Мүлгіген орманда нелер тұрады?

Атырау қаласы Амангелді орта мектебі

Шағын топ тәрбиешісі: Ғабиден Шайзада Ғабиденқызы

Білім беру саласы: Таным,Шығармашылық

Бөлімі: Жаратылыстану,Сурет

Тақырыбы: Мүлгіген орманда нелер тұрады? Түлкі

Мақсаты: Балалардың орман туралы түсінігін кеңейту, адам мен орман арасындағы байланысты түсіндіру,аңдардың қорегін табу тіршілігі жайлы түсінік беру, орманды қорғау үшін жауапкершілікке тәрбиелеу, жабайы жануарлардың тіршілігі және олардың өсуі мен дамуына қолайлы жағдайларын туғызу қажеттелігі туралы нақты ұғымдарын қалыптастыру. Тіс пастасы және мақталы таяқшамен сурет салуға үйрету, өзіне таныс жануардың бейнесін дәстүрден тыс әдістер арқылы бейнелей білуге жаттықтыру, ұсақ бөліктерін салу арқылы суретті аяқтай білуге үйрету, қол моторикасын және шығармашылығын дамыту.

Қажетті құралдар:Торғай макеті,Көлік билеттері,геометриялық пішіндер,

қоян ,қасқыр,аю,түлкі ойыншықтары,фланеграф тақта,акварель,мақталы таяқша,сурет дәптері,слайд

Әдіс-тәсіл:Әңгімелесу,сұрақ-жауап ,сергіту сәті,дидактикалық ойын.

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Музыка әуенімен топқа балаларды кіргізу.

-Балалар бүгін бізде ерекше күн.Олай дейтініміз бізге бүгін қонаққа апайлар келді.Қәне апайлармен амандасайық.

Балалар келіңдер шеңбер жасап бір-бірімізге жақсылық тілейік.

Шаттық шеңбері

Аспанымыз ашық болсын,

Күніміз жарқын болсын,

Еліміз аман болсын,

Нанымыз көп болсын

Желбіреген көк туымыз биік болсын!

Сәлеметсіздерме қонақтар.

Шеңбер жасап бір-бірне тілек жолдайды

Ұйымдастыру-шылық-ізденістік -Жарайсыңдар балалар,қәне осы айтқан жылы сөздерді апайларға сыйлайықшы.

-Балалар сендер бір-бірлеріңнің қолдарыңнан ұстағанда нені сезіңдіңдер?

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілінде ауа-райында қандай ерекшеліктер болады?

Ғажайып сәт!

Есік қағылып топқа торғай ұшып келеді.Аузында хаты бар

-Балалар бізге қонаққа не келді?

-Балалар бұл торғай бізге хат ала келіпті.Торғай бізді орманға серуендеуге шақырыпты

Қолдарындағы жүрекшелерді қонақтарға сыйлайды

-мейірімділікті,достықты

-қазір жылдың қыс мезгілі

-қыс мезгілінде күн салқын болады,қалың киімдерімізді киеміз

Назарларын торғайға аударады

-қонаққа торғай келді

-Серуендеуге барамыз ба?

-Орманға бізден алыс жерде,біз орманға немен жетеміз?

-Балалар біз орманға бару үшін көлікке отырамыз.Ол үшін мен сендерге билет таратып беремін.Билетте сендердің көлікке отыратын орындарын көрсетілген.

Балалардан көлікке,орындарына дұрыс отырғандары жайлы сұрау

-Біз орманға жеткенше кедергілер кездесуі мүмкін.

Көлікке мініп саяхатқа шығу.(слайд)

Ой балалар орманға да келіп жеттік. Орманның ауасы қандай таза ия,қандай керемет

Қане таза ауамен терең дем алайықшы

Демалу жаттығуы

-Орманда көптеген аңдар мекен етеді.Оларды жабайы жануарлар деп атаймыз. Олар жыртқыш болады,бірақ бүгін олар сендерге тиіспейді. Олар өз қоректерін өздері тауып жейді.

-Сендер нені көріп тұрсыңдар?

-Қоян көңілсіз сияқты.Оның көңілін төтеру үшін оған қоян туралы тақпақтар айтайықшы.

-Қоянның көңілі көтерілді.Балалар қоянның баласын не деп атайды?

-Балалар мына жерде сұр қасқыр бар екен.Қасқырдың сендерге айтары бар екен.Мен оқып берейін . Бізддің орманға қош келдіңдер балалар.Орман ішінде жүргенде тыныш,шуламай жүру керек,қоқыстарды тастамау керек. Орманды таза ұстауымыз керек.Орманға әрі қарай серуендеу үшін менің тапсырмады орындауларың керек.

Ойын: «не жейді?»

Флангераф тақтадағы аңдар ілініп тұрады,балалар аңдардың қорегін қасына орналастырады.

Сергіту сәті

-Балалар сендер үйшік ертегісін білесіңдер ме? Үйшік ертегісінде үйшікке ең соңында кім кірмекші болады?Балалар мына жерде үйшік ертегісіндегі аю бар екен.Аю үйдің шатырына шығамын деп үйді бұзып тастағандықтан қазір үйі жоқ екен. Қыста аюлар ұйқыға кетеді. Ал мына аюдың үйі жоқ .Оған үй жасап беремізбе?

Аюдың баласын қонжық деп атаймыз.

Дидактикалық ойын: «Кім жылдам, құрастырады?»

Геометриялық пішіндерден үйшік құрастыру.

балалардан үйдің шатыры қандай түсті,негізі қандай пішін екендігін сұрау.

Иә барамыз

-көлікпен барамыз

Билетке сай сандары бар орындыққа жайғасады.

Мұрынмен дем алу жаттығуын жасайды

-бұл қоян

Балалар қоян туралы тақпақ айтады.

-қоянның баласын көжек деп атайды.

Қасқырдың тапсырмасын орындайды

балалар аңдардың қорегін қасына орналастырады.

Аюға көмектеседі

Геометриялық пішіндерден үйшік құрастырады

-балалар сендерге саяхатымыз ұнап жатырма?

Түлкішектің шығуы

-балалар мына жерден бір дыбыс шығатын сияқты,бұл не екен?

-бұл не балалар ?

-түлкішектің достары жоқ екен,ол түлкілерді іздеп жүр. Қәне бәріміз түлкіге достарын табуға көмектесейік.Ол үшін мына жерге отырыңдар .сендер түлкілердің суретін саласыңдар.

Мақталы таяқшамен сурет салу әдісін түсіндіру

Түлкілердің түсі қызқылт сары болады.Түлкі қандай аң?

–Мінекей көп түлкінің суретін салып түлкіні қуандырдық балалар.

Түлкінің баласын жаутаң деп атаймыз.

-міне осымен біздің ормандағы серуендейтін уақытымыз аяқталды балалар. Біз тобымызға қайта баруымыз керек.

-ия әрине

-бұл түлкі

Түлкінің кішкентай бөлшектерін салады

Рефлексиялық-түзетушілік -балалар біз серуенге қайда бардық?

-Немен бардық?

-орманға барғанда нелерді көрдіңдер?

-Орманда қалай жүруіміз керек?

Белсенділік танытқан балаларды мадақтап жұлдызша тарату.

-орманға бардық

-көлікпен

-аңдарды көрдік

-тыныш ,шуламай

Күтілетін нәтиже?

1.Нені біледі: орман туралы түсінігін

2.Нені білуі керек: аңдардың қорегін табу тіршілігі жайлы

3.Нені меңгереді; ұсақ бөліктерін салу арқылы суретті аяқтай білуге үйрету

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше