Салауатты өмір салтын сақтайық

ӘСИЯ ЖАНБОЛАТҚЫЗЫ

Қызылорда облысы, Арал қаласы № 2 облыстық арнайы санаториялық

мектеп-интернатының 7-сынып оқушысы

Жетекшісі: Дене шынықтыру пән мұғалімі Курманбаева Гүлмира

Кез келген елдің болашағы – оның халқының денсаулығына байланысты екендігі – дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Ал біздің болашақтағы бағытымыз – салауатты өмір салты. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегенді өсіп келе жатқан ұрпақтың санасына сіңіріп, олардың өз денсаулығына деген жауапкершілікті қалыптастыру баршаның борышы.
Денсаулық дегеніміз – адам жаны мен тәнінің амандығы. Денінің сау болуын қандай адам қаламайды?
Дені сау адам өзі үшін де, ол өмір сүріп жатқан қоғам үшін де керек. Қоғамадағы не бір жұмысты да сол денсаулық иесі ғана атқара алады. Адам бұл өмірде мәңгілік емес. Сол берілген аз ғұмырды дұрыс пайдалана білмесең, ғұмырың текке өтті дей бер. «Денсаулық – зор байлық» деп атамыз қазақ бекер айтпаған болар. Әр адамның өмірінде денсаулықтың орны бөлек. Сондықтан денсаулығымызға көңіл бөліп, дұрыс сақтанғанымыз жөн. Деніміз сау болмаса, ауру меңдеп, қалжыратса, шалқыған байлықтан, ақшадан не пайда?! Осыдан біз ненің бірінші байлық екенін аңғарамыз. Адамның денсаулығы қоғам байлығы. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Қараңғы үйге келіп шам жақсаңыз шам үйді жарық қылады. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан. Жанымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық – денсаулық. Әр адам күнделікті жаттығып, салауатты өмір салтын ұстануы керек. Халықтың деналығы айтқандай, денсаулық – ең үлкен құндылық. Себебі адам денсаулығына байланысты болғанда, ол іскерлік, қарым – қатынас, шығармашылық үшін күш пен шабытқа ие. Денеде бір нәрсе ренжулі болса, зерттеуге немесежұмыс істеуге көңіл бөлу қиын, сіз тіпті көңілді болғыңыз келмейді. Ал қазіргі өмір бізге белсенді болуды талап етеді, сондықтан біз денсаулығымызға қамқор болуымыз керек. Бүгінгі күні қоғамда салауатты өмір салтына, өмір салтына көп адамдар күресуде. Олар темекі шегуге, жаттығуға, зиянды өнімдірді жеуге болмайды. Салауатты өмір салты дегеніміз – денсаулықты нығайту мен сақтау, ағзаның дұрыс дамуын қамтамасыз ететін гигиеналық ережелерді орындау. Ол үшін денссаулықа жағымсыз әрекеттерден (нашақорлық, шылым шегу, ішімдік ішу, улы заттарға әуес болу) аулақ болу. Салауатты өмір салтын сақтау сонысымен бағалы. Егеменді еліміздің болашағы біздер. Қоғамда болып жатқан жаман әдеттерге кінәлі – адамдардың өзі. Осындай жат, жаман әдеттерден бойымызды аулақ ұстап, төзімділік, табандылық танытып, адамгершілік қасиеттерді жоғары ұстай білуіміз керек. Көне замандардағы ғұламалардың бірі Аристотель: «Жанды дене қозғалмаса өледі» – деген екен. Міне, сол тұжырымдама біз үшін салауатты өмір сүрудің негізгі ілімі болуға тиіс. Салауатты өмір салтын ұстануда спорттың рөлі зор. Денсаулыққа тек дене шынықтыру арқылы қол жеткізілуге болады. Дене қозғалысы адам ағзасын дамытып, жұмыс істеу қабілетін арттырады, ауруды алыстатып, өмірді ұзартады. Денсаулық – адамға табиғаттың берген ең ұлы құндылығы. Күнделікті уақытылы тамақтанып тұру керек. Есірткі, нашақорлық – азаматты жұтатын аждаһа екенін бір сәт естен шығармайық! Өміріміз – өз қолымызда. Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты. Адамға өмір бірақ рет беріледі. Бұл ретте оның денсаулығы мықты, рухы күшті болғаны абзал!

Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі. Жаңа ғасыр азаматы – дені сау, рухани бай адам!

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше