Тәуелсіздігім-тұғырым!
Атырау облысы Атырау қаласы
Н.Тілендиев атындағы Кіші Өнер Академиясы
жанындағы жатақхананың 2-ші санатты тәрбиешісі
Жангатаева Жанаргул Ерболқызы
Тәрбие сағат тақырыбы: Тәуелсіздігім-тұғырым!
Тәрбие сағатының мақсаты:Оқушыларды отаншылдыққа,ұлт жандылыққа,туған жеріне,ата мекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс бағыт бағдар беру,өз елінің тарихын сыйлауға уйрету,оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу.
Жүргізуші:Туған халқымыз тәуелсіздік алды.Тарихымыздың беттеріне 1991 жыл алтын әріптермен жазылды.Бостандыққа парламенттік жолмен жеттык.Бұның саны аз халық үшін тиімді екеніне көзіміз жетті,көңіліміз жетті. «Қазақстан Респбликасының мемлкеттік тәуелсіздігі»туралы заң Жоғары Кеңес сессиясында көпшілік дауыспен бекітілді.
Әнұранды орындау
1 оқушы:1986 жыл,16-желтоқсан.Бұл ерлік пен өрлік,қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жақын,әрі қаралы да,қасіретті күн еді.
Мұз жастанып азаттықтың жолында,
Тәуелсіздік туы тұрды қолында.
Сойыл таяқ ойнасада жанында,
Отан үшін жанын қиды ұлдарың,
Аз болған жоқ азап шеккен қыздарың.
Күйініштен ауырады жүрегің,
Естігенде желтоқсанның ызғарын.
Желтоқсан-ау,ұмытылмайсың жүректе,
Ұрпақ өсер айналатын тірекке,
Егемендік тиді бүгін еншіме,
Желтоқсаным,жеткіздің ақ тілекке.
2 оқушы:Желтоқсан көтерілісінің арқасында 1991 жылы еліміз өз алдына егемендік алып, тұңғыш Тәуелсіз ел дүниеге келді
Егемендік иесі мен деген сөз,
Көптеген бері естілмеген ерен сөз,
Екі тізгін,бір шылбырын өзі алған
Көркем жігіт болып өссе көрген сөз.
Егемендік ел болудың белгісі,
Басқа жұртпен тең жұлдызы,тең күші.
«Егемендік» деген сөзден естілер
Ата жұрттың арысы мен бергісі
3 оқушы:1991 жылы желтоқсанның бірінде Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республиканың Призиденті етып сайлады.
Шықты тарап ой данадан,
Бері қарады жұлдыз беті
Өзі қалап сайлап алған,
Елімнің бар Президенті.
Шырақ етіп өмір нұрын,
Алыс жатты алдағы жол.
Ел намысын,елдің жугін
Арқалаған ардағым-ол.
4 оқушы:1999 жылы тұңғыш Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев қайта сайлайды, ал 2005 жылы желтоқсан айының 4-ші жұлдызында болған сайлауда ел қалауымен Н.Ә.Назарбаев тағы 7 жылға сайланды.
Күнісіз қазақ көгінін,
Шуағын шашқан халқына.
Қазығы бостандығымның,
Қажымас қайсар нар тұлға.
Ұшырдың алыс айға адам
Халқымның мақсат арманын
Тусінер сіздей қайда адам?!
Сұрақ-жауап сайысы:
1.Қазақстан қандай ел?
2.Қазақстанның қанша халқы бар?
3.Еліміздің табиғаты туралы не білесіңдер?
4.Біздің еліміздің астанасы қай қала?
5.Біздің еліміздің басшысы кім?
Мақал-мәтелдер сайысы:
«Жалғастыр»
1.Енбек түбі береке,(Көптің түбі мереке)
2.Елінен безген-ер оңбас,(Көлінен безген-қаз оңбас)
3.Ер бір рет өледі,(Қорқақ мың рет өледі)
4.Сөз атасы-құлақ,
Жол атасы-тұяқ,(Су атасы-бұлақ)
5 оқушы: 1992 жылы 4 маусымда президент «Қазақстан республикасының мемлекеттік Туы,Елтаңбасы,Әнұраны» туралы заңға қол қойды.
Рәмізім-елдігімнің белгісі,
Білу керек баладағы ең кіші.
Рәміздерім-Әнұран,Ту,Елтаңба,
Рәміздерді жатқа білген жөн кісі
Қазақстан Туы
Көк аспандай көкпенбек,
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен-тек
Елдің ашық қабағы.
Қанатты қос арғымақ.
Екі жақтан көмкеркен
Тәулсіздік жолында
Талай-талай тер тамған
Билігім өз қолымда,
Еркіндігім-Елтаңбам.
Әнұран
Әнұраным-жанұраным,
Айтар әнім-сөйлер сөзім.
Туған жерім-сағынарым-
Мың қайталап айтам мұны.
Осыменен «Тәуелсіздігім-тұғырым» атты тәрбие сағаты аяқталды.
