Тақырыбы: «Сиқырлы компас»

Атырау облысы Атырау қаласы

ЖШС «Baby City» балабақшасы

I санатты музыка жетекшісі

Бекболатова Фаузия Байедиловна

Балалар музыка залына бимен кіріп, билеп болған соң үш қатар болып тұрып қалады.

Жүргізуші: Өткен жылым болды ерекше жарқын жыл.

Өте шықты қас қағымда тағы жыл.

Соңғы парақ күнтізбеден жыртылды

«Жаңа жыл» деп қуаныштан жыр тұнды.

Жаңа жыл сиқырлы мереке

Айқай шу, толы ғой күлкіге.

Бұл әсер елітіп бізді де

Киіндік карнавалдық костюмге.

1-бала: Қараңдаршы!

Құдды бір ертегіде жүргендеймін

Сиқырын-ай!

Карнавалдық бетперденің.

2-бала: Әрине!

Бал өте көңілді!

Жаңа жылдық!

Бір ғажайып болатыны бізге анық!

Жүргізуші: Ендеше күтеміз бе?

Балалар: Күтеміз.

Жүргізуші:Басталсын ба?

Балалар: Басталсын.

Хоровод: «Жаңа жыл» (балалар отырады)

Жүргізуші: Балалар, айналаға қараңдаршы, біз бір сиқырлы сарайға тап болыппыз –шырағдан, майшам, күйме тұр. Ендеше, жаңа жылдық ертегіге сиқырлы сарайдың есігі ашық! (музыка ойналып, күймеден Эльза шығады., әндете залды бір айналып шығады.)

Жүргізуші: Балалар, қараңыздаршы! Бұл «Мұз жүрек» ертегісіндегі Эльза ғой.

Эльза: Салематсыздар ма, балалар? Мен осы кездесуді ұзақ күттім.

Өйткені : Жаңа жылдық бүгін бал.

Ең әдемі,

Ең маңызды бал!

Бір жыл бойы күттіріп,

Сағындырып келетін бал. (Балаларға бұрылып)

Эльза: Мерекеге бәрі дайын ба?

Балалар: Иә.

Эльза: Көйлек, костюм тігулі ма?

Балалар: Иә.

Эльза: Аналарың ба көмектескен?

Балалар: Иә.

Эльза: Әсемдеп шығарып салды ма?

Балалар: Иә.

Эльза: Ендеше, бұндай ерекше балда әрдайым менің сүйікті биім «Менуэтті» билейді.

Жүргізуші: Керемет!

Керемет! Балымыз ашық!

Жайнайды маңай, көңілде шаттық!

Маэстро! Қанеки, қос музыканы!

Бәріміз бірге, «Менуэт» биін бастайық (балалар отырады)

Эльза: Рахмет балалар! Маған қатты ұнады.

Жүргізуші: Эльза, сенің сіңлің Анна қайда? Мерекеге неге келмеді?

Эльза: Ой, балалар мен ұмытып кетіппін ғой, мынадай керемет мерекеге сендер ең сүйікті достарыңды шақырсын,- деп, Анна сіздерге сиқырлы компас беріп жіберді.

Жүргізуші: Жаңа жылдық мерекеге балалар кімді күтеді?

Балалар: Аяз атаны!

Жүргізуші: Әрине Аяз атаны. Өйткені ол жер бетіндегі барлық балалардың ең жақын досы.

Эльза: Жарайды , сонымен балалардың ең жақын досы Аяз ата болып тұр. Ендеше, оны осы карнавалға шақыруымыз керек. Мен түсіндім. Шынымды айтсам, сиқырлы сөздерді ұмытып қалыппын. Бірақ мен есіме түсіріп көрейін. (Эльза компастын тілін қолмен бұрап, айналдырып сиқырлы сөздерін айтады)

Компасым менің көрсетші .

Қонақтар қайдан келмекші?

Оңға бұрыл,

Солға бұрыл,

Тез бұрыл, жәй бұрыл,

Балалардың ең жақын досын.

Жылдамырақ бізге келтір.

Эльза:Компастың тілі батысты көрсетіп тұр. Аяз ата сол жақта тұрады ма?

Балалар: Жоқ. (джаз музыка ойналып, күймеден бес санта клаус шығады, қолдарында гитара, саксафон, тб аспаптар, ойнағандай кейіп жасап, шыршаны бір айналып шығады да, бір қатарға тұрады.

Жүргізуші: Мінеки тосын сый! Бұл санта клаустар ғой! Және де біреу емес, бесеу! Сіздер қайдан келдіңіздер?

Бәрі: Голливудтан келдік!

1-санта: Хэллоу, балалар!

2-санта: Мэри кристмас!

3-санта: Happy New Year!

4-санта: Америка, Европа барлық елді аралаймыз.

Алыс, жақын,

Ақ, қара,- деп қарамаймыз.

Бәрі: Жеттік бүгін сіздің елге.

Құттықтаймыз жаңа жылмен!

5-санта: Биге шақырып залдағы қаршаларды.

Бір қуантып тастайықшы баршаңызды.

Би: «Санта клаустар мен Ақшақарлар биі»

Жүргізуші: Рахмет, Санталар, көңілді билерің мен жаңа жылдық тілектеріңе!Біздің жаңа жылдық карнавалдың қонағы болыңыздар, балалардың жаңа жылға арнаған «Жаңа жылдық сүңгілер» атты ойынын бірге ойнауға шақырамын.

Ойын: «Жаңа жылдық сүңгілер»

Енді мерекені әнмен жалғастырайық. Өйткені казір Аяз ата келеді ғой:

Ән: «Жаңа жыл»

Жүргізуші: Эльза, қаншама кереметтер бар жер бетінде, тағы да компасыңмен сиқырлап көрші, мүмкін осы жолы дұрыс болып шығар, өйткені біз әлі Аяз атаны күтіп отырмыз ғой. Солай ғой балалар?

Эльза: Әрине осы жолы бәрін дұрыс жасауға тырысамын. Менің есімде ғой, балалардың ең жақсы көретін досы- ол ?

Балалар: Аяз ата!

Эльза: Компасым менің көрсетші.

Қонақтар қайдан келмекші.

Оңға бұрыл.

Солға бұрыл.

Тез-тез бұрыл, жәй бұрыл.

Балалардың ең жақын досын

Жылдамырақ бізге келтір.

Эльза: Компастың тілі шығысты көрсетіп тұр. Аяз ата шығыста тұра ма?

Балалар: Жоқ.

(музыка ойналып, күймеден Сұлтан 3уәзірімен, және бір қаншайыммен туседі, сұлтан малдас құрып отырады, ал уәзірлер екі жағына бөлініп тұрады.

Жүргізуші: Қош келдіңіздер қонақтар!

1-уәзір: Алыс-алыс шығыста құрма ағаштарының, жүзім сабақтарының каласында жарқынның да жарқыны, ақылдының да ақылдысы, әділеттінің де әділеттісі сұлтан Аль Багет тұрады.

2-уәзір: Уа, әміршім, ендігі қалауыңыз қандай болмақ?

Сұлтан: Мерекенің жалғасуын қалаймын!

3-Уәзір: Біздер жыл сайын жаңа жылды ыстық жақта, пальма ағашын безендіріп қарсы алатынбыз.

4-уәзір: Биылғы жаңа жылды нағыз қысы бар, шырша ағашының қасында ойнап, билеп қарсы алғымыз келеді.

1-уәзір: Ендеше, ұлы әміршімді күттірмейік. Шығыс биіне кезек берейік.

Би: «Шығыс биі»

Жүргізуші: Балалар шығыс сұлтанының сіздерге арнаған арнайы ойыны да бар екен, дайынбыз ба?

Ойын: «Шығыс белбеуі»

Жүргізуші: Рахмет құрметті қонақтар, бізбен бірге жаңа жылдық карнавалда Аяз атаны бірге карсы алайық.

Эльза:(қолындағы компасқа қарап, өз-өзімен сөйлейді. Бұзылып қалған сияқты, тілі қалай болса солай айнала береді.

Оңға бұрыл,

Солға бұрыл.

Тез-тез бұрыл, жәй бұрыл!

Ой, ештене шықпады, өте тез айналып жатыр. (қаhарлы музыка ойналып, свет өшіп , күймеден Малефисента шығады.

Малефисента: Мен ханшасымын қара түннің.

Түнек пен қараңғылық әкелемін.

Тас қараңғы қылып кеттім ну орманды.

Оңай болмас енді аязға табу жолды.

Бәрі де өшті мына менің арқамда

Қараңғылық жағар менің жаныма.

Немене, қолдарыңнан ештене келмеді ме? Мен әдейі сындырдым компасты. Ал ана ақымақ қыз Анна тіпті менің сынық компас бергенімді сезген де жоқ. Енді Аяз аталарың келмейді, мына карнавалға. Енді ол өзінің немересі Ақшақармен жүреді солай адасып. (ха-ха-ха)

Эльза: Ой, не істедім мен? Байқаусызда Малефисентаны шақырып қойыппын ғой.

Жүргізуші: Балалар енді не істесек екен?

Малефисента жолдың бәрін қараңғылап тастапты. Эльза мүмкін бірдеңе ойластырарсың?

Эльза: Мен Малефисентаның неге соншама қатыгез болып кеткенін білемін. Ол ұйықтап жатқанда оның қанаттарын қиып кеткен. Сондықтан ол бүкіл әлемге өш болып жүр. Біздер бір әрекет жасауымыз керек. Оған көмектесуіміз керек.

Малефисента: Сендердің қолдарыңнан ештеңе де келмейді, босқа жұмыстанбай- ақ қойыңдар.

Жүргізуші: Сен бізді олай қорқыта алмайсың.

Малефисента: Қорқытамын. Сендерге қарлы боран соқтырамын, у-у-у-(үрлейді) Қолдарыңды үсіремін.

Жүргізуші: Бізге тіпті де салқын емес, бұндайда біз қол шапалақтаймыз.

Малефисента : Онда мен сендерді қатты ыстықпен шарпимын.

Жүргізуші: Біз оны да пысқырмаймыз, Ыссығы біз түшкіреміз.(түшкіреді)

Малефисента: Онда менен жамандық күтіңдер.

Жүргізуші: Бізге ол да қорқынышты емес, біз оған қарқылдап күлеміз. (күледі)

Малефисента: Ах! Сендер қандайсыңдар? Қане-қане мені жеңіп көріңдер!

Жүргізуші: Малефисента, болды, сен жеңілдің, біз жеңдік. (балаларға бұрылып,)

Балалар мен сендерге Феялар биін билеуді ұсынамын. Мүмкін Малефисентаның қанаттарын қайтаруға сол көмектесер.

«Феялар биі» (бидің соңында Феялар қара қанат алып шығып, Малефисентаға кигізеді. Свет жанады)

Малефисента:Рахмет, сендерге балалар! Сендер менің қанатымды тауып бердіңдер. Сол үшін мен сендерге дұрыс компас беремін. Алыңыз: (Эльзаға береді) Ал маған қайту керек. Сау болыңдар!

Жүргізуші: Сау болыңыз!

Эльза: Енді бізге Жаңа жылдық карнавалға Аяз ата мен Ақшақарды шақыруға еш кедергі болмайтын сияқты.

Ал, компасым: «Оңға бұрыл, солға бұрыл.

Оңтүстіктен солтүстікке бұрыл.

Аяз атамен Ақшақарды бізге келтір! (Музыка ойнап, күймеден Аяз атамен Ақшақар түседі)

Жүргізуші: Салематсыңдар ма Аяз ата, Ақшақар?

Аяз ата: Амансыңдар ма, балаларым? Біздер жолдан адасып кеттік. Орманмен де, даламен де, батпақпен де, бұталардың арасымен де жүрдік. Сіздің балабақшаға әкелетін жолды әрең таптық. Не болғанын өзіміз де білмедік. Ақшақар екеумізді біреу сиқырлап тастағандай.

Жүргізуші: Енді жаңа жыл бізді айналып өте қоймас. Қанеки, орнымыздан тұрайық. Үлкен шеңбер құрайық. Әнмен, бимен жаңа жылды көңілді қарсы алайық.

Ақшақар: Аяз ата, шыршаның шамдары жанбай тұр ғой.

Аяз ата: Міне бұл бейберекетсіздік!

Мынадай сиқырлы сөздерді айтайықшы: Күлімдейміз-1

Бұрыламыз-2

Ал, жарқыра шыршамыз! (жанады)

Ән: «Аяз ата»

Аяз ата: Ал енді Ойын ойнаймыз. Ойынның аты «Ең толық Аққала»,- деп аталады.

Аяз ата: Ой, қандай ыссы болып кетті. Әлде жолдан шаршадым ба?

Жүргізуші: Отырыңыз, Аяз ата. Біздің балалардың сізге арналған өлеңдерін қабыл.(Балалардың тақпақтары)

Аяз ата: Ой, жарайсыңдар менің азаматтарым! Өлеңдерің маған қатты ұнады.

Ақшақар: Иә, Аяз ата, қандай ғажап балалар ! Олардың әндері де бар екен, мерекеге әзірлеген.

Ән: «Little Snowflake»

Аяз ата: Жоқ-жоқ, сендер жәй бала емессіңдер! Сендер алтынсыңдар! Көп рахмет! (балалар отырады)

Аяз ата: Ой, мен қартайдым ба, әлде шынымен тауықтың қыт-қыттаған дауысы естіле ме?

Ақшақар: Жоқ, Аяз ата, сен дұрыс айтасың.

Тауық келді қоштасуға біздермен.

Толы болды жылы игі істерге.

Қол соғайық ризашылық білдіріп.

Аман келсін келесі мүшел жеткенде.(тауық кіріп, залды бір айналып шығады, қолында жанатын таяқшасы бар)

Жүргізуші: Келеді әне жаңа жылым «ит жылы»

Қарсы алайық жаңа жылды тік тұрып,

Адамның ол серігі ғой сенімді.

«Төрлет жылым, қош келіпсің»,- дей тұрып.

(ол да бір айналып шығады, тауық қолындағы жанатын таяқшасын итке береді де, құшақтасып, қоштасып шығып кетеді)

Аяз ата: Карнавал деген қандай керемет!. Ән айттық, биледік, енді сыйлық таратын мезгіл де келіп жетті. Ақшақар немерем сыйлықтар қайда, көрінбей ме?

Ақшақар: Аяз ата сенде сиқырлы таяқ бар ғой.

Аяз ата: Иә, әрине. Ал сиқырлы таяғым!

Көрсет сиқыр барлығын.

Тарататын кез келді

Балалардың сыйлығын.

1;2;3; Сыйлықты алып Аққала,

Мүдірмей тез жет, бақшаға! (залға музыкамен сыйлықтар тиеген шанамен Аққала кіреді, балаларға сыйлықтар таратылады.)

Аяз ата: Мінеки, жаңа жылдық мерекеміз осындай қуанышты сәтте өз мәресіне жетті. Көп қуаныш тілей отырып, балаларға еш қам жемей, үлкен болып өсулеріңізді тілеймін.

Ақшақар: Ал, біз Аяз ата екеуміз.

Бір жылдан кейін келеміз!

Сау болыңыздар!

Жүргізуші: Мінеки, көптен күтіп сағынған мерекеміз де аяқтала келді. Жаңа жыл сіздерге тек сәттілік пен қуаныш сыйласын! Сау болыңыздар, құрметті қонақтар, балалар!

(Фотоға түсу)

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше