Сабақ тақырыбы: Сақтар тарауын қайталау

Қарағанды қаласы № 68 МИББ кешені

Тарих пәнінің мұғалімі Жилкибаева Марал Сапарбековна

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Күні:

Сынып:5 Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы Сақтар тарауын қайталау.

Зерттеу сұрағы: Қандай дереккөздер сақтар туралы мәлімет берді?

Есік обасынан табылған «Алтын адам» кім болды?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сəйкес) 5.3.1.1- ежелгі мемлекеттік бірлестіктердің құрылуын түсіндіру;

5.2.3.1-қазақстандық ғалымдардың археологиялық жаңалықтарын білу;

5.2.2.4- Есік обасынан табылған «Алтын адам» археологиялық олжасының ерекшеліктерін анықтау;

5.2.1.2- ежелгі тайпалардың дүниетанымын сипаттау.

Сабақтың мақсаты -Қайталау

Барлығы: Сақтар туралы жалпы мәлімет біледі:

Алтын киімді адам жайлы біледі;

Көпшілігі: Сақтардың қоғамының нешеге және не себепті бөлінгендігін талдай алады.

Есік обасының өзіндік ерекшелігін атайды.;

Кейбірі: Есік обасын зерттеу арқылы сақтардың жалпы дүниетанымын анықтайды;

«Алтын адам» археологиялық олжасының ерекшеліктерін анықтай алады;

Бағалау критерийі Тайпалық одақтардың орналасуын,бірлестіктердің құрылуын,есік обасынан табылған ескерткіштерді, алтын адам олжасын анықтайды
Тілдік мақсаттар Оба

Археология

Ханзада

Алтын адам

Есік

Аңдық стиль

Құндылықтарға баулу Елін, жерін сүюге, мәдени мұраны ерекше құрметтеуге, өмірлік дүниетанымын молайтуға баулу
Пəнаралық байланыс Дүниежүзі тарихы: Алтын киімді адамның әлемдік денгейін анықтату;

Қазақ әдебиетіндегі обалар мен балбалтастың маңызын, қазақ халқының обаларды ерекше құрметтеуіне көз жеткізу;

Бейнелеу өнеріндегі ою өрнектің өзіндік маңызын түсіндіру;

САБАҚ БАРЫСЫ
Уақыты Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері Сабақтың жоспарланғанкезеңдері: сабақтың басы Ресурстар
Минут 2

Картамен жұмыс 3мин

3мин

Оқушыларды топқа бөлу:

  1. Сақ-массагеттер: Солтүстік-шығыс Арал өңіріне жартылай отырықшыЖетіасар археологиялық мәдениетін құрған ежелгі қаңлылар қоныстанды.Қола дәуірінің соңында қаңлы,аорс,дах тағы басқа да Сырдың төменгі ағысынан Үстіртке дейін жайлағантайпалар ірі массагер бірлестігін құрды.
  2. сақ-исседондар: Орталық Қазақстанды исседондар мекендеді
  3. Аргипейлер мен аримаспылар: Алтай мен Оңтүстік-батыс Сібір жазығынаримаспылар менаргипейлер мекендеген.

Үш топқа бөлініп,картаға орналасқан жерін айтып тұрып белгілейді.

Бағалау: Бас бармақ әдісі.

Нәтижелер рамкасы

Оқушылар сабаққа мақсат қояды

Таратпа түрлі түсті стикер қағаздар

(қызыл,ақ,сары)

карта

Минут 10

Қорғауға 5мин

23мин

3мин

3мин

5мин

Сабақтың ортасы

Мақсат: сақ ескерткіштерінің аймақтық кеңістігін нақты біле отыра, деректердегі мәліметтерді қайта еске түсіріп санасына сіңіру.

«Фрайер моделі»

Ітоп: Анымтама-Сақтар туралы анықтама жазады.

ІІтоп- (фактілер): Жылдар,ғасырлар,факт,цифра.

ІІІ топ-(дерек көздермен жұмыс)Сақтар туралы қандай жазбаларда кездесетінін табады.

Бағалау: жапон әдісі

Мақсат: жұппен талқылау дағдысы арқылы өзіндік пікір қалыптастыру;

Жұп болып талқылаңыз:

  1. Сақтар парсылармен қандай қарым қатынас жасады?
  2. Сақ қоғамының негізгі айырмашылығын атаңдар.
  3. Алтай мен Солтүстік Қазақстан археологиялық ескерткіштерініңайырмашылықтары қандай?
  4. Б.з.б 5-3ғ Оңтүстік және Орталық Қазақстан сақтарында алғашқы мемлекеттік құрылым болғанын дәлелдейтін деректер келтіріңдер.

Бағалау: Екі жұлдыз,бір тілек

Жеке жұмыс:

Мақсат: Оқушылардың материалды қаншалықта меңгергендігін анықтау.

(Орындықтың артына көрсетпей стикер жабыстырамын,сол оқушылар айтатын болады.)

Шындық-Жалған әдісі

Шындық:

Сақ тайпасында билік мұрагерлік жолмен берді.

Сақтар мәдениетінде аңдық стиль қалыптасты.

Есік қорғанының құнды жаңалығы Алтын адам.

Жалған:

Сақ заманында жаугершілік болмаған.

К.Ақышев өз археологиялық зерттеулерін 1960 ж жүргізді.

Сақ қоғамы 5 топқа бөлінген.

Бағалау: Жапон әдісі

Мақсат: тарихи жәдігерлермен жұмыс жүргізе отыра, жүйелі ойлауға дағдыландыру;

Жәдігерлер сөйлейді әдісі: аукцион түрінде оқушы өз жәдігерін жарнамалауға тырысады. Толық мазмұнды мағлұмат беруі тиіс.

  • Бас киімі
  • Камзол
  • Белбеуі

Бағалау: екі жұлдыз,бір тілек

22-28 парагроф оқулық

Таратпа қағаз

суреттер әр топқа таратылады.

Минут 2

2мин

1мин

1мин

Сабақтың соңы

Жалғасын тап… әдісі арқылы

1.1970 жылы профессор……….бастаған археологтер алғаш рет тоналмаған сақ көсемінің жерлеу орнын тапқан.

2. Ғалымдар қайтыс болған адамның жасы ……болғанын анықтаған.

4. Осы жерден сабында аққұтанның басы бейнеленген күміс қасық……….

5. Есік обасы б.з.б. ………ғасырға жатады.

6. Тас қоршау бағандармен (менгир)қоршалған көсем обаларымен қатар……………..обалары да орналасқан.

7. Оңтүстік қабырғаға жақын ағаш ыдыстар…….қойылған.

8. Бас жағындағы алтын жалатылған тостағанда сиқырлы ……….. қапсырмалар жатты.

Бағалау: жапондық әдіспен бағалау

Қорытындылау: Нәтижелер рамкасын оқу; мақсатына жетті ме?

Бағалау: бес бармақ әдісі

Үйге тапсырма: Бүгінгі күнде Қазақстанда жалпы қанша Алтын адам табылды?

Оқулық 74 бет
Саралау – Сіз қандай тəсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? Денсаулық жəне қауіпсіздік техникасын сақтау
Саралап оқыту әдісінің тапсырма,дереккөздермен жұмыс, қарқын, қорытынды, диалог және қолдау көрсету әдістері қолданылды.

Қабілеті жоғары оқушылар:

-Топты ұйымдастырады

-Тапсырмалар орындау барысында белсенділік танытады,

-Үй тапсырмасын тексеру барысында берілген Қазақстандық ғалымдардың археологиялық жаңалықтары деген тақырыпта «неліктен»сұрағына ауқымды дәлелдермен жауап береді.

Саралау:

-Үй тапсырмасын орындауда «Қайда,неге» деген сұрақ қолдауды қажет ететін балаларға беріледі.

-Мәтінмен жұмыс кезінде оқушыларға фактілермен жұмыс жүргізу қолдауды қажет ететін оқушыларға беріледі.дереккөздкрмен жұмыс және қарама-қайшы ойлар тапсырмасын деңгейі жоғарылау оқушылар белсене қатысады.

-Жалғасын тап әдісі бойынша сабаққа қолдау қажет ететін оқушыларды қатыстыруға болады.

551 әдісі мен 515 әдісінде оқушылар деңгейіне қарай дайындайды.

Ынталандыру,қолдау көрсету,өзара бірін-бірі бағалау,

Әр түрлі тапсырма беру барысында кері байланыс орнату.

Тапсырмалар беру арқылы өзіндік ой,пікір қалыптастыру.

  1. Үй тапсырмасын қайталау- Бес саусақ әдісі
  2. Мәтінмен жұмыс

Есік обасы «Фрайер моделі» Бағалау:(үшсаусақ,бір жұдырық әдісі бойынша)

  1. Жәдігерлер сөйлейді әдісі: Бағалау: бес саусақ әдісі бойынша
  2. Сабақтың соңында «Жалғасын тап» әдісінде оқушыларды «Жапондық әдіспен» бағалау» әдісін қолдандым.
  3. 515 әдісі және 5-5-1 әдісінде бағалаудың бес бармақ әдісімен бағаладым.
Оқушылардың сабаққа даярлығын, парталардың дұрыс орналасуын қадағалап, АКТ ны қолдануда қауіпсіздік ережесін сақтау.
Сабақ бойынша рефлексия Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.
Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма жəне неліктен?

Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нəрсеге назар аудару қажет?

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше