Бастауыш сынып оқушыларының технология сабағын да шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары
Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы,
Әл-Фараби атындағы жалпы орта мектептің технология
пәнінің мұғалімі Құмарбекова Ұлжалғас
Шығармашылық- бұл адамның өмір шындығына ұмтылуы, ізденуі. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып,олардың өшуіне жол бермеу оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын таба білуге көмектеседі. Адам өзін-өзі жетілдіруге де, сонымен қатар өзінен-өзі жойылуға да қабілетті. Бүгінгі таңда мәдениетті, терең рухани, адамгершіл қасиетті құндылықтарға көзқарастың қалыптасқан жүйесін, ұстаздың өзінің шәкіртінің шығармашылық деңгейінің дамуына қызығушылық танытуын, инновациялық іс-әрекеттерге қабілеттілігін, кәсіби белсенділікті қамтамасыз етуді талап етеді. Технология сабақтарында түрлі жаңа технология әдістерінің элементтерін қолдана отырып сабақ беру, мұғалімнің шеберлігіне келіп тіреледі. Мұғалім жаңа технологияны қандай дәрежеде меңгерсе, сабақ нәтижесінің де деңгейі сондай болары анық. Білім беру саласында болып жатқан өзгерістер, білім беру мақсаттарының алмасуы, оның дамытушылық сипаттарының бекітілуі, жаңартылған білім беру саласына көшу сияқты мәселелер орындаушылардан шығармашылық бастамалық, жөні бөлек көзқарастарды, жұмыстың жоғары сапасын және кәсібилікті талап етеді.
Баланы бастауыш сыныптан бастап шығармашылыққа ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға тәрбиелеу қажет. Шығармашылық- бүкіл тіршіліктің көзі. Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын, құралдарын анықтау психология мен педагогикада ертеден зерттеліп келеді.
Шығармашылық қабілетті дамытудың басты шарттарына төмендегі сатыларды жатқызуға болады:
1.Шығармашылық қабілет деңгейін анықтау (топта,қалыптастыру барысында)
2.Қызығушылық және шығармашылықпен таным белсенділігін арттыру.
3.Оқушы мүмкіндігіне сай шығармашылық тапсырмаларды орындату.
4.Шығармашылық қабілетті арттыру барысында кездесетін қиындықтар мен қарама-қайшылықтарды есепке алып зерттеу.
5.Оқушының шығармашылық қабілеттерін кезең бойынша сатылап дамыту.
6.Жеке тұлғаның қабілеттерін қалыптастыру үрдісін тәжірибе негізінде жинақтау, зерттеліп отырған мәселенің өсу динамикасын бақылау.
7.Мұғалім өз ісіне ізденімпаздықпен қарап, сабақты шығармашылықпен өткізу керек.
Алдымен мұғалім “қабілет” ұғымының мәнін терең түсініп алу қажет.
Қабілет:
– білім алуға қажетті адамның психологиялық ерекшеліктері.
– талаптарды қанағаттандыратын және үлкен жетістіктерге жеткізетін адамның қасиеттерінің синтезін айтады.
– іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай, нәтижелі орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті.
-жеке адамның психологиялық айырмашылығы.
– білім – білік жиынтығы, оларды қолдана білудегі дербестік, саналылық, шығармашылық. .
Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалылығын тәрбиелеу үшін, ең алдымен оқушылардың қызығушылық туғызатын шығармашылық жұмыстар ұйымдастырудың маңызы зор.Тәжірибемде көп қолданатын жұмыстың бірі- МҮСІНДЕУ. Оқып отырған шығармадағы өзіне ұнаған кейіпкерлердің мүсінін жасатқызу арқылы оқушыларды шығармашылық әрекеттің құмарту, қиялдау, идеяның жарқ ету, интуиция, шабыт сияқты кезеңдерін бастан кешетіндей жағдайға әкелуге болады. Бұл жұмыстарды топтарда ұйымдастырған қолайлы. Шығарма ең алдымен оқылады, бөліктерге бөлінеді. Сосын бір үзіндіні композиция түрінде ермексаздан бейнелеу тапсырылады. Жұмыс аяқталған соң, әр топ өз композициясы арқылы не айтқылары келгендерін түсіндіріп береді. Бұл жұмыстар баланың шығармашылығын дамытып, оның мінез-құлқын, жаупкершілігін тәрбиелейді. дың шығармашылық қабілеттерін дамытудың мәні зор.
Сабақ құрылымына шығармашылық пен зерттеуді ендіру және қолдана алу әр мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Бастауыш сынып оқушысы ермексаз тәріздес, қандай пішінге келтірсең сол қалыпта ары қарай орта буынға кетеді. Баланың шығармашыл не болмаса қалыпты, басқалардан ешбір айырмашылығы жоқ тұлға болары біздер, бастауыш сыныпқа сабақ беретін мұғалімдерінің қолында.
