру . Кубизм әдісі арқылы үй тапсырмасын тексеру. Студент слайд бойынша кубик лақтырып, сұраққа жауап береді. Жауап бере алмаса топ мүшелері көмектесе алады.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Слайд арқылы жаңа тақырып туралы түсінік беру
ІV. Білім-іскерлік дағдыларын пысықтау Информатикалық диктант. Дәптермен жұмыс.
V. Компьютермен жұмыс жасау Студент компьютерде өзінің бумасын мұрағаттау және мұрағатталған файлмен алдыңдағы бума көлемін салыстыру.

(кесте бойынша тақтаға толтыру)

VІ. Сабақты бекіту «Суретті құрастыр» ойыны. Суреттің бөліктеріне қойылған сұрақтарға жауап беру арқылы суретті құрастыру.
VII. Үйге тапсырма беру. Архиватор, архивтеу және оның программаларынан тест құрып келу
VIIІ. Студенттерді бағалау. Бағалау парақшасы. Тышқан белгісі арқылы бағалау

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Студенттер үш топка бөлініп отырады. Фортран, Ассемблер, Бейсик топтары

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру .

Кубизм әдісі арқылы үй тапсырмасын тексеру. Студент слайд бойынша кубик лақтырып, сұраққа жауап береді. Жауап бере алмаса топ мүшелері көмектесе алады.

Фортран тобы:

  1. Программалық жабдықтама қандай топтарға бөлінеді?
  2. Жүйелік программалар неше топқа бөлінеді
  3. Операциялық жүйе дегеніміз не?

Ассемблер тобы:

  1. Операциялық жүйелерді ата?
  2. Драйвер дегеніміз не?
  3. Утилит дегеніміз не?

Бейсик тобы:

  1. Файл дегеніміз не ?
  2. Файлдың толық аты неше бөліктен тұрады?
  3. 11 жылдық тарихы бар операциялық жүйе

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Сіздер кез кезген информацияның белгілі бір көлемі болатынын білесіздер. Жинақтауыш қатты дискінің көлемі қаншалықты үлкен болғанымен ол шектелген, жаңа мәліметтерді жазуға дискіде орын болмай қалуы мүмкін. Бұл мәселені шешудің бірінші жолы қажет емес файлдарды жою. Ал, егерде қажет емес файлдың бәрін жойғаннан кейін де дискідегі орын жеткіліксіз болса не істейміз? Мұндай жағдайда дискідегі орынды үнемдеп , файлдың көлемін азайту үшін, мәліметтерді созылған түрде компьютерде сақтауға арналған арнайы Архиватор программалар бар. Файлдың немесе файлдар топтарының сығылу процесі Архивтеу деп аталады.

Архиваторлар дискідегі орынды үнемдеу үшін файлдың көлемін кішірейтіп сақтауға мүмкіндік беретін программалар тобы. Олардың сақтау тәсілдері әр түрлі болғанымен,жалпы қызметін былай түсіндіруге болады:файлда қайталанатын фрагменттер болады,оларды түгелдей дискіде ұстаудын ешқандай қажеті жоқ.Сондықтан архив жасауға мумкіндік беретін программалардың жалпы қызметі файлда қайталанып тұратын фрагменттер орнынаң, қысқаша басқа информацияны жазып, кейіннен оларды өз реттіліктерін сақтай отырып алғашқы қалыпқа келтіретін мүмкіндікті пайдалану.

Әрине архиватордың әртүрлі информациялар үшін тиімділігі әртүрлі болатыны өз өзінен түсінікті, мысалы, мәтіндік файлдарды екі есеге жуық,ал бояуларының қоюлығы онша емес сұр түсті суреттерді ( РСХ немесе ВМР тәрізді форматтағы ) қанықтылық ерекшеліктеріне қарай екі, төрт тіпті он есеге дейін тығыздап қосуға болады.

Архиваторлар файл көлемін 10-70%-ға дейін кішірейтуге мүмкіндік береді.

Әдетте 20Мб дискіні көшіру ( СОРУ арқылы ) 15-ке дейін дискет (көлемі 1,44 Мб ) қажет етеді, ал архиватор көмегімен бұл көлемді бірнеше есе қысқартуға болады. Файлдарды архивтеуге арналған программалар дискідегі файлдар көшірмесін қысылған күйде архивтік бір файлға орналастыруға, кейіннен файлды архивтен шығарып алуға, архив мазмұнын көруге, тағы басқа істер атқаруға мүмкіндік береді. Көлемі бойынша үлкен архивтелген файл бірнеше дискілерде (томдарда) орналасуы мүмкін. Мұндай архивтер көптомды деп аталады. Том- бұл көптомды архивтің құраушы бөлігі. Архивті бірнеше бөліктерден құрастыра отырып, оның бөліктерін бірнеше дискетке жазуға болады.

Архивтік программалар бір-бірінен қысылған файлдың форматымен, жұмыс істеу жылдамдығымен, архивке орналастырғандағы файлды қысу деңгейі сияқты әртүрлі мүмкіндіктерімен айрықшаланады.

Архивтеу жұмысын бұл күндері кең тараған WinRAR архивтеу программасы арқылы қарастырайық. WinRAR алдыңғы қатарлы архивтеуге және оларды басқаруға арналған Windows тың RAR архиваторының 32-разрядты нұсқасы. Әр түрлі операциялық жүйелерге арналған бірнеше RAR нұсқасы бар, мысалы: DOS, OS/2, Windows (32-разрядты), UNIX (linux, BSD, SCO, Sparc, HP-UX) және BeOS.

Бұл архивтік бағдарламалардың бәрі архивтеудің негізгі функцияларын орындайды:

  1. жаңа архив жасау;
  2. архивтен файлдарды шығару;
  3. бар архивке файлдарды қосу;
  4. өзі шешілетін архив жасау;
  5. көптомды архив жасау;
  6. зақымдалған архивті толық немесе жартылай қалпына келтіру;
  7. архивті бөгде адамдардың қарауынан және өзгертуінен қорғау.

Архивті әзірлеу үшін жетектегішті ашып, архивтелуі тиіс файлды табамыз. Оны түнтуірдің он жақ пернесімен шертіп, мәтін мәндік мәзірден Архивке үстеу әмірін таңдаймыз. Архивтеу бағдарламасының Архивтің аты және параметрлері деген сұхбат терезесі ашылады, онда Жарайды батырмасын басу керек. Жасалған архивтік файл файлдар тізімінің соңында көрініс табады.

Қажет болса, архивтеуші бағдарлама терезесінде архивтік файлдың қысу параметрлерін, атын және орналасатын жерін өзгертуге болады.

Архивтелген файлды қайтып қалпына келтіру үшін жетектегішті ашып, архивтік файлды тауып алып, түнтуірдің оң жақ пернесімен шертіп, Ағымдағы қалтаға бөліп алу әмірін таңдаймыз. Ағымдағы қалта файлдары тізімінің соңында архивтен бөліп алынған файлдар пайда болады.

ІV. Білім-іскерлік дағдыларын пысықтау

Информатикалық диктант.

  1. Файлдың немесе файлдар топтарының сығылу процесі ……………. деп аталады.
  2. …………………… дискідегі орынды үнемдеу үшін файлдың көлемін кішірейтіп сақтауға мүмкіндік беретін программалар тобы.
  3. …………………..бұл файлдарды мұрағатқа орналастырғанға дейін қандай түрде болса, архивтен тура сондай түрде қалпына келтіру процесі.
  4. Архиватор программаларына………………….. жатады.
  5. Көлемі бойынша үлкен архивтелген файл бірнеше дискілерде (томдарда) орналасуы мүмкін. Мұндай архивтер ………………… деп аталады.

Жауаптары:

  1. архивтеу
  2. архиваторлар
  3. Архивтен шығару
  4. WinRAR, WinZIP
  5. Көптомды

V. Компьютермен жұмыс жасау.

Студенттер компьютерде өзінің бумасын архивтеу және архивтелген файлмен алдыңдағы бума көлемін салыстыру. (кесте бойынша дәптермен жұмыс жасау)

№ Архивтелетін файл, бума Архивтелген файл, бума
атауы көлемі атауы көлемі
1 Студент 14,6 МБ Студент 9,89 МБ
2 …
3
4

VІ. Сабақты бекіту . «Суретті құрастыр» ойыны. Суреттің бөліктеріне қойылған сұрақтарға жауап беру арқылы суретті құрастыру.

Сұрақтары:

Фортран тобы:

  1. Архивтеу дегеніміз не?
  2. Архиватор дегеніміз не?
  3. Архивтеу программаларын ата?

Ассемблер тобы:

  1. Архивтен қалай шығарамыз?
  2. Көптомды мұрағат дегеніміз не.
  3. Архиваторлар файл көлемін қанша пайызға дейін кішірейте алады?

Бейсик тобы:

  1. Файлды архивтеген кезде пайда болатын терезенің аты
  2. Архиватор программасын қалай іске қосамыз?
  3. Архиватор программасының функциялары

VII. Үйге тапсырма беру. Архиватор, архивтеу және оның программаларынан тест құрып келу.

VIIІ. Студенттерді бағалау. Бағалау парақшасы: Тышқан белгішелердің санына қарай жеңімпаз топты анықтаймыз

р/с Студенттің аты-жөні Кубизм әдісі Информатикалық диктант Компьютермен жұмыс Суретті құрастыр
1
2
3
4
5
6
7

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше