Тақырыбы: «Орманшы және оның еңбегі»
Атырау облысы Атырау қаласы
ЖСШ «Baby City» балабақшасы
Ⅱ-ші санатты тәрбиеші:
Шыманова Шынар Ендибаевна
| Білім саласы. | Әрекет
кезеңдері |
Тәрбиешінің іс- әрекеті. | Балалардың іс-әрекеті | |
| «Таным»
Қоршаған ортамен танысытру. Тақырыбы: «Орманшының және оның еңбегі». Мақсаты: Мамандықтар туралы білімдерін кеңейту. Мамандық түрлеріне деген қызығушылықтарын арттыра отырып, орманшы мамандығымен таныстыру. Жұмбақ шешу, ойын ойнау арқылы балалардың ойлау қаблеттерін арттыру. Орман, су, ағаштар, құстар мен жануарлар дүниесі туралы түсініктерін қалыптастыру. Табиғатқа байланысты тиым сөздер арқылы табиғатты қорғауға, үлкендер еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу. Көп тілдік компанент: Орманшы- Лесник-Forester Ағаш-Дерево-Tvee Дүрбі- бинокль-Binoculars Аңдар- Звери-Animals Құстар- птицы-Birds Керекті құралдар: Орманшы,орман,өлі-тірі табиғат, ағаштар суреті, дүрбі. |
Мотивациялық қозғаушы.
Іздену ұйымдастырушы |
Арайлап таң атты,
Өз сәулесін таратты, Сәлеметсіз ба, алтын күн! Сәлеметсіз ба, жер ана ! Сәлеметсіз ба сүйікті балабақша! Тілегіме тілек қос міне менің қолым ( бір-біріне қолдарын ұстатады ) Жақсы тілектер айтқызады. Деніміз сау болсын ! Аспанымыз ашық болсын ! Нанымыз көп болсын ! Еліміз тыныш болсын ! Көк туымыз биік болсын ! Балалардың естеріне түсіру үшін тақтаға мамандық түрлері суреттерін іліп қояды. Балаларға сұрақ қояды. –Қандай мамандық түрлерін білесіңдер ? Мамандық түрлері туралы әңгімелеседі -Қандай маман, қандай қызымет атқарады. -Иә,дұрыс айтасыңдар балалар әр маманның өзі атқаратын қызыметі болады. Енді мен сендерге жұмбақ жасырамын. Сергек ол үнемі, Сарп етіп бар күшік, Түгендеп жүреді, Орманның аң,құсын, Келтіріп бабына, Ат мініп тағандап, Орманда тағыда, Шолып жүр тағы да, Ол кім ? Иә, дұрыс айтасыңдар ол орманшы екен (тақтаға орманшының суретін іліп) таныстырады. Орманшы не істейді екен ? Ормандағы құстарды, аңдарды,ағаштарды қорғап жүреді. Қыста жануарлардың баларына тамақ, құстарға жем береді. Ауырып өсе алмай тұрған ағаштарға күтім жасайды. Осы жұмыстарды атқаратын адамды орманшы дейміз. Орманды өртеп, қоқыстарды тастап жойылып бара жатқан аңдарды аулауға тыйым салады. Сергіту сәті: Қолдарыңды көтеріңдер –бір дейік, Көп отырып, қатты шаршап жүрмейік. Қолды создық, басты бұрдық-екі деп, Қозғалыспен әрбір адам жетіледі. Алға, артқа қарадықта- үш дедік, Тағы жаңа жаттығулар істедік. Түсірейік қолды төрт пен бесті айтып, Отырайық көңілді енді марқайтып. -Балалар, орман дегенді қалай түсінесіңдер ? Орманда көп, биік ағаштар өседі. Орман дегеніміз құстар мен аңдар мекендейтін жасыл алаң. Онда жаз мезгілінде гүлдер мен саңырауқұлақтар, бүлдіргендер өседі. -Орманда қандай аңдар өмір сүреді? -Қыс мезгілінде қандай аңдар ұйықтайды ? -Қандай құс түрлерін білесіңдер ? -Орманда өсетін қандай ағаш түрлерін білесіңдер ? Дұрыс айтасыңдар, осы табиғатты аңдар, құстар, ағаштар бір- бірімен тығыз байланысты. Ағаштардың биік әдемі өсуіне құстардың пайдасы мол, себебі ол ағаштардағы құрт , құмырысқаларды жейді. Жаңбыр арқылы өсіп-өнеді. Ағаштардың адамдарға пайдасы бар. Ол лас ауаны бойына сіңіріп, таза ауа бөліп шығарады, біздер сол арқылы дем аламыз. Балаларға ағаштар туралы өлеңдер оқиды. 1-бала Әсем Тау борайы төменде, Өседі жас емендер. Сырғалы қайың, ақ қайың, Батпайтын күтіп сақтайтын. 2-бала Әділжан Орман сәні терек, Терек егу керек. Көлеңке күмбез бәйтерек. 3- бала Аибеке Көп орманда ну ағаш, Өскен жақсы аралас. Ең әдемі менімше, Құс ұясы бар ағаш. 4-бала Ералы Жасыл желек жамылған, Міне, сұлу шыршасы. Жапырағы жап жасыл, Өсе берсін сан ғасыр. Орман тіршілігін бақылап отыру үшін орманшыға не керек ?(Дүрбі). Дүрбіні көрсетіп таныстырады, ол алыстағы нәрселерді жақындатып көрсетеді. Ал енді біз бәріміз орманға серуенге барамыз. Балалар не көргендерін айтады. (Табиғаттың суреті бейнеленген картина іліп қояды.) Табиғат қандай тамаша. Қазір енді ойын ойнаймыз. «Қайда бардым, не көрдім ?» Енді бізде орманшы болып, дүрбімен не көргенімізді айтайық. Дүрбімен кім қарағысы келіп тұр. Өзеннің жағасына бардым, бөгелдім көп. Кім айтады, кәнекей,мен ол жерден не көрдім ? Балалар не көргендерін айтады. Ормандағы серуен ұнадыма .? Маған да ұнады. Ендеше табиғаттан алған әсерімізбен тобымызға қайтайық. Орындарыңа жайғасыңдар. Балалар табиғатқа қатысты қандай тиым сөздерді білесіңдер ?. -Суға түкіруге болмайды. -Көкті жастай жұлма. -Құстың ұясын бұзуға болмайды. -Гүлді үзбе. -Құмырысқаның илеуін бұзба. -Жалғыз ағашты кеспе. -Ақ бөкенді атпа. Осы тиым сөздерді қолдану арқылы, ата-әжелеріміз біздерді табиғатты қорғауға тәрбиелеген. Бұндай ісіміз арқылы біз кімге көмектесеміз ?(орманшыға). |
Қолдарын жоғары көтереді,
қолдарын төменге түсіреді, алақандарын ашады қол ұстасады. Жақсы тілектер айтады. Дәрігер адамды емдейді. Аспазшы тамақ дайындайды. Шаштараз шаш қияады. Егінші егін егеді.т.б. Жұмбақтың шешуін ойланады. Орманшы. Ормашының қызыметімен танысады,түсінеді. Орманда мекендейтін аң, құс, түрлерін айтады. Қыста ұйықтайтын аңдар аю, борсық,кірпіні айтады. Емен,қарағай,шырша. Табиғаттың бір-бірімен және адам өміріне байланысты екенін түсінеді. Балалар өлең айтады. Орманшының құралдары дүрбіні қалай не үшін пайдаланатынын түсінеді. Орманға серуенге шығады не көргендерін әңгімелейді. Тау, су,өзен,ағаш,құс,тас,т.б. Табиғатқа байланысты тиым сөздерді қайталайды, мағынасын түсінеді. Естеріне сақтайды. |
|
| Рефлексивті
коррекциялаушы |
Балалар орманда біз әртүрлі ағаштар көрдік, сол ағаштардың жапырақтары қандай екен ? кім есіне сақтады ойын ойнап тексеріп көрейік.
Ойын «Жапырағынан таны» Тақтаға үш түрлі ағаш суретін іледі, балаларға ұқсас жапырақтар таратады. Берілген ағаштардың жапырақтарын, ұқсас жапырақтарды тауып орналастырғызады. Жарайсыңдар жақсы еске сақтайсыздар. -Қандай мамандықпен таныстық ? -Орманда нелер өмір сүреді ? -Орманшының қандай құрал саймандары бар? Балалар өте жақсы қатыстыңдар, жарайсыңдар. |
Ағаш түрлерін тани біледі, ұқсас жапырақтарын табады.
Орманшы туралы түсінгендерін ортаға салады. |
||
| Күтілетін нәтиже. | ||||
| Нені білу керек. | Нені игеру керек | Нені біледі. | ||
| Орманшы мамандығының атқаратын қызыметін. | Орманда тіршілік ететін аңдар, құстарды. | Тиым сөздерінің мағынасын.
Үлкендердің еңбектерін бағалауды. |
||
