Денсаулыққа пайдалы жаттығу түрлері
Арал қаласы №2 Облыстық арнайы санаториялық
мектеп-интернатының 7-сынып оқушысы
Жетекшісі: Дене шынықтыру пән мұғалімі КурманбаеваГүлмира
Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз.Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты,өзі шыдамды болады.Біздің ата-бабаларымыз “тәні саудың-жаны сау”-деп бекер айтпаған.Спорттың қай түрімен айналысу адамның адамның қабілетіне байланысты болады.Денсаулық пен өмірді дамыту үшін кем дегенде спорттың 33 түрінен жаттығу жасау керек.Сондай-ақ кермеге тартылу,шахмат,шашка,ұзындыққа секіруден өткізілетін жаттығулар өз алдына бір бөлек.Дене жаттығулары-белгілі бір мақсаттарға жетуге бағытталған үздіксіз бір-бірімен байланысқан қозғалыс қимылдарының жиынтығы.Жарыстық спорттық жаттығуда қозғалыс әрекеттерінің тұтастығы барынша жоғары спорттық нәтижелерге жетуге бағыттылған.
Дене жаттығуының көпшілігі динамикалық болады.Мысалы:жүру,жүгіру,жүзу.Денетәрбиесінің негізгі құралдарына дене жаттығулары,гимнастика,ойын,туризм,спорт жатады.Көбіміз деніміз сау кезінде дене шынықтыру жаттығуларын жасаудың пайдасын бағаламаймыз.Мұнан жүз жыл бұрын жұмыстың 96 пайызын адам өзінің бұлшық еттерінің күшімен атқарса,ал қазір барлығын техника атқарады.Бұл да адамдардың жаттығу түрлерін жасап,қозғалуына әкеліп соқтыруда.Ғылыми зерттеу деректері бойынша,дене шынықтыру жаттығуларымен жүйелі түрде шұғылданатын адамдар онымен анда-санда бір шұғылданатын адамдарға қарағанда сирек ауырады,дәрігерге сирек қаралады.Дене шынықтыру жаттығулары қан қысымының жоғарлауын төмендетеді.Дене жаттығуларының түрлеріне жүгіру,қарғу,жүзу,лақтыру әсіресе қыс мезгілінде шаңғы,коньки т.б жаттығулар денені шымыр етеді.
