Мектеп оқушыларын еңбекке баулу

Алматы облысы, Алакөл ауданы, Ә.Әлімжанов атындағы
орта мектебінің технология пәнінін мұғалімі
Байбатшанов Сырым Кусайнович

Технология пәнін оқытуда- еңбек етудің алғы шаттарын үйрену арқылы оқушыны жеке тұлға ретінде тәрбиелеу, мақсаты көзделеді. Осы мақсатты жетілдіру, жұмыс мәдениетін, адамдар арасындағы адамгершілік қарым-қатынастарды жаңарту, еңбек біліктілігін қалыптастыру арқылы еңбек өнімділігін арттыруға ынталандыру міндеттерін мұғалімге жүктейді. Жас ұрпақты қоғамдық өмірге, отбасындағы қызметке, кәсіпке даярлау, үнемі өзгеріп отыратын әлемде өмір сүретіні туралы түсінікті қалыптастыруды міндеттейді. Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында; «Негізгі мақсатымыз-Қазақстанның әлемнің елу дамыған елдерінің қатарына енуі» делінген. Сол себепті, әр оқушыға оның қабілеттеріне сәйкес келетін білім беру өрісі қажет.

Адамға ең бірінші өмірлік қажеті – еңбек екенін уақыт дәлелдеуде. Адам –өмірі үшін аса қажетті, әрі өмір бойы тоқтаусыз білім беретін пән технология оқу пәні үнемі жетілдіруде.

Еңбек тәрбиесі арқылы күнделікті өмірге қажетті жұмыстар атқару, көркемдеу қол өнері шеберлігін меңгеру арқылы жас ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелеуді басшылыққа ала отырып жұмысты жүргіземіз.Оқушылар әр түрлі бұйымдарды зерттей отырып, баға берумен келешек кәсіби ісіне қажетті эстетикалық, ұлттық, этикалық және т.б. бағалы қасиеттерін өз бойларына қалыптастырады. Еңбек сабағында оқушылардың іске икемділігі мен іскерлігіне жұмыстар жасалынады. Оқушылар әр түрлі заттардан бұйымдар жасау барысында бұйымдарды зерттей отырып, баға берумен келешек кәсіби ісіне қажетті эстетикалық, ұлттық, этикалық және т.б. бағалы қасиеттерін өз бойларына қалыптастырады. Еңбек сабағында оқушылардың іске икемділігі мен іскерлігіне, өнерге, шеберлікке деген бейімділігін дамыта отырып қалыптастырамыз. Оқушылар отбасында да тұрмыстың әр түрлі өнімді еңбегіне қатысады. Баланың бойындағы сапалық қасиеттері, еңбекке қызығушылығы, табиғатты қорғауы, ұқыптылығы арқылы еңбек адамын көру. Қазіргі кезде білім беру кеңістігінде иновациялық үрдістердің бағыттарының бірі- мектепке бағдарлау болып табылады. Оқушылардың қызығушылықтары, қабілеттері толық ескеріліп, сол қажеттілікке сай тиімді жағдайлар жасалып, білім беріледі.

Технология-пәні география, бейнелеу өнері, тарих,музыка пәндерімен тығыз байланысты.Электронды кәсіптік бағдарлау жүйесі- қазіргі заманға сай ақпараттық-коммуникациялық технология негізінде жасалып, оқушының өзіне қажетті мамандықты таңдап, оның ерекшеліктері жөнінде тұтас ақпаратты ұсына отырып, өз мүмкіндігі бойынша қалаған мамандығын анықтауға көмектеседі. Балаларды еңбекке тәрбиелеу-қол еңбегі сабағынан басталады.Адам баласы туа сала емес, көре-көре, жүре-жүре жетіледі. Бір адам еңбекке өте қабілетті болып өссе, енді бірі керісінше болады. Баланың жас шағында еңбек тәрбиесін дұрыс алуы немесе одан шет қалуы оның келешек өміріне үлкен әсер етеді.

Егер бала отбасында еңбек тәрбиесін дұрыс алып шықса, мектепке іскерлікке үйрену оңайға түседі. Өйткені, отбасындағы алған еңбек дағдылары балаға түрлі мамандықты үйренген кезде жәрдемдесіп, оны игеруге оңайлатып отырады. Мысалы, өте күрделі жобаны оқушының өзі ғана орындауы шарт емес. Сондықтан жобаның кейбір бөлігі дайын күйде берілсе, кейбір бөлімін оқушы мұғалімнің, ата-ананың көмегімен орындай алады.

Жобалау әдістемесінің талабы:

  1. Міндетті түрде шешілетін мәселенің зерттемелік, ақпараттық тәжірибелік болуы.
  2. Жобаны орындау іс-әрекетті жобалаудан басталады.

3.Әр жоба оқушыдан зерттеушілік жұмысы талап етеді. Сонымен, жобалау іс-әрекеттің ерекшелігі-ақпаратты іздеу болып табылады.

4.Жобаның шығуының ең соңғы сатысы-нәтиже:

Білім алушының ынтасын және қабілетін дамыту еңбек тәрбиесіндегі жеке міндеттердің бірі. Халық шаруашылығында автоматтарды, компьютерлерді, т.б. қолдану барлық мамандардан жоғары техникалық сауаттылықты талап етеді. Сондықтан оқыту идеяларын, саралап оқыту-оқушылардың туа біткекн ақыл –ой қабілетінің жеке дамуының жан-жақтылығына негізделген білім беру жүйесі барлық педагогикалық жүйе құрам бөліктерінде инновация үрдісі іске асу үшін төмендегідей жұмыстар істелу керек:

Жаңа технология жүйесінде проблемалық және іскерлік ойын арқылы оқытудың да маңызы зор. Оқушылар әр түрлі проблемаларды талдайды, оның шешу жолдарын іздестіреді. Мұндай сабақтар оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады, пәнге қызығушылығын арттырады, өмірде кездесетін түрлі қиындықтарды жеңуге тәрбиелейді. Іскерлік ойын сабақтары өткізу технологиясы үш кезеңнен тұрады. Қолданбалы экономикалық керемет бөлігінің бірі- оқушылардың жеке бизнесінде жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін «Мектеп компаниясында» практика жұмыстары зерттеледі. Қорыта айтқанда, сабақты жоспарға негіздеп, жаңашыл әдістермен жүргізу тиімді, яғни сабақты бір тип бойынша қалыптастыруға болмайды, оған заман талабына байланысты технологиялық әдістерді пайдаланып қызықты және жан-жақты тәсілімен өткізе алсақ, болашақ ұрпақтың білімді болатынына сенемін.

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше