Тақырыбы: «Шынықсаң – чемпион боларсың»

Атырау облысы Атырау қаласы

ЖШС «Baby City» балабақшасының

II санатты тәрбиешісі:

Айтпаева Гульшахар Изтелеуовна

Ұйымдастырылған оқу қызметі Әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалар іс-әрекеті
«Коммуникация»

Сауат ашу және жазу.

Тақырыбы:«Шынықсаң – чемпион боларсың»

Мақсаты: «Ч» дыбысы мен және оның әріп таңбасымен таныстыру. Өтілген дыбыстар туралы балалардың білімдерін бекіту. Дидактикалық материалдарды пайдаланып қиялын дамыту (буын құрау, сөз құрау, жұмбақ шешу). Балалардың ч дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына назар аудару, сөздік қорларына мән беріп, байланыстырып сөйлеуге үйрету. Спортты сүюге тәрбиелеу.

Әдіс – тәсілдер: Сөздік, көрнекілік, оқу, түсіндіру, әңгімелесу, ойын, сұрақ-жауап.

Көрнекі құралдар:

Спортшылар суреттері, кеспе әріптер, текшелер, мазмұнды суреттер, ребус-сөзжұмбақтар, интерактивтік тақтамен жұмыс.

Билингвальдық компонент:

Чемпионат- championship,

Чемпион – champion,

Чемодан – suitcase ,

Чек – check.

Мотивациялық қозғаушы. Қазақстан чемпиондарының фото-альбомдарын көрсетеді, қарайды, әңгімелейді. Кімдер екенін айтады. Балалар чемпиондар суреттерін көріп, көңілдері жігерленеді.
Іздену ұйымдастырушы

Рефлексивті коррекциялаушы.

Нені білу керек

Дыбыстың айтылу артикуляциясын

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Қай ай? Аптаның қай күні?

-Біз осыған дейінгі оқу қызметінде, қандай дыбыстармен таныстық?

-Біз алдымен дыбыс дегеніміз не? Соган тоқталайық.

-Дыбыстар нешеге бөлінеді?

-Дауысты дыбыстар екенін білеміз?

-Ал, дауыссыз дыбыстар ше? Оларға нелер кедергі жасайды?

-Дауысты және дауыссыз дыбыстар қандай текшелермен белгіленеді?

-Өте дұрыс, өткен оқу іс-әрекетін жақсы меңгерген екенсіңдер. Енді мен сендерге бір жұмбақ жасырамын.

Орындық тұр-

Қарайық

Ұқсайды оған қай әріп? (ч)

Дұрыс айтасыздар, «ч» әрпіне ұқсайды. «Ч» әрпінің жазба және баспа әріп таңбасын көрсетіп, таныстырады.

(тақтаға суреттер ілінеді) Балалар, мына суретке көңіл аударайық.

-Суреттен кімдерді көріп тұрсыздар?

-Спортшылар қандай жарыстарға қатысады?

-Осындай дүбірлі додалар қалай аталатынын білесіңдер ме?

-Сондай дүбірлі доданың жеңімпаздарын кім дейміз? (балалар жауаптары тыңдалады).

-Ия, біз оларды «чемпион» дейміз.

Чемпион болып бокстан

Көтерілдім тұғырға

Көрді әлем биіктен

Қазақстан туын да! – Қазақстан Лондон олимпиадасында жеңіске жеткен чемпиондарымыз: Серік Сапиев, Илья Ильин, Александр Винокуров, Әділбек Ниязымбетов, Ольга Шишигина тағыда басқа көптеген ағаларымыз бен апаларымызды мақтан тұтуға болады.

Ендеше балалар, осы чемпионат, чемпион, чемодан, чек қандай дыбыстан басталып тұр?

-Ч дыбысынан екен.

«Чемпион» сөзіндегі «ч» дыбысы.

-«Ч» дыбысы, дауысты дыбыспа, дауыссыз дыбыспа?

-Дауыссыз дыбыс. Неліктен дауыссыз дыбыс, қане бәріміз айтайық.

-«Чемпион» сөзіне дыбыстық талдау жасайық, (балаларды жұмыстандырады, әр дыбысқа балаларды тақтаға шағарып орындатады).

-«Чемпион» сөзінде неше буын бар? Чем-пи-он, шапалақ ұру арқылы, буынға бөлгізеді.

«Ч» дыбысы қатаң дауыссыз дыбыс екенін білдіртеді.

Буындар құратып оны оқытады – ча, чу, че, чи.

-Балалар ч дыбысын ауада жазып көрсетейік. (ауада жазады, балалар қайталайды).

Сергіту:Бір, екі, үш

Біздерде бар күш

Қолға қалам аламыз

Дәптерге біз жазамыз.

Дәптермен жұмыс:

-Өте жақсы, дәптерлеріңізді ашып, үлгіге қарап, үзік сызықтарды қосып, ч әрпінің баспа түрін жазайық.

Ойын: «Ойлан да тап» сөзжұмбақ, ребус шешкізеді.

-Бүгін қай дыбыстың әріп таңбасымен таныстық?

-«Ч» дыбысы қандай дыбыс?

-«Ч» дыбысынан басталатын қандай сөздерді білесіңдер?

-Олимпиадада жеңіп шыққан спортшыларды, кімдер дейміз?

Сұрақтарға жақсы жауап беріп, Қазақстан чемпиондарын жақсы білетін балаларды мадақтайды, жұлдызшалар береді.

Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетінде сіздер өздеріңізді жоғары деңгейде көрсеттіңіздер. Сіздерді Қазақстанымыздың мықты, ержүрек, білімді балалары деп білемін. Болашақ ҚР-ның чемпиондары да сіздердің орталарыңда отыр.

Күтілетін нәтиже

Нені игеру керек

«Ч» дыбысының қатаң дауыссыз дыбыс екенін.

Жылдың көктем мезгілі екенін айтады, біледі. Наурыз айы көктем мезгілінің алғашқы айы екенін, аптаның бейсенбі күні.

Бірнеше сауалнамаларға балалар жауап береді. Балалар жұмбақтың шешуін табады, «ч» әрпі деп жауап береді. Спортшыларды әлемдік үлкен спорт жарыстарында. Бірнеше сауалнамаларға балалар жауап береді.

«Ч» дыбысынан басталып тұрғанын білдіреді.

Балалар дауыстап ауыз қуысынан кедергі арқылы шығатынын айтады тақтаға шығып, «чемпион» сөзіне дыбыстық талдау жасайды

ч-дауыссыз қатаң көк текшемен белгілейді

е– дауысты жіңішке қызыл текшемен

м-дауыссыз үнді көк текшемен

п-дауыссыз қатаң көк текшемен

и-дауысты жіңішке қызыл текшемен

о-дауысты жуан қызыл текшемен

н-дауыссыз үнді көк текшемен белгілейді буынға бөледі, қалған балалар дауыстап оқиды.

Бойларын сергітіп, әліппе дәптеріндегі ч әрпінің баспа түрін жазады.

Балалар бір-біріне қандай спорт ойындар түрлерімен айналысатындарын айтып мақтап тұтады.

Нені біледі

Әр түрлі спорт түрлерін.

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше